131
көптің айтқанына қарап емес, өзі танып айтқан ақылды
адамның әрекеті жайында болып тұр: «
Ақылды қара қылды
қырыққа бөлмек,
Әр нәрсеге өзіндей баға бермек. Таразы да,
қазы да өз бойында, Наданның сүйенгені көп пен дүрмек».
Міне, кәнігі фразеологизмнің өлеңдегі қолданысында пайда
болған бұл жердегі өзгерісі ақынның айтпақ идеясын (ойын)
дәл әрі әсерлі етіп беру үдесінен шыққан.
Образды күштірек, әсерлірек етіп шығару үшін ақын бір
фразеологизмді қатарынан екі рет жұмсайды, бірақ құрылым-
дарын сәл өзгертіп береді. Мысалы, нәзіктік образын айту
үшін Абай: «
Тал шыбықтай оралып, Гүл шыбықтай бұралып
»
деген өлең жолдарында
тал шыбықтай бұралу
деген кәнігі
фразеологизмді
тал жібектей оралу
және
гүл шыбықтай
бұралу
деп екі вариант етіп келтіреді. Осы арқылы қыз нәзіктігі
күшейтіліп суреттеліп тұр.
Абайда трансформацияланған (өзгертілген) фразеологизм-
дердің көбі ғылым тілінде, контаминация деп аталатын өзге-
рістерге ұшыраған тіркестер болып келеді. Мұнда кәнігі
фразеологизмдердің құрамындағы сөздер алмасып қолданы-
лады. Мысалы, Абайдың
Достарыңызбен бөлісу: