Ген кәнігі эпитеттің үстіне жапырағы қуарған



Pdf көрінісі
бет70/259
Дата30.01.2023
өлшемі6,92 Mb.
#166770
1   ...   66   67   68   69   70   71   72   73   ...   259
Байланысты:
Кітаптар 25-36

Өлсе өлер 
табиғат, адам 
өлмес... 
Тәңірі сақтар 
табандап, тап 
ұрса 
да... 
Сендіре 
алмай, 
сене 
алмай, сенделеді... 
Сүйсіне 
ал-
мадым, 
сүймедім, 
Сүйегім жасып сор қалың. 
Сүйісіп 
саған 
тимедім, Бола алмадым сенің жарың... 
Өлейін 
деп 
өлмейді 
өлерлік 
жан, Әсте 
өлмесін 
білгендей қылық қылған...
Етістік түбірінің әртүрлі тұлғада қатар қолданылуы – қазақ 
тілінде ертеден бар амал: 
айтса айтсын, айтты-айтпады
айтып-айтпай не керек, айтқаны айтқан 
т.т. Мұндайда түбір 
сөздің мағынасы жалпылық пен 
(айтса) 
нақтылықтың 
(айт
-
сын) 
семантикалық оппозициясы арқылы күшейтіледі. Абайда 
өлсе 
(әйтеуір жалпы өлетін болса) мен 
өлер 
(нақты табиғат), 
өлмес 
(нақты адамзат) сөздері дәл осындай тұлғалар арқылы 
мағыналық-грамматикалық оппозиция жасап барып, 
өлу 
деген 


160
етістік түбіріне ой екпінін аударып тұр. Ал көп ретте түбірлес 
етістіктердің қатар қолданылуы сол түбір сөз білдіріп тұрған 
идеяның мағынасын күшейтетін стильдік қызмет атқарады. 
Мысалы: 
сендіре 
алмай, 
сене 
алмай... 
сүйсіне 
алмадым, 
сүймедім...
Түбірлес сөздерді қатар келтіру амалы өлеңге ерекше саз 
береді, бірақ бұл тәсіл Абайға дейінгі қазақ поэзиясы тілінде 
сирек қолданылған. Онда да көбінесе 
сөз сөйлеу (Сөз сөйлесе 
жөн болып, Не десе де жарасар – Асанқайғы), 
той тойлау 
(Торы төбел ат мініп, 
Той тойлаған 
өкінбес – Доспамбет), 
тілек 
тілеу (Тілекті 
бірге 
тілеген 
Малымды достан аяман – Шал-
киіз, Бірінші 
тілек тілеңіз 
– Бұқар), 
ұйқы ұйықтау 
(Қайғысыз 
ұйқы ұйықтатқан 
ханым-ай! – Бұқар) сияқты есім, етістік 
болып келетін түбірлестер мен бір сөздің екі тұлғада қалып-
тасуынан пайда болған варианттардың қатар келуі ғана 
кездеседі. Мысалы, Қазтуғанда: «
Қаһарланып, қарланып, 
Қай-
ран ер қарт күреңге мінбей ме!» дегенінде арабтың 
қаһар
деген бір сөзі әрі түпнұсқаша 
(қаһарланып), 
әрі «қазақша» 
(қарланып) 
қатар қолданылған. Бір етістіктің екі-үш түрлі 
тұлғада келіп қайталаулары да ақын-жыраулар поэзиясынан 
көп болмаса да ұшырасып отырады: Айдын 
шүйсең, 
тарлап 
шүй. 
Жауға 
кисең, 
берен 
ки 
(Шалкиіз).
XV-XVIII ғасыр ақын-жырауларынан сүзіп алғанда тапқан-
дарымыз жоғарыда талдаған мысалдардан басқа: «
Жарық- 
шылар 
жоқ па екен, 
Жармай 
білте саларға» (Доспамбет), 
«
Жебелей жебе 
жүгірген Ерлердің арғымақтан игі малы болар 
ма?» (Шалкиіз) тәрізді тағы екі-үш қана факт болды.
Қазақ поэзиясының Абайдың алдындағы алыптары Ма-
хамбет пен Дулаттардың өзінде түбірлес сөздердің қатар қол-
данылуы дәл Абайдағыдай өнімді де әрқилы емес. Махам-
беттегі: «
Кермиығым, кербезім, 
Керіскедей шандозым» деген 
жолдардың алғашқы екі сөзі түбірлес, бұлар екеуі қатар келіп, 
оларға аллитерация жасайтын 
керіске 
сөзі жалғасып, өте әдемі 
әуезді үн пайда болып тұр. Махамбет жырларында бұлардан 
басқа «
көз көрінім 
жер, 
күндердің күні 
болғанда, 
толықсып 
толғау толғамас... Толғамалы 
ақ мылтық, 
Толғап 
ұстар күн 
қайда» деген төрт-бес қана жерде түбірлес сөздердің қатар 


161
қолданылуы кездеседі. Бұлардың барлығы да халық тілінде 
қалыптасқан, ертеден келе жатқан тұрақты тіркестердің 
қолданылуына жатады.
Ал Дулат болса, онда да түбірлес сөздердің типтері – «
қон- 
ған қоныс 
(Ақжайлау мен Сандықтас Атамның 
қонған қоны- 
сы), қайнардан 
суық 
қайнау... 
Төрде өңшең отырған 
Топыраш, 
топас, 
күшіген... 
Өткелдектен өткенмен... Улы 
тілмен 
улату... 
Ағылайын ақпадай... 
Бежін 
ерді ерлетіп... 
Ел 
тілегін тілеген 
Ер азбайды батадан» деген сәттер ғана. Бұлардың барлығы 
да – халық тіліндегі стереотиптермен келген автоматизм қол-
даныстар.
Ал Абайда түбірлес сөздердің контекстік қолданысы, 
біріншіден, өзгеше қалыпта ұсынылған, екіншіден, бұл амал
активтенген, үшіншіден, бұл – Абайдың идиостиліне (өз қа-
ламына, сөз өрнегіне) тән поэтикалық тәсілдің біріне айналған. 
Көп ретте тілдік немесе контекстік түбірлес сөздер образ үшін 
келтіріліп, стильдік қызмет атқарады.
Түбірлес сөздерді қатар қолдану айтылмақ сөзді (ойды) 
әсерлі ететін амалдың бірі – дыбыстық қайталау тәсіліне жа-
тады. Мұнда ой екпіні сөздің түбіріне түсетіндіктен, сол сөздің 
мағынасымен қатар бейнелейтін образына назар аударылады. 
Түбірлес сөздердің қайталануы көбінесе сөз тіркестерінде 
және өлең жолдарында қолданылады. Сөйтіп, түбірлес сөз-
дердің қатар қолданылуында бірнеше мақсат көзделеді екен: 
бірі – жоғарыда айтқанымыздай, қайталанып тұрған сөз түбі-
рінің мағынасын тани түсуді көздеу. Мысалы, 
ой ойлау 
десе, 
басқаны емес, ойдың өзіне назар аударылады, екіншіден, 
түбірлес сөздер өлең жолдарында қатар келгенде көркемдік-
эстетикалық мүддеден де шығады.
Қорыта айтқанда, өлеңнің фоникалық (үндік, әуендік) 
оркестровкасы ондағы сөздердің ырғақтық-мелодикалық жа-
ғынан ұжымдасуы арқылы және дыбыстық құрамы арқылы жа-
салады. Бұл орайда дыбыстық қай-талаулардың мәні айрықша 
болып келеді. Абай бұл салада да үлкен шеберлік танытып, 
үлгі ұсынған.


162


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   66   67   68   69   70   71   72   73   ...   259




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет