Ел бағу? Мал бағу? Ба
-
лаларды бағу? Ғылым бағу?
деген сөздердің сұраулы болып
тұруы морфологиялық тәсілмен емес, яғни сұраулық шылаулар
немесе сұраулық есімдіктерсіз, тек дауыс ырғағымен берілген,
ал қазір біздер олардың сұраулы тіркестер екендігін жазудағы
сұрақ белгісі тұрғанына қарап білеміз.
Мына сияқты микротекстің мазмұнын да интонация таны-
тады: «...
Өстіп,
жер жүзіндегі жұрттың қоры болып, бірімізді-
біріміз аңдып өтеміз бе?
Жоқ,
қазақ ортасында да ұрлық,
өтірік, өсек, қастық қалып, өнерді, малды түзден, бөтен жақтан
түзу жолмен іздеп, өрістерлік күн болар ма екен?
Ай, не бол
-
сын!
Бұл жердегі курсивпен теріліп көрсетілген
өстіп, жоқ
сөздерінің қыстырма элементтер екендігі және
ай, не болсын!
»
деген фразаның да сөйлеу үстінде дауыс ырғағымен берілетін
автордың күмәнін, қапалануын танытатын қыстырма екендігі
байқалады. Әрине, бұл күнде текст қағаз бетіне түскенде,
мұндай интонациялық көріністерді өзіміз тыныс белгілерімен
танытуға ұмтылғанымыз аян.
Баяндаудағы модальдық реңктерді, яғни өкінуді, сүйсінуді,
ызалануды т.б. ауызша сөйлеу үстінде дауыс ырғағы жеткі-
зетіндігін Абай жақсы пайдаланған. Модальдықты беруде тек
дауыс ырғағы емес, өзге де тілдік қосымша элементтер қаты-
сатындығын да прозаик Абай дұрыс аңғарған. Мысалы, мына
үзікке назар аударалық: «Біздің қазақтың қосқан аты алдында
келсе, түсірген балуанынн жықса, салған құсы алса, қосқан иті
өзгеден озып барып ұстаса, есі шығып бір қуанады.
Білмеймін,
содан артық қуанышы бар ма екен!
Ай, жоқ та шығар!
»
Мұндағы көрсетілген сөздердің қызметін дауыс ырғағы
білдіріп тұр: әңгімелеуші «білмеймін» дегенге логикалық
екпін (ой екпінін) түсіру үшін оны өзі қатысуға тиіс сөйлемнен
бөліп алып, сөйлемнің басына шығарады (бұл сөйлем:
Содан
артық қуанышы бар екенін білмеймін
түрінде құрылуға тиіс
177
қой), ал осы сөйлемнің қалған бөлігін сұраулы құрылым етіп
беруге де интонация қатыстырылып, мұның да модальдық
тоны (үні) өз алдына ұсынылған, яғни сұрау арқылы күмән
келтіріп, сенімсіздік білдіру реңкі ұсынылған, келесі
«ай, жоқ
та шығар!»
деген үзік сол күмәндылықты күшейткен. Мұнда
да ауызша сөйлеудің «құралы» – дауыс ырғағымен қатар,
ай
деген одағай мен
шығар
деген сұраулық элемент қатысқан. Бұл
жерде күмәндылықтың модальдық реңкін білдіруге алдымен
интонация «іске қосылып» тұрғаны даусыз.
Құрмалас сөйлем бөліктерінің арасындағы жалғаулықтар-
ды түсіріп айту да сөйлеу мәнеріне тән. Қазақ прозасында
жалғаулықтардың қолданылуы, олардың белгілі тәртіппен
нормаға айналуы – кейінгі кезеңдердің жемісі екенін білеміз.
Ауызша сөйлеу тәжірибесінде құрмалас сөйлем компонент-
терінің (жай сөйлем бөліктерінің) аралығына
өйткені (үйткені),
себебі, сондықтан, бірақ, алай да, әйтсе де, ал, және
сияқты
жалғаулық шылауларды салмай-ақ ойды білдіру дағдысы бар,
мұнда да жалғаулықтың орнына пауза (дауыс кідірісі) тә-
різді интонациялық тәсіл қолданылады. Сонымен қатар жал-
пы мұндай сөйлемдердің интонациялық суреті қалыпты
сөйлемдерден ерекшелеу келеді. Мысалы, Абай прозасында
кездесетін: «Бағар едім, [бірақ] қалайша бағудың мәнісін де
білмеймін... Жоқ, ғылым бағарға да ғылым сөзін сөйлесер адам
жоқ, [сондықтан] білгеніңді кімге үйретерсің, білмегеніңді
кімнен сұрарсың... Әрбір орынды харекет өзі де уайым-қай-
ғыны азайтады, [сондықтан] орынсыз күлкіменен азайтпа,
орынды харекетпенен азайт... Бірақ жас бала қызыл ошақтан
қорқушы еді, [ал] бұлар тозақтан да қорықпайды екен... Сон-
да өзге қазақ балаларынан артық үйренгені немене [және] ол
қай көп үйреніпті...» деген текст үзіктеріне назар аударсақ, бұл
сөйлемдердегі текше жақшаға алынған жалғаулықтар Абай
тексінде жоқ, бірақ бұл сөйлемдер ол жалғаулықтарды кон-
текске қарай қосып айтуға әбден болатындай етіп құрылған.
Бұл үлгілер осы күнде аталған жалғаулықтармен келетін
сөйлемдердің алғашқы, ауызекі сөйлеу нормасына жақындау
келетін құрылымдары деуге болады.
Әрине, Абай бұл жердегі шылауларды әдейі түсіріп,
сөйлем құрылысы қайткенде де ауызша нормамен берілуін
178
көздеген жоқ: автордың бұл жерде өз ойын ұсынудың жалпы
стилі (мәнері) осы тәртіпке әкеліп тұр, дәлірек айтсақ, жа-
зушы оқырманына тыңдаушы ретінде қарап, әңгіме-дүкен
құрудың табиғи тәсілдеріне бой ұрған. Ал табиғи түрде сөйлеу
(әңгімелеу) барысында «үнемдеу» деп аталатын тілдік заң
әрдайым күшінде болады. Сондықтан мүмкін болған жерде
тек жалғаулықтардың түсірілуі емес, сөйлемнің тұрлаулы не
тұрлаусыз мүшелерінің бірқатары жоқ толымсыз сөйлемдер
де жиі орын алады. Абай прозасынан мұны да кездестіреміз:
«Бірлік қандай елде болады –
білмейді
»
.
Мұнда ең соңғы
сөз «мұны олар білмейді» деген түрде немесе «қайтсе тату
болатынын білмейді» деген сияқты құрылымда келуге тиісті
болса керек еді. Бірақ осылайша үнемделіп, толымсыз сөй-
лем түрінде ықшамдалып келген «білмейді» деген бір сөз-
дің беретін мағынасы алдыңғы сөйлемнен шығып, түсінікті
болып тұр. Бұл жерде интонациямен айрықша бөлініп беріл-
ген жалғыз баяндауыштан тұратын сөйлем
(білмейді)
стильдік
мақсатты көздеген: осылайша құру арқылы автор жұрттың
қайтсе бірлік, татулық болатынын білмейтіндіктерін баса
көрсетуді көздеген. Бұл сипаттас құрылымдар Абай прозасын-
да едәуір: «Осы елдің қылып жүргені немене?
Екі нәрсе
»
.
Мұнда
автор «Осы елдің (яғни қоғамдағы кейбір топтардың) әуелі
ұрлық, ұрлықпен мал табу, сонан соң өзгелерді азғырып, жа-
ман іске итермелеу сияқты екі жағымсыз әрекеті («екі нәрсе»)
бар екендігіне оқырман назарын аудартып тұр. Алдыңғы мы-
салда бастауыш пен тұрлаусыз мүше айтылмай, үнемделген
болса, соңғы мысалда бастауыш айтылмай, есім баяндауыш
қана сақталған.
Келесі фактілерді талдап көрелік. «Тағдырдың жарлығын
білесіздер –
өзгерілмейді... Ойлайды
жалынтып бердім деп.
Ақымақтығынан ойлайды
»
.
Бұларда сөйлемнің қалыпты
тәртібі сақталмаған:
ойлайды
деген баяндауыш сөйлемнің ба-
сында тұр, ал ең соңғы құрылым – бастауыш, толықтауыштары
түсірілген, мағынасы тек контекстен, яғни алдындағы сөй-
лемнен анықталатын құрылым: «Олар ақымақтығынан жалын-
тып бердім деп ойлайды» түрінде айтылса, сөйлем қалыпты
нормада келген болар еді. Абайдың бұл жерде айтқысы кел-
179
гені «жүз кісіге қорғалауықтығынан жалынып малын үлес-
тіріп жүрген» байлардың осы әрекеті қайыр да емес, мырза-
лық та емес, ақылсыздық, ақымақтық екенін айту, демек,
«ақымақтығынан» деген сөйлем мүшесін бөліп алып, жеке
айту осыған логикалық ой екпінін түсіру үлесінен шығып
тұр. Мұндай құрылымдарды тек ауызша сөйлеу тәртібі емес,
жазба дүниеде де орын алатын стильдік норма деп санаймыз.
Демек, келтірілген мысалдардың барлығында да әңгіме-дүкен
құрып отырған автордың өзінің қай ойына (қай сөзіне) көңіл
аудартқысы келген мақсатына сай түскен.
Ауызша сөйлеу стиліне сөйлем компоненттерінің немесе
мүшелерінің орын ауысып келу тәртіптері де жатады. Мұның
өзі, біздің байқауымызша, екі түрлі: бірі – ауызекі сөйлеу
үстінде белгілі бір сөзге ой екпінін түсіру мақсатымен сөз
тәртібінің ауыстырылуы. Мысалы, мен айттым ғой
саған осы
-
ны
– десе, «саған осыны» деген тұрлаусыз мүшелердің баян-
дауыштан соң берілуі тыңдаушыға бір нәрсенің ескертілгенін
баса көрсету мақсаты көзделгендіктен. Ал екіншісі – нормаға
айналып, жүйелі түрде кездесетін тәртіптер. Бұлардың біріне
деп
дәнекеріне аяқталған құрылымдар жатады.
Өткен ғасырда және осы ғасырдың басында хатқа түскен
үлгілерде (текстерде)
деп
сөзіне аяқталған сөйлемдердің жиі
кездесетіндігін біз де, өзгелер де байқап, біраз талдаған бо-
латынбыз
47
.
Деп
дәнекерімен аяқталатын сөйлемдер ауыз
әдебиетінің прозалық үлгілерінде де, Ыбырай Алтынса-
рин әңгімелерінде де, аталған кезеңдердегі қазақ баспасөз
тілінде де, Абай прозасында да жүйелі түрде кездеседі. Бұл
дәстүрдің де бастау көзі ауызша сөйлеу нормасында жатқаны
белгілі. Әдетте
деп
-ке аяқталатын конструкциялар не төл сөзді
сөйлемнен, не құрмалас сөйлемдер болып келеді.
Құрмалас сейлемді
деп
-пен аяқтағанда, яғни бағыныңқы
сөйлемді басыңқыдан соң келтіргенде (дұрысы керісінше
болу керек қой) басыңқы сөйлемді әуелі айтып алып, оған
ой екпінін түсіру мақсаты көзделеді деген және бұл тәсіл
құрмалас сөйлемдердің даму барысында орын алған деген
пікірлер бар
48
. Бұл құрылым жөнінде «Абай шығармаларының
47
Сыздықова Р.
Достарыңызбен бөлісу: |