Ген кәнігі эпитеттің үстіне жапырағы қуарған



Pdf көрінісі
бет91/259
Дата30.01.2023
өлшемі6,92 Mb.
#166770
1   ...   87   88   89   90   91   92   93   94   ...   259
Байланысты:
Кітаптар 25-36

-
нит, хроноскоп, секунд, минут, заседатель, фанатик, психо
-
лог, конвой, секретарь, повестка, университет, вокзал, апелля
-
ция, спирт, гипноз, телепат, лунатик сияқты 
сөздер өздерінің 
номинативттік тура мағыналарында жұмсалса, «
перевод мал
-
тасын ездім, банкрот боп күйреді, сен ферзімсің, мен жаяу, 
Қайтсем ұтам ойбай-ау. Төрге барсам, мен таяу, Қылмыс па 


206
екен ханды 
мат
» деген өлең жолдарындағы көрсетілген бөгде 
сөздер образ жасауға қатысып тұр.
Бұрынғы қазақ өлең-жырларымен салыстырғанда, Шәкәрім 
поэзиясында көзге түсетін ең үлкен ерекшелік өлең архитек-
тоникасы мен өлеңнің ырғақтық-әуендік бітімінде көрінеді. 
Абай мен Шәкәрім поэзиясының арасындағы үлкен іліктестік 
те осында, дәлірек айтсақ, өлең құрауда қазақ көркем сөз 
тәжірибесінде бұрын-соңды болып көрмеген, Абай ұсынған 
жаңа тәсілдерді (тәртіптерді) Шәкәрімнің де саналы, сауатты 
түрде қабыл алуында.
Ілгергі тарауларда айтылды, архитектоника дегеніміз – 
шығарманың, айталық өлеңнің, композициялық құрылымы, 
екінші сөзбен айтсақ, шығарма құрылымының сыртқы пішіні 
және оны құрайтын бөліктердің бір-бірімен байланысуы. Абай 
қазақ өлеңінің сыртқы құрылымына мүлде тың жаңалықтар 
әкелді, бұл ретте қазақ поэзиясын жоғары сатыдағы жаз-
ба әдебиет қатарына қосты. Ұлы жаңашылдың бұл еңбегін 
үстіміздегі ғасырдың басында Әлихан Бөкейханов, Ахмет 
Байтұрсыновтар тұңғыш рет танып, атаған болатын. Одан 
кейін Абайдың ақындық шеберлігін арнайы зерттеген Қажым 
Жұмалиев пен қазақ өлеңі құрылысын ғылыми негізде талдаған 
Зәки Ахметов Абай өлеңдерінің архитектоникасын кеңінен сөз 
етті.
Абай ең алдымен өлеңнің құрылымдық бөліктерінің жаңа 
түрлерін енгізді. Әдетте өлеңдер шумақты, шумақсыз және 
шоғырлы (тирадалы) болып келеді. Абайға дейінгі қазақтың 
шумақты өлеңдері негізінен бір түрде: төрт тармақты 
ааба
ұйқасты болып келетін 11 буынды, кейде 7-8 буынды туын-
дылар болып кездесетін болса, шумақсыз өлеңдерге көбінесе 
7-8 буынды жырлар мен кейде 11 буынды өлеңдер жататын. 
Зерттеушілер (3.Ахметов) қазақтың эпостық жырларында 
шоғырларға бөлінген түрі де бар дегенді айтады (шоғыр немесе 
тирада деп өлең-жырдың бір ұйқаспен келген, бір тақырыпты 
дәлірек айтсақ, минитақырыпты сөз ететін, төрт-бестен бастап, 
одан да көп болып келген тармақтарды атайды).
Абай шумақты өлеңдер мен шоғырлы құрылымдарды 
түрлендірді, атап айтқанда, 8 тармақты («Сегізаяқ»), 6 


207
тармақты («Қор болды жаным», «Бай сейілді» т.б.), 7 тармақты 
(«Сен мені не етесің», «Ата-анаға көз қуаныш»), 9 тармақты 
(«Тайға міндік»), 14 тармақты («Қатыны мен Масақбай») 
шумақтардан тұратын өлең құрылымдарын ұсынды. Бұлардың 
ішінде 6 тармақты өлеңдерінің өзі құрылымы, интонациясы, 
өлшемі, ұйқасы жағынан бірнеше түрлі болып келеді. Мысалы, 
алты тармақты «Қор болды жаным», «Қуаты оттай бұрқырап» 
деп басталатын өлеңдері мен «Бай сейілді», «Ем таба алмай», 
«Кешегі Оспан», «Бойы бұлғаң» деп басталатын өлеңдерінің 
құрылымдары бірдей емес: «Қор болды жаным» өлеңінің ұйқас 
суреті 
аб аб вв,
өлшемі 57 57 66, яғни 1 және 3-тармақтар бес 
буынды, 2 және 4-тармақтар жеті буынды, 5–6-тармақтар алты 
буынды болып келген, алдыңғы төрт тармақ шалыс ұйқаспен 
берілген. «Бай сейілді» өлеңінің ұйқас суреті бұдан өзгеше: 
аа 
б вв б,
өлшемі де басқаша: 44 7 44 7. Алтыаяқтардың тағы бірі 
– «Қуаты оттай бұрқырап» деп басталатын өлеңі ұйқасы мен 
өлшемі жағынан алдыңғы екеуінен де бөлек тұрады: өлшем 
жағынан буын сандары: 7777 66, яғни алдыңғы төрт жол жеті 
буыннан, соңғы екі жол алты буыннан құралған. Демек, бір 
шумақтағы тармақтардың саны алтау болып құрылған өлеңдер 
болғанымен, бұлардың әрқайсысын құрылымы жағынан бұрын 
қазақ поэзиясынан мүлде орын алмаған жаңа архитектоника 
деп тану керек болады.
Сөйтіп, Абай қазақ өлеңінің бұрынғы төрт тармақты 
шумақтардан тұратын түрлерінен басқа, тармақ саны жағынан 
тағы да бес түрін енгізген екен және олардың өлшемдік, 
ырғақтық, әуендік өрнегін құбылтып, әртүрлі етіп ұсынғанын 
көреміз. Осы арқылы Абай өлең құрылымын түрлендірудің жо-
лын ашты, үлгісін салды. Ұлы жаңашылдың бұл «ұсынысын» 
шәкірттерінің ішінде бірден қабылдап, амалды әрі қарай 
жалғастырған, жалғастыра отырып, бұл орайда ұстазынан 
асып түспегенмен, қалыспаған Шәкәрім болды деп батыл айта 
аламыз.
Ең алдымен, Шәкәрім сегізаяқты, яғни сегіз тармақты 
(жолды) құрылымды қолданды. Сегізаяқтың Абай келтірген 
өлшемін және ұйқас суретін сақтап, Шәкәрім «Жастық тура-
лы» және «Кәрілік туралы» деген екі өлеңін жазған. Мысалы, 
«Жастық туралы» өлеңінің 1-шумағы мынадай:


208
Гауһардай көзі 
Бұлбұлдай сөзі
Жаннан асқан бір пері. 
Жүзі бар айдай, 
Мінезі майдай,
Өзгеден артық сол жері. 
Дариядай ақыл мол еді,
Жан ғашығым сол еді.
Бұл шумақтың тармақ саны, буын өлшемі, ұйқас суреті 
дәл Абайдың «Сегізаяғындағыдай». Көрсетілген екі өлеңінен 
басқа тағы бір өлеңін («Шын сырым») Шәкәрім сегіз тармақты 
құрылыммен береді, бірақ мұның ұйқас суреті мен өлшем сан-
дары (буын сандары) Абай ұсынған сегізаяқтан мүлде басқаша. 
Бұл өлеңде сегіз тармақтың барлығы да 6 буынды өлшеммен 
келген, ал ұйқасы 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   87   88   89   90   91   92   93   94   ...   259




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет