173
қолданған. Ал жоғарыда аталған шығармаларында ислам діні
оқуына, философияға қатысты араб сөздерін жиі қатыстырады,
бұларда тіпті арабша тұтас сөз тіркестері мен сөйлемдері де
қыстырылған. Қазақ грамматикасына тән емес нормалардың да
дені көрсетілген «Сөздердің» үлесіне тиеді.
Демек, Абай «Қара сөздерін» «қойын дәптері» ретінде тек
өзі үшін жазбай, басқалардың оқуы үшін де жазған екен. Оның
өзінде де жалпы оқырман көпшілікпен қатар, олардың белгілі
бір тобына арнап жазғандарын да көреміз.
Сірә, кейбір зерттеушідердің Абай прозасын өңделмеген
жазбалар болу керек деулеріне негіз болған оның стилі (тілі)
болу керек. Әрбір өлеңі жұп-жұмыр, «айналасы тегіс келген»,
қазақтың көркем сөзінің сом алтындай асылы болып танылған
Абайдың жаңа дүниесі – қара сөзінің кейбірі сөйлеу тіліне
жуық қара дүрсіндеу болып көрінсе, 38-сөз сияқты туынды-
сы «шағатайшылау», «кітапшалау» болып қабылданған болар.
Ал зер сала қарастырсақ, бұл екі сипаттың екеуінің де уәжі
(мотиві) бар: сөйлеу тілі стилін автор өзі әдейі таңдаған, бұған
«Қара сөздерінің» жазылу себептері мен арнаған адресаттары
мәжбүр еткен.
Қысқасы, қымбат қазына – Абай «Қара сөздерінің» тек
мазмұны ғана емес, тіл өрнегі де қазақтың сөз өнерінде ала-
тын орны бар елеулі кұбылыс екенін танып, оны осы тұрғыдан
зерттеу үшін алдымен бұл туындылардың жанрлық сипатын
айқындап алу қажет, өйткені әдебиеттің әр жанрының өзіне тән
функционалдық стилі, ол стильдің өзіне хас тілдік белгілері бо-
латынын білеміз.
Абайтанумен айналысқан кейбір зерттеушілердің пікірін-
ше, «Қара сөздердің» көпшілігі сюжетсіз жазылған көркем
әңгіме, яғни көркем проза
45
. Б. Кенжебаев Абайдың прозасын
Салтыков-Щедриннің шығармаларына ұқсайды деп табады.
Абай «Қара сөздерін» арнайы зерттеген X. Сүйіншәлиев олар-
ды көркем прозаға жатқызбай, жай прозаға (сірә, жай проза деп
ғалым прозаның көркем әдебиеттен басқа түрлерін атаған бо-
луы керек) жатқызады да, «прозаның шағын алты түріне» топ-
45
Достарыңызбен бөлісу: