Ген кәнігі эпитеттің үстіне жапырағы қуарған



Pdf көрінісі
бет92/259
Дата30.01.2023
өлшемі6,92 Mb.
#166770
1   ...   88   89   90   91   92   93   94   95   ...   259
Байланысты:
Кітаптар 25-36

аб в бг д еб
тәртібімен қиыстырылған, яғни 
2, 4, 8-тармақтар ғана ұйқасады, ал классикалық (абайлық) 
сегізаяқта ұйқас формуласы 
аа б вв б гг
болып келетінін ескер-
сек, Шәкәрімнің «Шын сырым» өлеңіндегі сегізаяғы мүлде 
жаңа ырғақ, жаңа құрылым екені көрінеді.
Ақынның «Қалжыңшыл қылжақбас» және «Таң журна-
лына» деген өлеңдері тармақ саны жағынан «алтыаяқтар» 
болғанымен, Абайдың алты тармақты «Буынсыз тілің» деп
басталатын өлеңінен ырғағы, өлшемі, ұйқасы жағынан 
мүлде басқаша құрылған: Абайдың алтыаяғы 
ааб вв б,
яғни 
сегізаяқтағыдай параллель құрылымды 
(аа вв)
 
болып келсе, 
Шәкәрімнің аталған өлеңінің ұйқас суреті 
ааа бб в,
ал өлшемі 
тіпті қызық: алғашқы үш тармақ 8 буынды, келесі екі тармақ 
3 буынды, соңғы тармақ 2 буынды «әйда» деген редиф (әрбір 
шумақ сайын не тармақ сайын қайталап келетін соңғы бір сөз 
немесе сөз тіркесі).
Шәкәрімнің өлең архитектоникасына үңілгенде, бір ескере-
тін нәрсе – оның кейбір өлеңдерінде құрылымдық тәртіптің 
қатаң сақталмағандығы, яғни бірқатар шумақтары сегізаяқты 
болса, сол өлеңнің келесі шумақтары әртүрлі тармақты бо-
лып келеді. Мысалы, мына шумақты ұйқас суретіне қарап 10 
тармақты деуге болады:
Сөзі – жан, 
Әні – тән


209
Жарасымды болса,
Тыңдар оны дос. 
Жыршылар 
Ән салар
Толғанып ойдан 
Мұңлы зар 
Қозғалар
Байқалып бойдан,
Бұл – «Таң журналына» «Жаңа әнмен байғазы» деген 
өлеңінен алынған мысал. Осы өлеңнің келесі мына шумағы 
алты тармақты деуге болады:
Жаңа әнім 
Байғазым
Құттықтап журнал.
Кәрі жан,
Салып ән
Жыбырлап қозғал.
Шәкәрімде 12 тармақты өлең де бар, ол – «Достыңыз 
зор» деп басталатын өлеңі. Шәкәрім Абайда жоқ құрылым – 
5 тармақты өлеңдерді де ұсынады. Олар – «Бұл ән бұрынғы 
әннен өзгерек» және «Жаралыс басы – қозғалыс» сияқты ту-
ындылары.
Шәкәрімнің «Бұл ән бұрынғы әннен өзгерек» деген өлеңін 
біз Абайдың «Сегізаяғы» сияқты қазақ өлеңі техникасына 
тыңнан қосылған жаңалық дер едік. Оның жаңалығы кейбір 
шумақтарының тіпті Абайда жоқ «бесаяқ» болып құрылуында 
ғана емес немесе бір тармақтың екі-ақ буынды болып келе-
тіндігінде де емес, ең алдымен, бұл жаңалық өлеңнің бұрын 
кездеспеген интонациясында (әуенінде) және Абайдан бұ-
рынғы қазақ өлеңінде қолданылмаған, үлгісін Абай салған 
өлең тасымалы дегеннің орын алуында және сөйлем түзілісі-
нің проза синтаксисіне жақын келуінде, сондай-ақ инверсия-
ның (сөздердің орын алмасып жұмсалуының) стильдік мақ-
сатта қолданылуында. Бұл көрсетілген белгілердің барлығы 
да күшті жетілген жазба поэзияны сипаттайтын құбылыстар. 
Мысалы:


210
Бұл ән
Бұрынғы әннен өзгерек.
Бұған
Ұйқасты өлең, сөз керек
Өзіне орайлы.
Бұл шумақ тұтасымен тасымалдан тұрады: әрі қара сөзбен 
құрылған сөйлемге жақын келеді: 
Бұл ән бұрынғы әннен 
өзгерек, өйткені бұған өзіне орайлы ұйқасты өлең, сөз керек 
деген сейлемнің бір тармақта келуге тиісті сөздері тармақтан 
тармаққа тасымалданып (көшіріліп) берілген. Әрине, бір 
сөйлемнің бірнеше тармаққа бөлініп берілгенінің бәрі та-
сымал болмайды. Поэзияда, оның ішінде Абай мен Шәкәрім 
өлеңдерінде, бір сөйлемнің екі не одан да көп жолдарға 
сыйғызылып берілгені жиі кездеседі. Мұндайда әр тармақтың 
синтаксистік-интонациялық дербестігі болады, яғни сөйлемнің 
синтаксистік дербес бөліктерінің шекаралары тармақтардың 
жігіне сайма-сай келеді, ашып айтсақ, бір тармаққа бір бөлік 
орналасады, ол бөліктер: күрделі немесе жайылма мүше, 
бірыңғай мүшелер, құрмалас сөйлем компоненттері сияқты 
тиянақты бөліктері. Бұлардың тармақтан тармаққа ауысып ор-
наласуы – заңды, қалыпты құбылыс.
Ал Шәкәрімнің жоғарыда келтірілген шумағында екі-үш бу-
ынды бір ғана сөзден тұратын сөйлем мүшесін жеке бір тармақ 
етіп құрастырған немесе 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   88   89   90   91   92   93   94   95   ...   259




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет