т-д, с- ш- з, б-п, қ-к, ғ- г, а-ә, ұ-ү, ы- і, о-ө сияқтылар.
Мысалы, Абайдың
Түзу кел, қисық, қыңыр, қырын келмей деген өлең жолында
қ-к дыбыстарынан басталатын сөздер
шоғырланған.
Аллитерация мен ассонанс тәсілі тек өлеңнің музыкалы,
үнді болып шығуы үшін ғана емес, белгілі бір стильдік мақ-
сатпен де қолданылады, олар экспрессивтік жүк арқалап
тұруы мүмкін. Мысалы, Мұхтар Әуезов сияқты сөз құдіретін
көрсете білген шебер жазушы «Қарагөз» трагедиясында Сы-
рым «Қарагөз ғашықтық дертінен жынданыпты» дегенді
естігенде айтқан монологін бергенде, тексті аллитерация мен
ассонансқа құрады, оларды кейіпкердің жан дүниесін көрсе-
туге жұмсайды, Сырымның сүйгенінен айырған күшке деген
лағынетін, Қарагөзге деген асқақ сезімін білдіруге пайдала-
нады: Сырым мен Қарагөздің қосылуына олардың бір рудың
жеті атаға жетпейтін Өсер
деген бұтағынан туғандығы бөгет
болған, екеуі де алты атадан қосылатын Өсерден өрбігендік-
тен, бір-бірін сүюге де, қосылуға да құқықтары жоқ, шариғат
қосса да, ата-баба заңы қоспайды, сондықтан Сырым осы
заңға лағынет айтады, оған Өсер деген ата атауы сол заңның
өзі болып түрпідей естіледі:
Лағынет, лағынет болсын саған, Ө сер аулы! Ө сер... Ө сер... Не ес ер? Тек з ұлымдық өс ер нө с ер болып с енен. С ор ө сер, ар өше р !.. Ө скенде тек з ар ө сер, ө се