181
болып және бағыныңқы компонент басыңқыдан бұрын келіп
құрылған сөйлемдер. Мысалы: «
Ақыры ойладым:
осы ойыма
келген нәрселерді қағазға жаза берейін, ақ қағаз бен қара сияны
ермек қылайын...»
Бұл сөйлемнің әдеттегі грамматикалық норма бойынша
құрылымы: «Ақыры осы ойыма келген нәрселерді жаза берейін
деп ойладым»... болуы керек. Автор басыңқы компонентті
әуелі айтып алады. Бұл тәртіп мына сөйлемдерде де анық
байқалады: «
Һәмма ғаламға белгілі данышпандар әрқашан
байқаған:
әрбір жалқау кісі қорқақ, қайратсыз тартады».
Мұның да қалыпты құрылысы: «Әрбір жалқау кісінің қорқақ,
қайратсыз тартатынын һәмма ғаламға белгілі данышпандар
әлдеқашан байқаған»... деген түрде болуға тиісті еді.
«Қара сөздерде» бұл типтес сөйлемдер 5-6 жерде кездеседі.
Абай шығармашылығы мен тіліне көп үңіліп, көптеген
құбылысты жақсы байқап, құнды пікірлер айтып кеткен
үлкен ғалым – Құлмат Өмірәлиев прозаик Абайдың осындай
құрылымды сөйлемдерін шағатай тілінің, яғни орта ғасырлар-
дан келе жатқан түркі жазба дәстүрінің көрінісі деп шамалай-
ды. Бұл дәстүрде екі сөйлемнің аралығына
Достарыңызбен бөлісу: