205
мұны да іліп әкетеді. Жоғарыда аталған
ноқтасыз ой, боя
-
улы дін, улы жүрек, долы тіл
дегендері сияқты,
жүрек, тіл,
көңіл, ой
сөздерінің эпитеттерін сан кұбылтып отырады. Мы-
салы,
толқынды көңіл, өлген көңіл, жаралы жүрек, от жүрек,
аптыққан жүрек, жарық жүрек, таза жүрек, ақ жүрек,
жылы жүрек
т. т.
Жоғарыда айттық, Абай
шығармашылығының негізгі
объектісі – адам, оның ішкі жан дүниесі. Сондықтан ол
жүрек,
көңіл, ой
деген сөздерді адамның символы етіп алып, оларға
«жан бітіріп», көп өлеңдерін соларға қарата айтады. Шәкәрімде
де бұл атаулар – автордың жан сарайының көрсеткіштері.
Сондықтан бұлар қаратпа сөз болып келеді. Мысалы:
Шошы
-
ма, ойым, шошыма ... Қажыма, ойым қажыма ... Шарлайсың,
ойым, шарлайсың, Алыстан мені барлайсың... Қой, жүрегім,
қайғырма
...
Абайға дейінгі қазақ ақын-жырауларының
бөгде тілдік
сөздерді образ үшін жұмсаулары кемде-кем болатын. Ал Абай
перизат, айдаһар, дүлдүл
сияқты шығыс сөздерін,
единица,
нөл
сияқты орыс сөздерін өздерін тура мағынасында емес, ау-
ыспалы мағынада алып, образ жасағанын білеміз:
перизат
–
Татьяна Ларинаны сипаттайтын образ,
айдаһар
–Кавказдағы
Терек өзені толқынының образы,
единица
– басшының,
нөл
–
сол
басшының соңынан еріп, айтқанын істейтін қалың көп-
шіліктің, тіпті дәлірек танысақ, бастаушысыз әлеуметтік іс-
әрекеттерге бара алмайтын тобырдың образы.
Абайдың бұл қолтаңбалық
ерекшелігіне Шәкәрім мықтап
ден қойған. Шәкәрім тілінде Абайға қарағанда орыс сөздерінің
қолданылуы әлдеқайда молырық орын алған. Олардың
бірқатары өздерінің тура атауыштық мағыналарында жұмсалса,
енді бірсыпырасы образ үшін алынған. Мысалы,
пароход, пе
-
реводчик, аэроплан, телефон, граммафон, радио, электр, маг
Достарыңызбен бөлісу: