Ген кәнігі эпитеттің үстіне жапырағы қуарған


мақтанба, Орын таппай  баптанба, –



Pdf көрінісі
бет72/259
Дата30.01.2023
өлшемі6,92 Mb.
#166770
1   ...   68   69   70   71   72   73   74   75   ...   259
Байланысты:
Кітаптар 25-36

мақтанба,
Орын таппай 
баптанба, –
деген жолдардағы қаттаулы ұйқастарды 
ғылым таппай ~ орын 
таппай 
және 
мақтанба ~ баптанба 
деген сөздер жасап тұр. 
Ішкі ұйқастың бұл түрі де Абайда аз емес:
Жат айбынар 
ісі жоқ, 
Жау айдынар 
күші жоқ... 


165
Адам бол 
– 
бай
тап... 
Адам бол 
– 
мал тап
... 
Қызығы кеткен 
ел
бағып,
Қисыны кеткен 
сөз бағып...
Қаттаулы ұйқастар Абайдың өлшемі, ырғағы, ұйқас суреті 
және композициялық құрылымы, қысқасы, архитектоникасы 
жағынан қазақ поэзиясында бұрын жоқ жаңа түрде жазылған 
өлеңдерінде жиі қолданылған:
Бетті бастым,
Қатты састым,
Тұра қаштым жалма-жан...
Айтты 
– 
көндім,
Алды – бердім...
Үкі тақтық,
Күлкі бақтық
Жоқ немеге сүйініп... 
Сырласа алмай, 
Сөз аша алмай 
Толды қайғы кеудеге... 
Ел де жаман, 
Ер де жаман –
Аңдығаны өз елі... 
Жасы құрбы, 
Жаны тұрғы
Дос па деген кісіні... 
Бейілі шикі, 
Ақылы күйкі
Осы жұрт па тапқаның...
Бұндай құрылым – қаттаулы ұйқастармен келген өлең жол-
дары «Сегізаяқта» да бар. Мұндағы ішкі ұйқасқа қатысатын 
сөздер дыбыстық жағынан таза ұйқастар емес, морфологиялық 
тұлғалары жағынан параллель болып танылады. Мысалы: 
«
Өткірдің 
жүзі, 
Кестенің 
бізі» дегенде алдыңғы сөздер бір-
біріне дыбысталуы жағынан ұйқаспайды, морфологиялық 
суреті, яғни екеуінің де ілік септікте тұруы жағынан үйлес
келеді. Қалғандары да сондай. Бұл өлең – Абайдың компо-
зициялық, синтаксистік және фоникалық тұрғыдан ерекше 


166
құрылған «сегізаяқтарының» біріне жатады. Сегізаяқтың, яғни 
сегіз тармақтың алдыңғы алтауы көбінесе өз ішінен екіге жа-
рылып, синтаксистік әрі мағыналық параллельдер құрайды.
Алыстан сермеп,
Жүректен тербеп
Шымырлап бойға жайылған, –
деген үш тармақтың алдыңғы екеуі тұлғалануы бірдей 
синтаксистік және мағыналық бір параллель болса, төртінші, 
бесінші тармақтар да дәл сондай параллельдер:
Қиуадан шауып, 
Қисынын тауып...
Т
ағыны
жетіп қайырған.
Демек, 6 тармақ үш-үштен бөлініп, тағы да параллель 
қатарын түзейді. Ал параллельдер грамматикалық-мағыналық 
ұқсастықтарды талап ететіні мәлім. Бұл ұқсастықтың бір 
түрі – дыбыстық үндестік болғандықтан, олар көбінесе ішкі 
ұйқастарды дүниеге келтіреді.
Ішкі ұйқас құбылысына кеңірек қарайтын болсақ, оны 
өлеңнің композициялық құрылымымен байланыстыра сөз ету 
керек болады. Айталық, «Ата-анаға көз қуаныш» өлеңін бұл 
күнде графика жүзінде (жазуда) жеті тармақты өлең етіп беріп 
жүрміз:
Ата-анаға көз қуаныш
Алдына алған еркесі. 
Көкірегіне көп жұбаныш 
Гүлденіп ой өлкесі.
Еркелік 
кетті,
Ер 
жетті,
Не 
бітті?
Соңғы үш тармақ «еркелік кетті, [өйткені] ер жетті, [де-
генмен] не бітті?» деген ойды білдіретін – үш шағын компо-
ненттен құралған бір салалас сөйлем, ол компоненттердің 
соңғы сөздері ұйқасып келген, сондықтан да әрқайсысы бір-
бір тармақ болып жазылып жүр. Ал егер оларды бір тармақ 
ретінде қабылдасақ, ол күнде 
кетті, жетті, бітті 
сөздері 
ішкі ұйқастарды құрайтын тұлғалар болып шығады. Алты 
шумақтан тұратын бұл өлеңнің өзге шумақтары да дәл осын-


167
дай: ең соңғы үш жолы (тармағы) ішкі ұйқасты құрылымдар: 
жасында өтті ~ дәме етті ~ босқа өтті; үміті қайда ~ соны 
ойла ~ абайла 
т. т.
Дәл осындай қалыптағы ішкі ұйқастарды «Тайға міндік» 
өлеңінен де табамыз. Сөйтіп, ішкі ұйқастарды Абайдың тек 
өлең тармақтарының өн бойынан ғана іздемей, кейбір архи-
тектоникасы ерекше өлеңдерінің қатар келген тармақтарынан 
да іздесек, ол күнде алдыңғы тармақтардың аяққы ұйқастары 
үшінші тармаққа үндескен ішкі ұйқас болып шығады. Әңгіме, 
әрине, дәл осылайша танудың қайткенде де керектігінде 
емес (мейлі олардың үшеуі де аяққы болып-ақ шықсын, 
яғни әрқайсысы бір-бір өлең жолы болып танылсын), гәп 
– Абайдың ішкі ұйқас құбылысына мән беріп, оны өлеңнің 
жаңа құрылымдарына көшіруінде. 
Қайғысыз пенде көрдің 
бе өміріңде 
деген бір сөйлем мейлі үш жол болып жазылсын 
(қазіргі басылымдарда жазылып жүргендей), мейлі өлеңнің 
бір ғана тармағы болып ұсынылсын – бәрібір бұл сөйлем 
пенде ~ көрдің бе ~ өміріңде 
деген үш ұйқасқан сөзбен кел-
ген интонациялық бөлікке ажыратылатындықтан, алдыңғы екі 
ұйқас бір сөйлем ішіндегі ішкі ұйқастарға айналып тұр.


168


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   68   69   70   71   72   73   74   75   ...   259




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет