Ген кәнігі эпитеттің үстіне жапырағы қуарған



Pdf көрінісі
бет71/259
Дата30.01.2023
өлшемі6,92 Mb.
#166770
1   ...   67   68   69   70   71   72   73   74   ...   259
Байланысты:
Кітаптар 25-36

Ішкі ұйқастар 
Бір жағынан, өлеңнің фоникалық (әуендік, музыкалық) 
құрылымына өң беретін, екінші жағынан, өлең құрастыруға 
(өлең инструментовкасына) қатысы бар ішкі ұйқас дегендер бо-
лады. Өлең жолындағы (бас жағындағы) бір (кейде екі) сөз сол 
жолдың соңындағы аяққы ұйқаспен үндес келсе, ол ішкі ұйқас 
болып танылады. Мысалы, Абайдың: 
Қансонарда 
бүркітші 
шығады аңға 
деген өлең жолының басындағы 
қансонарда 
сөзі 
тармақ соңындағы 
шығады аңға 
деген ұйқаспен үндесіп тұр.
Бұл типтегі ішкі ұйқастар Абайда едәуір кездеседі:
Ер ісі ақылға 
ермек, 
бойды 
жеңбек... 
Жігітті жұрт 
мақтаған, 
қыз 
жақтаған...
Кей құрбы бүгін 
тату, 
ертең 
қату... 
Жолың 
тайғақ, 
аяғың тартар 
маймақ ...
Шыға 
ойламай, 
шығандап қылық 
қылмай... 
Сөзіңнің басы 
ыржаң, 
соңы 
қылжаң... 
Көңілсіз 
құлақ, 
ойға
олақ... 
Мал сұрап біреуді 
арбап, 
біреуді 
алдап... 
Алланың 
өзі де рас, сөзі де рас... 
т. т.
Бұлардың барлығында да ішкі ұйқастың негізгі жүгі – 
сөздердің үн әуенінің ұйқасып келіп, әсер ету, яғни өлең жол-
дарының жалпы эмоциялық үнін (бояуын, тонын) күшейту. Со-
нымен қатар ішкі ұйқас жасап тұрған сөздер дауыс ырғағымен 
(интонациямен) мағыналық бөліктерді бір-бірінен айырып, 
оларға ой екпінін түсіруге көмектеседі:
Қолымды дөп сермесем / өстер ме едім... 
Екі 
елерме / 
бітімге жөн 
келер ме...

дегендерде тік сызық қойылған жерде дауыс кідірісі (пауза) 
болады да, ішкі ұйқас жасап тұрған сөздер соңғы ұйқастағы 
сөздер арқылы өзіне назар аудартады. Демек, өлеңнің аяққы 
ұйқастарымен үндес келетін ішкі ұйқастар екі түрлі жүк 
арқалайды: бірі – өлеңнің оқырман (тыңдаушы, айтушы) сезі-
міне жақсы әсер ететін ойнақы үн-әуенін күшейтеді, екіншісі 
– тармақ бойындағы сөздердің сол жерде беретін мағынасына 
екпін түсіреді: оқу-білімге дер кезінде ұмтылса («қолын 
дөп 
сермесе»), 
өкініш болар ма еді 
(«өстер ме еді»), 
бұл жердегі 


163
ақын идеясының бастысы – оқу-білімге қолын мезгілінде созу 
(«дөп сермеу»). Екінші мысалда негізгі ой иесі – 
елерме 
(адам), 
оған назар аудару үшін ақын осы сөзді ішкі ұйқасқа жегіп тұр. 
Абай мұндай сәттерде екі қоянды бірден атады: алдымен, өлең 
жолдарына дыбыс үнділігін беріп, эмоциялық әсерін күшейтсе, 
екіншіден, ондағы айтпақ ойларына назар аудартып, олардың 
экспрессиялық бояуын қалыңдатады. 
Ішкі ұйқастың екінші түріне – бір тармақ бойындағы 
сөздердің өзара ұйқасуы жатады. Мысалы: 
бейнет 
көрмей, 
дәулет 
жоқ... Аппақ 
ет, 
қып-қызыл 
бет, 
жап-жалаңаш... 
Қолдан 
беріп, қор болып, 
ала алмай жүр... Ішкі ұйқастың бұл түрі де 
Абайда аз кездеспейді. Мұнда көбінесе сөйлемнің бірыңғай 
мүшелері ұйқасып келеді. Бірыңғай мүшелерді ұйқастыруда 
ақын грамматикалық тұлғалардың біркелкілігін де пайдалана-
ды. Мысалы: 
Қажымас, 
қайта 
айнымас, 
қайран тату... 
Сабыр
-
сыз, арсыз, 
еріншек... Қалың 
елім, қазағым, 
қайран жұртым... 
Қартайдық, 
қайғы 
ойладық, 
ұлғайды арман... Ерте 
ояндым, 
ойландым, 
жете алмадым... Өзі 
ермей, 
ерік 
бермей, 
жұрт қор 
етті...
Бірыңғай параллель кұрылымдардың (көбінесе фразеоло-
гизм болып келетін тіркестердің) ішкі ұйқасқа жұмсалуы кейде 
өлең техникасына қатысты болады, яғни сол өлеңді өлшем не-
месе ұйқас үдесінен шығару мақсатымен бірыңғай мүшелерді 
екіге бөліп жібереді. Мысалы, 
Қаны қара 
бір жанмын, 
жаны 
жара 
– деген өлең жолының әдеттегі (прозадағы) кұрылысы 
қаны қара, жаны жара 
бір жанмын болуы керек, бірақ 11 буын-
ды 4 + 3+4 бунақты өлшеммен келген өлең тармағы үшін 
қаны 
қара, жаны жара 
деген төрт буынды бунақтар 1-және 3-бо-
лып орналасуы керек. Өлең құрылымының бұл жүйесі Абай-
да едәуір көп кездеседі: 
Сыртқа пысық 
келеді, 
көзге сынық... 
Арын сатқан мал үшін антұрғанның 
Айтқан сөзі 
құрысын, 
шыққан үні... Онда оны 
алдайды, 
мұнда 
мұны... 
Ездің басы 
қаңғырсын, 
ердің көңлі... Біреу астық 
алады, 
біреу маржан... 
Күндіз күлкің 
бұзылды, 
түнде ұйқың... Бір күн тыртың 
етеді, 
бір күн бұртың... Байда мейір, жалшыда бейіл 
де жоқ...
Көбінесе ұйқасты параллельдер болып келетін бірыңғай 
мүшелерді араларына сөз салып, олардың орналасу тәртібін 


164
бұзған сәттерде, ішкі ұйқастың тек әуендік қызметі көзделмейді, 
ең алдымен мұндайда екіге бөлінген бірыңғай мүшелер дауыс 
ырғағы жағынан оқшауланып, өздеріне оқырман (тындаушы) 
назарын аудартады. Мысалы, 
қаны қара 
бір жанмын, 
жаны 
жара 
дегенде ақынның негізгі айтпағы – әйтеуір «бір жан» 
екендігі емес, «қаны қара, жаны жара» екендігі. Мұнда ұйқасқа 
алынған 
жаны жара 
сөздеріне логикалық екпін түсіп тұр, ал 
ол екпінді үндесіп, үйлесіп келетін 
қаны қара 
деген парал-
лель сыңарының ішкі ұйқас құрап, бір тармақта айтылуы тіпті 
күшейте түседі.
Әрине, ұйқасты бірыңғай мүшелер болып келетін парал-
лельдерді қатар келтірген тармақтар да аз емес, олар да ішкі 
ұйқас құбылысын көрсетеді. Ішкі ұйқастың бұл аталған екі 
түрі Абайда көбінесе оның 11 буынды шумақты өлеңдерінде 
жиі кездеседі. 
Көңілсіз құлақ, ойға олақ 
деген сияқты бірен-
саран 7-8 буынды өлең жолдарынан да ішкі ұйқасты таба ала-
мыз. Көбінесе екі сөзден құралып, параллель фразеологизм-
дер қатарын түзейтін бірыңғай мүшелерді 11 буынды өлеңде 
екіге бөліп жіберудің алғашқы үлгілерін Жанақ ақыннан 
кездестіреміз: 
Артың ашық 
болғанмен, 
алдың тұйық... Бере
-
ке көктен 
деген, 
жылдан жылыс... Күндіз 
болса 
түстеніп, 
түнде қонақ. 
Бірақ Жанақта мұндай құрылымды өлең жолдары 
көп емес және бұл параллельдер (бірыңғай мүшелер) ұйқасты 
емес, сондықтан Абайдағыдай ішкі ұйқас құбылысын таныт-
пайды. Бұл ретте Абай – ішкі ұйқастың тілдік жаңа механизмін 
тұңғыш ұсынушы, із кесуші пионер ақын.
Ішкі ұйқастың үшінші түріне тармақаралық, яғни қаттаулы 
ұйқастар (орысша двойная рифмовка) жатады. Олар қатар кел-
ген тармақтарда әрі аяққы ұйқас, әрі тармақ ішіндегі ұйқас бо-
лып келеді. Мысалы, Абайда:
Ғылым таппай 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   67   68   69   70   71   72   73   74   ...   259




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет