174
тайды. Публицистикалық жанрда деп тапқандары – 1, 2, 3, 14,
24, 26, 29, 33, 41, 42-сөздері және «Біраз сөз қазақтың қайдан
шыққаны туралы» деген шығармасы. Қалғандары прозаның
өсиет ғақлия (поучительные рассуждения) тасдиқ (утвержде-
ние), нақыл, тұспал сөз, кеңес, әңгіме (беседа), көркем проза
элементтері бар түрлеріне жатады деп бөледі. Бірақ автор ай-
та-айта келе: «Абай прозасында публицистика сарыны басым»,
– деп түйеді
46
. М. С. Сильченко: «Қара сөздер» көркем прозаға
жата алмайды, өйткені бұл «Сөздердің» әрқайсысында бірнеше
жанрдың элементтері бар», –
дей келе, олардың бірқатарын
публицистикалық сипатта, ғылыми проза стилінде жазылған
шығармалар деп табады
2
.
Абайтанудағы орны ерекше зерттеуші Мұхтар Әуезов те
Абай прозасының жанрлық сипаты туралы: «Жалпы алғанда,
Абайдың осы «Қара сөз» дейтін
мұралары көркем прозаның
өзіне бөлек бір алуаны болып қалыптасады...», – дегенінде,
біріншіден, Абай прозасының көркемдік құндылығын көреді,
екіншіден, таза көркем проза жанрына жата алмайтын «өсиет-
толғауларын» басқа бір жанрда жазғанын атайды. Басқа жанр
дейтініміз – публицистикалық жанры ма, ғылыми-баяндау
жанры ма, немесе тағы басқасы ма – ол Абай прозасының
жанрлық ерекшеліктерін жан-жақты
зерттегеннен кейін
тұжырымдалатын жайт екендігі білінеді.
Абай өзінің прозалық мұраларымен, сөз жоқ, қазақ әде-
биетінде бұрын болып көрмеген соны жанрларды бастады.
Ол Ыбырай Алтынсарин новеллаларымен бірдей емес, бірақ
мұнда көркем прозаның элементтері мүлде
жоқ деп айтуға
тағы да болмайды. Адамның жақсы-жаман мінез-құлықтары
туралы жазған «Сөздері», Мұхтар Әуезов айтқандай, үлкен бір
көркем повесть не романдағы кейіпкердің толғана сөйлеген
монологі бола алмайды деп кім таласар еді. Монолог –
«Сөздерге» әсіресе «Осы ақылды кім үйренеді, насихатты кім
тыңдайды?», «Біреулер Құдайдан бала тілейді, ол баланы не
қылады?», «Тірі адамның жүректен аяулы жері бар ма?» де-
ген сияқты сұрақтардан басталатын, күңіреніп отырып қойған
өңкей риторикалық сұраулы сөйлемдерден тұратын «Сөздерін»
46
Сүйіншәлиев X.
Абайдың қара сөздері. - Алматы, 1956. - 150-б.
175
жатқызуға болады. Сократ хакімнің сөзі (27-сөз)
мен Ақыл,
Қайрат, Жүрек – үшеуін айтыстырған 17-сөзі – нағыз көркем
проза стилінде жазылған шығармалар.
«Қара сөздердің» көпшілігі қоғамдық-публицистикалық
және ғылыми баяндау стилінде жазылған деген пікірді біз де
қуаттаймыз, оларды көпшілікке арналған публицистикалық
мақалалар, эсселер, очерктер деп тануға болады. Бұлардың
сөз ететін тақырыптары да публицистикалық туындыларға
сыйымды: прозашы Абай 6, 8, 9, 10, 14, 23, 26, 29, 33, 39, 40,
41, 42, 43-сөздерінде «ел мінездерін»
сөз етеді, адамгершілік
моральды үгіттейді (14-сөзде), адамды бұзып аздыратын салт-
тарды көрсетеді (33-сөзде), елді тағылым-тәрбие түзер еді,
ол жоқ дейді (41-сөзде), еңбексіздікті, жатыпішерлікті сынай-
ды (42-сөзде). Ал публицист Абай 12, 13, 27, 35, 38, 45-сөз-
дерінде дін мен мораль тақырыбын қозғайды. Абай дінге
адамгершілік моральдың, тәрбиенің құралы деп қарайды.
Мұсылманшылықтың өзіндік үгітін айта отырып жеткізбегі –
адамгершілікке шақыратын ақыл сөздер.
Қысқасы, «Қара сөздер» – Абайдың қай тақырыпты қозғаса
да, түгелімен дерлік ағартушылық идеясын ұсынған, мораль-
мен тәлім-тәрбие жайындағы ой-толғамдарын баяндайтын
публицистикалық шығармалары.
Сонымен қатар бұл туын-
дылар тілі мен стилі жағынан толыққанды шығармалар
екенін баса айтамыз. Олардың көбі – дидактикалық әңгіме,
философиялық толғаныс, психологиялық, филологиялық этюд
болып келетін публицистикалық жанрдағы соны бастама-
лар, тарихи очерктердің алғашқы ұлттық тілдегі үлгісі. Ұлы
Абайдың сан қилы еңбегінің бір қыры да – осы жерде.
Енді Абай прозасындағы стильдік белгілер қандай және
оның көркемдік өрнегін көруге бола ма деген сауалдарға жауап
ізделік.
Өлеңдерінің идеясы қалың
оқырман мен тыңдаушыларға
жетпей жатыр-ау деп күмәнданған ақын сол ойларын бар-
ша жұртқа түсінікті қарапайым тілмен айтып бергісі келген
дедік. Бұл ойларын баяндауда таңдаған мәнері – оқырманы-
мен әңгіме-дүкен құру екенін Мұхтар Әуезов жақсы көрсет-
кен. Бетпе-бет отырып әңгімелесу
стилін қалағандықтан,
176
«Қара сөздердің» тексінде ауызекі сөйлеу нормалары: дау-
ыс ырғағына құрылған сөйлем түрлері, тыңдауға жағымды
ұйқасты сөздер мен ырғақты қатарлар көзге түседі. Мысалы,
1-сөзінің өзінде-ақ интонацияға құрылған, яғни
ауызша айтып,
құлақпен тыңдауға лайықталған сөз орамдары бар. Жоғарыда
осы шығармадан келтірілген текстегі:
Достарыңызбен бөлісу: