Ген кәнігі эпитеттің үстіне жапырағы қуарған



Pdf көрінісі
бет82/259
Дата30.01.2023
өлшемі6,92 Mb.
#166770
1   ...   78   79   80   81   82   83   84   85   ...   259
Байланысты:
Кітаптар 25-36

сұрайын 
деп жүрген 
ісім бар» деп басталады да, сол сұрақтары 
қалай 
деген сұрау 
есімдігімен аяқталатын 18 сөйлем, оның синонимі ретіндегі 
несі 
есімдігімен аяқталатын 6 сөйлем болып ұсынылады: 
«Осы, біздің қазақтың өлген кісісінде жаманы жоқ, тірі 
кісісінің жамандықтан аманы жоқ болатұғыны 
қалай?.. 
Бәйгеге 
ат қоссаң, атыңды тартыспайтұғын ағайын атың келсе, бәйгеге 
өкпелейтұғыны 
қалай? 
Елді пысық билегені 
несі? 
Пысықтың 
бәрі кедей келетұғыны несі?» т.т.
Демек, бұл – автор ойының баяндау стилі ерекше болып 
шыққан шағын шығарма. Бұл жерде Абай түр іздегіш нағыз 
стилист болып танылады: сұраулы сөйлемдерді шоғырлап 
беру арқылы осы сұрақтарға жауап болып табылатын өзінің 
көзқарасын білдіреді: «Қазақтың өлгенінде жаманы жоқ, 
тірісінде жамандалудан аманы жоғына күйінеді, берері жоқ 
аларға дайын адамдарды сынайды, елді беделді, соған лайық 
адамдар билемей, болыстықты, билікті, ауылнайлықты са-
тып алатын, тартып алатын пысықтық көрсеткендер билеп 
отырғанын көріп ызаланады» т.т. Ал осындай ой-толғамдарын 
стильдік әдемі тәсіл – сұраулы сөйлемдер арқылы танытса, 
ол сөйлемдердің реттеулі, әсерлі болып шығуы үшін олардың 
сыртқы құрылымын біркелкі етіп береді, яғни бәрі де сұрау 
есімдіктеріне аяқталады.
Бұл қатарға өзге де фактілерді қосуға болады: «Енді қарап 
тұрсам, сарттың 
екпеген егіні жоқ, шығармаған жемісі жоқ, 
саудагерінің 
жүрмеген жері жоқ, қылмаған шеберлігі жоқ...
»
 
Бұл жердегі параллельдер морфологиялық тұлғалардың бірдей 
(екпеген, шығармаған, жүрмеген, қылмаған 
және 
егіні, жемісі, 
жері, шеберлігі) 
болып берілуімен, сондай-ақ 
жоқ 
сөзінін 
қайталануымен жасалған. Келесі мына мысал да дәл осы тип-
тес: «Ноғайға қарасам, 
солдаттыққа да шыдайды, кедейлікке 
де шыдайды, қазаға да шыдайды, 
молда, медресе сақтап, 
дін 
күтуге де шыдайды...
»
Параллельдердің қай түрі де көріктеу мақсатымен келеді.
Әсіресе өлең тіліндегі параллельдердің эмоциялық әсері
айрықша көрінеді. Абайдың «Сегізаяғының» архитектоника-
лық жаңалығы мен фоникалық әсерлілігінің бір ұшы өлең 


189
тармақтарында параллель құрылымдардың келуінде деп 
білеміз: 
өткірдің жүзі ~ кестенің бізі... қиуадан шауып ~ 
қисынын тауып... басында ми жоқ ~ өзінде ой жоқ... орынсыз 
ыржаң ~ болымсыз қылжаң...
Осы сияқты ұйқасты, ырғақты параллельдер Абайдың 
прозасында да орын алады, Абай шығармашылығының нәзік 
қырларын жазбай таныған ұлы Әуезов: «Қара сөздердің» 
бірқатары, тіпті басым көпшілігі үлкен бір роман, повесть 
кейіпкерлерінің монологтері деуге болады», – деген пікір 
айтқан-ды. Шынында да солай: көлемі жағынан да (көбі бір-
екі беттік қана), ұсынылу стилі жағынан да, өзімен-өзі немесе 
өзгелермен сырласқан тоны (үні) жағынан да көркем шығарма 
кейіпкерінің монологіне өте жақын келеді. Ал бұрынғы билер 
сөздері, яғни «шешендік сөздер» деп атадан балаға, ұрпақтан 
ұрпаққа тарап біздің заманымызға жеткен монолог емей, не-
мене! Олар да – ауызша сөйлеу үстінде туған, тыңдаушыларға 
арналған үлгілер. Бұлардың сақталу, жеткізілу және кәдеге 
асырылу себептерінің бірі тек мазмұны емес, көркемдігі, тілі 
екендігі мәлім.
Шешендік сөздер, поэзия сияқты, қазақ қауымының әлеу-
меттік, азаматтық ой-пікірін білдірудегі рухани сұранысын 
ғана емес, тіл әлемінен алатын эстетикалық сұранысын да 
елеп келді. Сондықтан бұлардағы дәстүрлілік, жалғастылық 
күшті болғанын күні бүгінге дейін көріп, сезіп отырмыз.
Абайдың «Қара сөздеріндегі» монологтердің иелері де кей-
де қазақтың билерінше ақыл-насихат айтып, дидактик болып 
көрінсе, кейде өз заманындағы ағартушы, ойшыл азамат бо-
лып сөйлейді, кейде философия, психология, дін, этика, эсте-
тика салаларынан хабары мол білімді интеллект иесі болып 
толғайды. Сондықтан Абайдың «Қара сөздері» текстерінен 
билер сөздеріндегідей ұйқасқа, өлшемге, ырғаққа құрылған 
синтаксистік параллельдерді де, образды фразеологизмдерді 
де, әсерлі теңеулерді де кездестіре аламыз. Мысалы: «Енді 
мұндай иман сақтауға 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   78   79   80   81   82   83   84   85   ...   259




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет