133
«алаң болу, қам жеу» деген реңк басымдау да,
уайым жеу
де-
генде нағыз «қайғыру» мағынасы күштірек сезіледі. Мысалы:
«Бес нәрсеге асық бол, Адам болам десеңіз. Тілеуің, өмірің
алдыңда, Оған
қайғы жесеңіз
»
дегенде
қайғы жеу
тіркесі
«адам
болам деп ойласаңыз, қам жесеңіз» дегенді білдіріп
тұрғаны даусыз, ал Әбдірахман науқастанып жатқанда жазған
өлеңінде: «
Уайым жеуліміз,
«А, Құдай!» деуліміз,
Жазылып
келсеңіз» десе, мұндағы
уайым жеуліміз
«қайғырудамыз, зар
илеудеміз» дегенді білдіреді.
Тілдің адам сезімін жеткізудегі құдіретін, әрбір сөздің сырт
көзге байқалмас мүмкіндігін сезу – тіл сырын түсіне білген
қас шебердің ғана қолынан келетін іс.
Бір қарағанда еш ай-
ырмасы жоқ, ана вариантын да, мына вариантын да қолдана
беруге болатын сәттерге жақынырақ қарап,
назар аударсақ,
Абайдың тілге келгендегі ғажап сезімталдығын көреміз.
Бұл орайда Абайдың әрбір қолданысын: сөзін, сөз тіркесін,
сөйлемін, өлең құрылымын, ұйқасын, ырғағын т.т. жеке-жеке
талдасақ,
көп нәрсені көрер едік, поэтикалық тілге қатысты
бірқатар теориялық мәселелерге барар едік. Әрине, бұл –
бірер зерттеудің, бірер зерттеушінің жүгі емес. Және мұндай
талдаулардың қыры да (ғылыми аспектісі) әр алуан болмаққа
керек. Сондықтан ұлы Абай қалдырған тіл жұмсау, тіл өрнегін
салу үлгісін (тәжірибесін) талдап-таныту – әрі қарай жүргізіле
беретін, ғылымның арнайы бір
тармағына айналатын жұмыс
деп ойлаймыз. Бұл кітаптағы біздің ізденістеріміз осынау
үлкен шаруаның бір тармағы ғана.
Фразеологизмдердің құрылымдық өзгерістерін зерттеуші-
лер оларды бірнеше топқа бөліп қарастырады. Бұлардың бір
тобы – трансформацияланған тіркестер. Бұған құрамына басқа
сөздер қосылған түрлері жатады. Мысалы,
Аллаға (Тәңірге)
жазу
деген
тіркесті Абай
Аллаға неден жаздың
деп келтіреді.
Сары алтын
фразеологизмі – тұрақты тіркес, мұндағы
сары
–
«нағыз, қымбат, жоғары пробалы» деген мағыналы сөз. Осы
тіркеске
самородный
деген орыс сөзін қосып, «шынайы, нағыз
алтын» деген ұғымды одан сайын күшейтіп тұр.
Дүниені ай
-
налу
фразеологизмі «көп жерді кезу» деген мағынаны берсе,
134
оны Абай
дүниені үш айналу
деп, сөз қосып қолданғанда, бұл
мағынаны одан сайын күшейтіп, «бүкіл жер-көкті шарлау» де-
ген мәнде жұмсайды.
Фразеологизм құрамына сөз қосу – жалпы тіл тәжірибесінде
аса өнімді құбылыс емес, өйткені фразеологизмнің өзі – артық
сөзді көтермейтіндей дәрежеде ықшамдалып, «етек-жеңін
жинап алған» құрылым, сондықтан
өлең тілі сияқты ерекше
жағдайда болмаса, өзге тұстарда фразеологизм құрамына
қосымша сөз қосу әрекеті бола бермейді. Ал өлең сөзде фра-
зеологизмнің мағынасын не дәлдей, айқындай түсу үшін, не
күшейте түсу үшін, не өлең техникасының қажеттігін өтеу
үшін, қысқасы, осылар сияқты стильдік мақсатпен қосылады.
Айталық,
біреудің
Достарыңызбен бөлісу: