демеңіз
деген сөзге аяқталып отырады:
Айналасын жер тұтқан
Айды батпас
демеңіз.
Айнала ішсе таусылмас
Көл суалмас
демеңіз.
Құрсағы құшақ байлардан
Дәулет таймас
демеңіз...
Әрі қарай бұл 23 жолдық толғаудың тағы 15 жолын
демеңіз
сөзі аяқтап тұрады. Ал «Ай не болар күннен соң» деп бастала-
тын толғауы
соң
деген шылауды эпифора етіп алады, «Бірінші
тілек тілеңіз» деген толғауы
тілеңіз
сөзін тармақ соңына жиі
шығарады. Өзге толғауларынын, бірінде
не пайда
тіркесі (Көкте
бұлт сөгілсе, көктеп болмас,
не пайда?
Көкіректен жан шықса,
Қайтып келмес
не пайда?..),
екіншісінде
немене
сөзі (Алыстан
қызыл көрінсе, Манат емей,
немене?
Көтеріліп ұшқан соң,
Қанат емей,
немене...),
үшіншісінде
өлгені
сөзі (Асқар таудың
өлгені
– Басын мұнар шалғаны. Көктегі бұлттың
өлгені
– Аса
алмай таудан қалғаны...) тармақ соңдарында қайталап келіп,
эпифоралық көрініс береді.
Эпифоралық құрылым – XVIII ғасырдағы Бұқарда ғана
емес, одан бұрынғы жырауларда да өнімді тәсіл болғаны
байқалады. Айталық, Қазтуған жырауда (XV ғ.)
жұрт, деп
сөз-
дерінің өлең жолдарындағы сөйлемді аяқтап тұруын көрсету-
ге болады:
Белгілі биік көк сеңгір
Басынан қарға ұшырмас,
154
Ер қарауыл қарар
деп,
Алыстан қара шалар
деп...
Сусыным қанға қанар
деп...
Жамандар мазақ қылар
деп...
Асанқайғыда да (XV ғ.)
деп, ғарып
сөздері, Доспамбетте
(XVI ғ.)
өкінбес, күн қайда, өкінбен
сөздері өлең жолдарын
аяқтауда қайталанып тұрады: Тоғай, тоғай, тоғай су, Тоғай
қондым –
өкінбен...
Топ бастадым –
өкінбен...
Дұспан аттым
–
өкінбен...
Ару сүйдім –
өкінбен...
Шаһид кештім –
өкінбен...
Жыраулар мектебін ақындар мектебіне ұластырушы Ма-
хамбетте де (XIX ғасырдың I жартысы) эпифоралы өлеңдер
едәуір. Оларда
ер (мінкен ер, неткен ер, өткен ер, жеткен ер),
күн
сөзі (Мұнар да, мұнар,
мұнар күн,
Бұлттан шыққан
шұбар
күн... шөккен күн...
бақыт
тайған күн...), күн қайда
тіркесі,
соң,
үшін
шылаулары,
жоқ, бар
сияқты сөздер өлең тармақтарының
соңында сан рет қайталап келіп, эпифоралы құрылымдар
жасаған.
Сірә, эпифора тәсілін қазақтың дидактикалық толғаулар
жанрының тілдік-көркемдік құралының бірі деп санауға бола-
ды. Эпифоралы өлең жолдары үлгі-өсиет айтатын дидактика-
лық констатация не тұжырым болып табылады да, олар құры-
лымы жағынан бір тектес сөйлем-параллельдерді құрайды:
Құлпырып тұрған бәйшешек
Қурай болар солған
соң.
Хандар киген қамқа тон
Шүберек болар тозған
соң.
Еңсесі биік кең сарай
Мортық болар бүлген
соң...
Міне, бір-бір шындықты баяндау (констатация) үшін осы-
лайша екі-екі жолдан жұптастырып, әр жұпты
соң
шылауымен
келген сөздермен аяқтап, өзара ұйқастырады. Демек, әр жұп
– бір-бір шындықтың баяны. Біркелкі етіп ұсынылған парал-
лель баяндауларды бір толғауға топтастырудағы тілдік меха-
низм –
соң
шылаулы тіркестерді қолдану. Бұл жерде эпифора
әрі өлең жасау техникасына қатысып тұр, әрі көріктеу қызметін
атқарып, ұйқасты-ырғақты параллельдерді жасап тұр.
Әрине, эпифора тек жыраулар мектебіне тән жанрлық-тіл-
дік тәсіл деуге болмайды. Оны ретіне қарай қазақ поэзиясының
155
қай кезеңі де, қай түрі де (ауызша, жазба дегендей) еркін пай-
далана берді. Жазба поэзияда эпифора, сірә, жоғарыдағыдай
жанрлық белгі болудан гөрі, стильдік мақсат көздеп қолда-
нылатын тәрізді. Мысалы, Мағжан Жұмабаев 1911 жылы «Жа-
тыр» деген өлеңін жазды. Текст:
Басқа жұрт аспан көкке
асып жатыр,
Кілтін өнер-білім
ашып жатыр.
Бірі – ай, бірі – жұлдыз, бірі – күн боп
Жалтырап көктен нұрын
шашып жатыр.
Таласып өнер-білім
алып жатыр,
Күнбе-күн алға қарай
барып жатыр.
От
жегіп, көкте ұшып, суда жүзіп,
Тәңірінің рахметіне
қанып жатыр.
Ойламай біздің қазақ текке
жатыр,
Бір іске жанаса алмай шетте
жатыр.
Азырақ көз жүгіртіп, қарап тұрсаң,
Қазағың таң қаларлық кепте жатыр ...–
деп басталады да, әрі қарай қазақтың «жатқан күйін» суреттейді:
Байларың мыңды айдаған
шалқып жатыр,
Бар малын болыстыққа
сарқып жатыр.
Барымта, ұрыс-керіс, кісі өлтіріс
Ішінде сорлы қазақ
қалқып жатыр...
Дау, жанжал ел арасы
толып жатыр,
Дін десе бар тілі де
құрып жатыр.
Кешегі шешек жарған қазақ гүлі
Сарғайып, бір су тимей
солып жатыр.
Мінекей, қазақ солай
бітіп жатыр,
Күннен-күн артқа қарай
кетіп жатыр.
Сезінбей өз өлгенін өзінікін
Аты өшкір оқығандар
нетіп жатыр
(«Айқап». - 1911. - № 2. - 14-15-б.)
Қысқасы, өлеңнің идеясы қазақ халқының қарасы бар, төресі
бар, қараңғысы бар, көзі ашық оқығандары бар іс-әрекетсіз,
қам-харекетсіз тегіс «жатқанын» айту екенін 3-шумақ ашып
көрсетеді. Тоғыз шумақтан тұратын бұл өлеңнің (біз оның алты
шумағын ғана беріп отырмыз) сегіз шумағында
жатыр
сөзі
көмекші етістік болып келсе, 3-шумақта негізгі етістік болып
жұмсалған:
156
Ойламай біздің қазақ текке
жатыр,
Бір іске жанаса алмай шетте
жатыр...
Жазба поэзияда тұтас өлеңнің бұлайша бір сөзді эпифо-
ра етіп келтіруі – сирек құбылыс. Дегенмен бірнеше жолды
қамтитын эпифоралы өлең құрылымдары кім-кімнен де табы-
лады. Мысалы, Абай бұл тәсілмен «Қартайдық, қайғы ойладық,
ұлғайды арман» деп басталатын өлеңін 2-шумағынан бастап
10-шумағына дейін
деп
сөзінің қайталап отыруымен жазған:
Бай алады кезінде көп берем
деп,
Жетпей тұрған жерінде тек берем
деп.
Би мен болыс алады күшін сатып,
Мен қазақтан кегіңді әперем
деп...
Әрі қарайғы жеті шумақ осылайша түзілген. Дегенмен Абай-
да эпифоралы өлең құрылысы өте аз. Жоғарыда көрсетілгеннен
басқа тағы екі-үш өлеңін атауға болады: «Сұм дүние тонап жа-
тыр, ісің бар ма» деген үш шумақ шағын өлеңі
бар ма
сөзінің
эпифора болып келуімен құрылған. «Туғызған ата-ана жоқ»
деп басталатын өлеңінде
жоқ
сөзінің тармақ соңында қайталап
келуі арқылы эпифора жасалған, «Келдік талай жерге енді» де-
ген өлеңінде
енді
сөзі эпифоралық қызметте.
Достарыңызбен бөлісу: |