Ген кәнігі эпитеттің үстіне жапырағы қуарған



Pdf көрінісі
бет69/259
Дата30.01.2023
өлшемі6,92 Mb.
#166770
1   ...   65   66   67   68   69   70   71   72   ...   259
Байланысты:
Кітаптар 25-36

еліру 
сөзін 
өлеңнің қатар тұрған келесі тармағында келтіру – образдың 
экспрессиясын, яғни 
елең қағып

елбіреп 
барып 
елірген 
деген 
образдың экспрессиялық бояуын қалыңдата түскен. Демек, 
мұндай «фоникалық оркестровка» («өлең үнін үйлестіру») ай-
налып келгенде поэтикалық жүк арқалап тұр екен. Абайдың 
ақындық құдіреті де осында. Өйткені егер фоникалық орке-
стровканы Марина Цветаева сияқты орыс ақыны саналы түрде, 
яғни қыр-сырын біліп, әдейі қолданса (тіпті кейбіреулерін 
қолдануда қандай образды көздегенін қойын дәптеріне жазған 
сәттері де бар екен), мұны ол әдебиет тарихын өте жақсы 
білгендіктен, ана тілінің де, шет тілдердің де орта ғасырлардағы 
поэзия әлемінің барлық тәртіп-ережелерін оқып білгендіктен 
деп табамыз. Ал Абай бұл теорияларды оқыған да емес, ал-
дында – өзіне дейінгі қазақ поэзиясында – үлгі-қалып болған 
да емес, Абайдың бұл тұстағы шеберлік өрнегі – әсемдік 
интуициясының жемісі.
Таза лингвистикалық тұрғыдан талдағанда түбірлес болу-
болмауы күмәнді сөздердің өзін Абай «түбірлес» етіп қояды. 
Мысалы, «
Ашуың 
– 
ашыған 
у, ойын кермек» дегенінде адам 
мінезін білдіретін 
ашу 
сөзін етістік 
ашу 
(«сүттің, сорпаның 
ашып кетуі») сөзімен ұштастырады: мінездегі «ашу» да бұ-
зылған, «ашып» кеткен нәрсе деп теңеп тұр. Демек, ақын бұл 
жерде сөздің дыбыстық ұқсастығынан мағына жақындығын 
жасап паранимикалық аттракция құбылысын дүниеге келтіріп 
тұр, бұған ассонанс та көмектескен деуге болады.
Назар аударатын жайттың бірі – Абайда түбірлес тұлғалар-
ды қолдануда тавтологиялық құрылымдардың сирек кездесе-
тіндігі. Мысалы, қазақ ақын-жырауларында кездесетін 
ой ой
-
лау, тілек тілеу, ұйқы ұйықтау 
сияқты тавтологиялар Абайда 
кемде-кем.
Әрине, Абай өлеңді қайткенде де түбірлес сөздерді қата-
рынан келтірем деп шығармаған. Ақынға керегі – сөздің 
морфологиялық құрылымы емес, үндес, әуендес келетін сөз-
дердің сазы. «
Керенау, кердең, 
бір 
керім, 
Жақпайды маған 
сол жерің» десе, дыбысталуы жағынан үндес 
керенау, кердең, 
керім 
сөздерін мағыналары жағынан синонимдес етіп, әдемі 


159
қиюластырған. Немесе: «
Саяламай, сай таппай
» десе, 
сая, 
мен 
сай 
сөздерін морфологиялық құрамы жағынан бір 
түбірден өрбіте алмасақ та, желдің өтінен немесе ыстықтың ап-
табынан саялайтын жер – сай болатындықтан, бұл сөздерді де
контекстік немесе логикалық түбірлестер деп қарауға бола-
ды. «
Сарғайды 
жүзіміз, 
сарылды 
көзіміз» дегендегі көрсе-
тілген сөздердің мағыналарының да логикалық уәжі (моти-
вировкасы) оларды семантикалық компоненттер қатарына 
шығарады. Бұндай сәттерді ақын «поэтикалық этимологияға» 
сүйенген я болмаса дыбыстық ұқсастықты мағыналық жақын-
дыққа ұластырған деп қарау керек. Бұл амалды ғылымда 
«паранимикалық аттракция» деп атайды. Абай, сөз жоқ, лин-
гвист ғалым емес, сондықтан ол сөздердің фонетика-морфоло-
гиялық этимологиясын (түп-төркінін) іздемейді, үні ұқсас 
сөздерді мағына жағынан жақындастырады. Мысалы, «
Ауыр 
ойды көтеріп 
ауырған 
жан» дегенінде 
ауыр 
сын есімі мен 
ауыру 
етістігі – бір түбірден өрбіген мағыналас сөздер емес, 
бірақ осы контексте оларды бір-біріне мағына жағынан 
жақындастыруға қиюы келіп тұр: ойы ауыр болғандықтан, 
адамның жаны ауырады немесе жаны ауырған адамның ойы 
ауыр болады деп ұғынамыз. Мұндай мысалдарды Абайдан 
едәуір мол келтіруге болады.
Енді бірқатар түбірлестер бір етістіктің екі түрлі морфо-
логиялық тұлғада келген сөздер болып танылады. Мысалы, 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   65   66   67   68   69   70   71   72   ...   259




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет