211
Үмітті тілегім
Орынсыз қалып тұр
Ақыл, қайрат,
сабырдың бәрі кетіп,
Адасқан асығын мұңлы әнге салып тұр.
Мұнда жаңа ырғақ жасап тұрған алдыңғы тармақтар емес,
олар Абайдың: «Көзімнің қарасы, Көңілімнің санасы» деп ба-
сталатын өлеңімен ырғақтас, ал соңғы екі тармағының бірін 11
буынды, екіншісін 12 буынды етіп ұсыну – мүлде тың құрылым,
оның үстіне бұл жердегі 11 буынды тармақтың бунақтары 4 +
3 + 4, ал келесі тармақтың бунақтары 6+3+3 болып келгенінде.
Бұл екі тармақ өзара ұйқаспайды (бұл ұйқаспаушылық осы
екі тармақтың буын санын әртүрлі етіп ұсынуға мүмкіндік
беріп тұр). Соңғы 6-тармақ 2, 4-тармақтармен ұйқас құрайды,
яғни өлең шумақтарының ұйқас формуласы
аб аб вб.
Соңғы
екі тармақ көбінесе құрмалас сөйлем болып келіп, прозалық
ырғаққа жуықтайды: «Жетіқарақшы айналып сені іздеп жүр,
бәрі сені ойлап мас болып сандалып...»
Қысқасы, бұл кітапта Шәкәрімнің
өлең архитектоникасын
толық талдап шығуды міндетімізге алған жоқпыз, бұл – арнайы
терең зерттеудің объектісі демекпіз. Ал біздің бұл жердегі
көздегеніміз – қазақ өлеңі құрылымына Шәкәрімнің де өзгеріс
енгізгенін көрсету және бұл әрекеттің үлгісін Абайдан алғанын
айту болды.
Бұл үлгі-өнегені тек Шәкәрім емес, Абайдан кейінгі қазақ
поэзиясы жақсы қабылдағанын және құр еліктеу түрінде емес,
Абайша мазмұн мен түрді, яғни поэтикалық идея мен оның
тілдік көрінісін сәйкес келтіру
мақсатында қолданғанын бай-
қаймыз. Мысалы, Сұлтанмахмұт Торайғыров, Ахмет Байтұр-
сынов, Ілияс Жансүгіров сияқты ақындар жан толғанысын
поэзия тілімен айтуға келгенде, сегізаяққа жүгінеді. Абай
«Сегізаяғында» өзінің философиялық, азаматтық, суреткерлік
ой-толғамдарын
білдірсе, Ахмет Байтұрсынов та үстіміздегі
ғасырдың басында елдік, ұлттық тәуелсіздігінен айрылып, отар
жұрттық күн кешіп отырған, ғылым-білімнен де құр қалған
халқына:
Қазағым, елім,
Қайқайып белің
212
Сынуға тұр таянып.
Талауда малың,
Қамауда жаның
Аш көзіңді оянып.
Қанған жоқ па әлі ұйқың,
Ұйықтайтын бар не сиқың?!–
деп, қазақ қоғамының ұлттық намысын оятпақ болады. Бұл
идея Ахмет Байтұрсыновтың бүкіл ақындық, ағартушылық
қызметінің
лейтмотиві болса, оны білдірудегі ең бір ұтымды
деп тапқаны – осы ойын айтатын өлеңін сегізаяқтың үлгісімен
жазу. Мұнда ақын ұстаз тұтқан Абайдың үлгісімен алғашқы
екі жұпты алты тармақта айтылмақ идеяның тезисін (баян-
дауды) береді де, соңғы екі тармақта сол тезистен шығатын
түйінді, яғни антитезисті ұсынады. Түйін-антитезис
көбінесе
ақыл сөз, өнеге сөз (сентенция) болып келеді. Абайдың
«Сегізаяғындағы» шумақтардың соңғы 7-8-тармақтары нақыл
сөзге, тіпті мақал-мәтел сөзге айналып кеткенін білеміз. Ал
Шәкәрім өзінің «Сегізаяқтарында» әлеуметтік тақырыпты
емес, жеке адамдық әңгімені: жастық пен кәрілікті сөз етеді.
Бұлар да ақынның жан толқынын сездіретін тақырыптар.
Шәкәрім өлеңдеріндегі түйіндер сентенциядан гөрі, болған
не болатын істің жалпы қорытындысы түрінде келеді, демек,
мұнда да Абай сегізаяғының құрылымы сақталған: әр шумақ
тезис пен қорытындыдан түзілген.
Абай поэзиясы тілінің кейінгі
қазақ ақындарына орасан
зор әсер еткенін, Абай тіліндегі осы жұмыста көрсетілген
көріктеудің амал-тәсілдері мен ол ұсынған принцип-бағдар-
лардың бірі болмаса бірін қазақ ақындары ертелі-кеш қабылдап,
әрі қарай жалғастырғанын батыл және молынан көрсете
аламыз. Бұған мысал ретінде екі-үш
ақынның поэтикалық
дүниесіне өте шағын экскурс жасалық.
Кезінде Пушкиннің
Достарыңызбен бөлісу: