Ген кәнігі эпитеттің үстіне жапырағы қуарған


р   сенің лағынет табаның астында! Монологтің бұл тұсында  Сырым  с, з



Pdf көрінісі
бет63/259
Дата30.01.2023
өлшемі6,92 Mb.
#166770
1   ...   59   60   61   62   63   64   65   66   ...   259
Байланысты:
Кітаптар 25-36

р
 
сенің лағынет табаның астында! Монологтің бұл тұсында 
Сырым 
с, з
дыбыстарын сөз сайын дерлік келтіріп, іштегі 
суылдап кернеген ызасын, тістенген кегін үнмен (
с, р
дыбы
-
старын үздіксіз қайталаумен) білдірсе, осы монологті: 
К
е
г
ім, 
к
е
г
ім, 
Қ
ара
г
өзім! 
А
яулы 
а
ру 
а
рдақтарым! 
Ар
надым саған сол 
ә
діл ашу-кегімді!...–
деп аяқтайды. Мұнда енді аллитерация 
мен ассонансты жасайтын дыбыс үндері өзгерген: 
к
-мен кел-
ген аллитерация 
Қарагөз 
деген арнау сөзге екпін түсіру үшін 
жұмсалған, ал 
а, ө
дыбыстарының сөз бастарында қайталануы 
өзгеше бір үнді, айталық, махаббатына деген адалдығын, сертін 
білдіруге «көмектесіп» тұрғанға ұқсайды.


147
Енді Абай өлеңдерінің үніне оралайық. Абай өлең құры-
лысында эвфонияға, үн гармониясына қатты назар аударған. 
Өзі де сөз өнерін жақсы сезген, өлең текстеріне ән шығарған 
композитор Абайдың құлақтан кіріп, бойды алатын, жақсы 
ән мен тәтті күйге, жалпы үн жарастығына көңіл қойып, мән 
бермеуі мүмкін емес. «Көңілім әнді ұғады, жүрегім бойды жы-
лытып» деп, әнді, музыканы ерекше атап, оған арнайы өлеңдер 
шығаруы да тегін емес. 
Ұлы ақынның өлеңді, поэзияны тақырып еткен туынды-
ларымен қатар, әнді (қазақтың халықтық тілінде де, тіпті 
Абайдың өзі де әнді кейде «өлең» деп атайды), ән салуды сөз 
еткен шығармалары бар екенін білеміз. Әнге, яғни сазды өлең-
ге және жалпы поэзияға бір емес, алты туындысын арнағанын 
ақын өзі де айтады: «Білімдіден аяман сөздің майын, 
Алты 
өлеңмен білдірдім әннің жайын
»

Дегенмен өлең тексінсіз ән 
айту болмайтындықтан, поэзияны да, сазды өнерді де «өлең» 
деп қосып жібергені сияқты, «Біреудің кісісі өлсе, қаралы ол» 
деп басталатын шығармасын ақын «туғанда дүние есігін аша-
тын», яғни «бала туса, шілдехана күзетіп айтылатын», адам 
денесі жер қойнына кіргенде дауысталатын жоқтау өлең сияқты 
сазды өлең, ән-өлең, ән салу туралы бастап, поэзияға, оның 
қоғам өміріндегі орнына, өзіне дейінгі кейбір ақындарға деген 
көзқарасымен аяқтайды. Демек, Абай поэзияны да ән сияқты 
музыкамен, үн сазымен қабысып шыққан дүние деп біледі. 
Ақын танымында ән (музыка) – көңілдің көлеңкесі, ән арқылы 
көңіл құсы шартарапқа құйқылжиды, ән ұйықтап жатқан 
жүректі тербеп оятады, сондықтан жақсы әнді «ой көзімен» 
тыңдау керек. Сол сазды өнер – әнді есті де, есер де етіп та-
нытатын немесе «құлақтан кіріп, бойды алатын» әуенімен 
қатар, сөзі – поэзия екенін ойшыл Абай жақсы біледі. Құр біліп 
қоймайды. Поэзияның әнмен ғана емес, сөзбен айтылғанда, не 
оқығанда құлаққа жағымды, тілге жеңіл, жүрекке жылы тиюін 
талап етеді. Ол үшін өлеңнің сөздері бір-бірімен үндесіп, 
әуендесіп, «сыңғырлап» тұруы қажет.
Әрине, ондай әуенді әуелі ырғақ, өлшем, ұйқас деген өлең 
шарттарының өзі туғызады, бұлар болмаса өлең де шықпаған 
болар еді. Сонымен қатар поэзия үнділіктің, саздылықтың, 


148
музыкалылықтың өзге де амалдарын іздейді. Ол амалдардың 
бірі, жоғарыда айтылғандай, дыбыс үндесуін көрсететін алли-
терация мен ассонанс болса, енді бірі – сөздердің, тұлғалардың 
қайталаулары арқылы үндестік туғызатын анафора, эпифора, 
параллелизм құбылыстары екендігі мәлім. Бұлардан басқа 
ішкі ұйқас дегендер өзге де стильдік қызметтерімен қатар 
фоникалық қызметті атқарады, яғни үн жарасымын туғызады. 
Осының барлығын ұлы Абай теория жүзінде оқып білмесе де 
(ол әдебиет теориясы курсын университетте оқыған жоқ қой), 
оның «Құдай берген» ақындық қуаты өлең табиғатын тап ба-
сып, дәл сезінуіне мүмкіндік берген. Сондықтан Абайда ал-
литерациямен де, ассонанспен де келген өлең жолдарын жиі 
кездестіреміз.
Қазақ өлең теориясында дыбыстар үндесуінің бұл түрлерін 
көбінесе қатар келген сөздердің басқы дыбыстарының біркелкі 
болуынан іздестіреді. Ал шындығында өлеңнің бір жолын-
да немесе қатар тұрған жолдарында жұмсалған сөздердің 
тек қана басында емес, өн бойында кездесетін дыбыстардың 
біркелкілігі де ассонанстық немесе аллитерациялық құбылыс 
түзейді. Мысалы, Абайдың



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   59   60   61   62   63   64   65   66   ...   259




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет