ҚАРА СӨЗДЕРДІҢ ТІЛІ ҚАЛАЙ ӨРІЛГЕН?
Абайдың осы барлық қара сөз дейтін
мұралары көркем прозаның өзіне
бөлек, бір алуаны болып қалыптанған...
(Мұхтар Әуезов)
Абай прозасының тіл өрнегін әңгімелеуімізге ұлы Мұхтар
Әуезовтің мына сөзі «қамшы болды»: «Абайдың поэзиялық
мұрасына қоса қара сөздері беретін әр заманда бағасы жой-
ылмайтын бір үлкен қымбат қазына бар. Ол – Абайдың осы
қара сөзді жазған тілі
(айырып көрсеткен – біз Р. С.)» дей
келіп, әрі қарай: «Өлең сөзінде өзінің барлық шеберлігі,
жаңалығы, көркемдік таланты бойынша қазақ тілінің сапа-
сын әдебиет тілінің дәрежесіне көтерген ұлы тарихтық еңбегі
қандай болса, қара сөздерінің тілімен де Абай осындай еңбекті
біздің мәдениет тарихымызға мол сіңірді»,
41
– деп, алдыңғы
айтқандарының мән-мәнісін ашып береді.
Әр сөзіне мән беріп жазатын Мұхаңның бұл жерде қара
сөздердің өзі демей, «тілі» деуінде, біздің байқауымызша,
айрықша астар бар: мұндағы «тілі» деп отырғанының өзі
көрсеткеннен басқа және бір сыры қазақта әдебиеттің бұрын
жоқ жанрының сөйлеу мәнері (стилі) дегеннің пайда болып,
оны ұлы сөз зергерінің қалай алып кеткенін меңзегенінде
болар дейміз. Абайтанушы ғалым бұл тұста қазақтың ұлттық
әдеби тілінің тағы бір функционалдық стилі пайда болды,
оған Абай қаламының ұшы тиді деп отыр. Демек, Абайдың
прозалық туындыларының өзі де қазақ тілі үшін соны әдебиет
үлгілері болса, оның сөз өрнегі де өз алдына әңгіме етерлік
объект болып шықпақ.
Бұл әңгіме үшін алдымен «қара сөздер» деп өзіміз ат қойып,
айдар тағып алған прозалық шығармалардың өзін жақсылап
танып алсақ. Бұл мұра жайында кеңінен сөз етіп, толық баға
берген адам – Мұхтар Әуезов болатын. Ол «Абай Құнанбай
ұлы» деген монографиялық еңбегінде: «Қара сөздер» көркем
прозаның өзіне бөлек бір алуаны болып қалыптасады. Бұлар
41
Әуезов М. О.
Абай Құнанбаев. - Алматы, 1967. - 213-б.
169
– сюжетті шығармалар емес. Бұрынғы жазушылар қолданған
естегі, мемуар да емес. Стиль, мазмұн жағынан алғанда, осы
шығармалар Абайдың өзі тапқан, бір алуан көркем сөздің
түрі», – деп бағалады.
Айтпақ ойын, діттеген мұратын, арман-үмітін, толқытқан
ой-пікірін, айналасына, замандастарына деген көзқарасын –
бәрі-бәрін өлең арқылы-ақ айта алған, ақтара алған Абайдың бір
кезек поэзия әлемінен ауысып, проза дүниесіне көшуінде,
әрине, себептер бар, негіз бар. Қазақтың көз-құлағы көп жат-
тықпаған сөз айтудың бұл түріне көшуінің бір себебін автор-
дың өзі баяндайды. «Қара сөздерінің» бастамасында (1-сөзде)
бұл әрекетін былайша түсіндіреді:
«Ер ортасы жасқа келдік, қажыдық, жалықтық... Ал енді
қалған өмірімізді қайтіп, не қылып өткіземіз? Соны таба алмай
өзім де қайранмын.
Ел бағу? Жоқ, елге бағым жоқ... Мал бағу? Жоқ, баға ал-
маймын. Балалар өздеріне керегінше өздері табар... Ғылым
бағу? Жоқ, ғылым бағарға да ғылым сөзін сөйлесер адам жоқ.
Білгеніңді кімге үйретерсің, білмегеніңді кімнен сұрарсың?..
Софылық қылып, дін бағу? Жоқ, ол да болмайды, оған да
тыныштық керек... Балаларды бағу? Жоқ, баға алмаймын.
Бағар едім, қалайша бағудың мәнісін де білмеймін, не болсын
деп бағам, қай елге қосайын, қай харекетке қосайын?..
Ақыры ойладым: осы ойыма келген нәрселерді қағазға жаза
берейін, ақ қағаз бен қара сияны ермек қылайын, кімде-кім
ішінен керекті сөз тапса, жазып алсын, я оқысын, керегі жоқ
десе, өз сөзім өзімдікі дедім де, ақыры осыған байладым...»
Әрине, сырт қарағанда, автордың осы дәлеліне-ақ ден қоюға
болады, ал шын мәнінде, Мұхтар Әуезов дәл танығандай, Абай
өзінің өлең сөздерінің көбі оқушы мен тыңдаушыларына үнемі
түсінікті болмайтындай көреді, мұны ақынның өзі өлеңдерінде
бір емес, бірнеше рет айтады:
Осы елде бозбала жоқ сөзді ұғарлық,
Үзілмес үмітпенен бос қуардық...
Немесе:
Тыңдағыш қанша көп болса,
Сөз ұғарлық кем кісі...
170
Сондықтан өлеңдерінде айтқан кейбір ойларын қайталап,
қара сөзбен таратады. Өлеңдерінің әңгіме өзегі болған кейбір
ой-толғамдарын, әсіресе адам баласының ұнамды-ұнамсыз
қылықтары туралы білген-түйгенін жаңа үлгіде айтқысы
келеді.
Абай мұрасын сан рет көшіріп, сақтап бізге жеткізген
Мүрсейіт Бікеұлы, Жандыбайұлы, Уақбайұлы т.б. өздерінің
дәптерлеріндегі бұл жазба дүниені «Ибраһим Құнанбай ұғлы-
ның ел мінездерін ақын айтып жазған насихат сөздері» деп
атайды. Ал «ел мінезі» деп отырғандары – «әділет, ақтық, тура-
шылдық, ғылымға құмарлық, еңбекті бағалағыштық, шын-
дықты сүйгіштік және аярлық, бәле құмарлық, мақтаншақтық,
мансапқорлық, өтірік-өсекке құмарлық, еріншектік» сияқты
адам баласының, оның ішінде замандастарының мінез-құлық-
тары мен қадір-қасиеттері. Бұлардың бәрі, сайып келгенде,
ағартушылық, тәрбиелік мақсат көздейтін, адамгершілікке
үгіттейтін әңгімеге апарады.
Абайдың прозалық шығармалары тұңғыш рет ақын мұра-
сының 1933 жылғы басылымында «Ғақлия сөздері» деген
атпен жарық көрді. Бұған дейін бірнеше қолжазба күйінде сақ-
талып келгенін білеміз. Кейінгі басылымдарда бұл туынды-
ларға «Қара сөздер» деген ат қойылғаны және мәлім. Мұхтар
Әуезовтің шамалауынша, бұл шығармалар 1890-1898 жылдар
арасында жазылған.
«Қара сөздерді» көлемі жағынан шағын-шағын 46 бөлек
шығарма құрайды. Олардың жанрлық сипаты да әртүрлі:
көбі публицистикалық туындылар, 46-сөз деп берілгені
білім-таным үлгісіндегі тарихи очерк, 25-сөз Сократ пен
Аристодимнің әңгімесі деп берілген үлгі-өсиет, 5-сөз – мақал-
мәтелдерді талдаған филологиялық этюд, 37-сөз – афоризмдер
жиынтығы, 7-сөз – психологиялық тақырыпты қозғаған этюд
іспетті, 43-сөз – философиялық толғаныс, 38-сөз – дін, мораль
мәселелері жайындағы ой-пікірлері болып келетін ғылыми-
публицистикалық еңбек деп ажыратып жүрміз.
Ұлы ақын қаламынан туған бұл прозалық үлгілер жайында
әр қилы пікірлер болып келді. Кейбір әдебиетшілер мен тіл-
шілердің арасында Абайдың «Қара сөздері» көпшілікке
171
ұсынылмаған, өзі үшін жазған, сондықтан оның көркемдігіне,
тіліне зер салмаған деген сөздер болып келді. Ақын шығар-
машылығын ғылыми тұрғыдан терең зерттеген М. С. Сильчен-
ко сияқты ғалым: Абай прозасын жарыққа шығаруға ниеттен-
беген, «бас-аяғы бүтін шығармалар» етіп жазуды ойламаған,
«Қара сөздер» – ақынның қойын дәптері («записные книжки»)
дегенді айтады. Солай дей тұра бұл зерттеуші оларды өз алды-
на әдеби құндылығы бар ғылыми-публицистикалық сипаттағы
шығармалар деп таниды
42
.
Ал, дұрысында, «Қара сөздер» ең алдымен, «ақын лаборато-
риясында жатқан шикізаттар» немесе өзі үшін ғана жазылған
қойын дәптер емес екендігін дәлелдеуге әбден болады. Оның
шикізат-черновик еместігін таза варианты жоқтығы дәлелдейді.
«Қара сөздер» – автордың өз қолымен жазылып жеткен авто-
граф емес, өзгелер көшірген текстер және ол көшірмелер бір-
біріне дәл түсетін, өзгеріссіз нұсқалар болып келетіндігін де
ескерсек, «Қара сөздерді» автор өзі үшін емес, өзгелер үшін
жазғандығы көрінеді. Мұны әрі қарай дәлелдейтін фактілер де
бар. Өлеңдері сияқты, ақынның «Қара сөздері» де қолжазба
түрінде тарағанын білеміз. «Қалай да соңғы 10-15 жыл ішінде
Абай осы сияқты жаңа жанрды туғызып, соған кейде өлеңнен де
көп уақыт бөледі. Бұл кездерде Абай сөзін қадірлі көріп, әрбір
шыққан жаңа өлеңдеріне ынтық болып отырған ел оқушылары
«Қара сөздер» шыға бастағанда, мұны өлеңнен кем көрмейтін
болады»
43
.
Абай бұл шығармаларын жай оқып шығу үшін ғана емес,
шәкірттерге оқыту үшін де жазған тәрізді. Бұл ретте Уәсиланың
естелігі біраз мәлімет береді. «Уәсила Абай қызының есте
қалғандарынан» деген қордан үзінді келтіріп көрейік: «Әлі
есімде, бір күні біздің оқып отырған үйімізге әкем келді.
Әдеттегідей бәріміз орындарымыздан тұрдық. Әкем айна-
ла қарады да: Отырыңдар! – деді. Біз отырып жайғасқан соң,
молдаға қарап:
– Балаларға мына бір кітап әкелдім, осыны көшіріп,
көбейттіріп, бала басына бірден таратып бер. Бүгіннен бастап
осы кітапты қоса оқыт!– деді.
42
Сильченко М. С.
Достарыңызбен бөлісу: |