217
сақталды, дәстүр жалғастығы мықты болды. Мұның барлығы,
бір жағынан, поэтикалық тіл
нормаларын берік сақтауға
ықпал етсе, екінші жағынан, жаңалыққа көп жібермеді. Бірақ
дамудың аты – даму, оның заңы қазақ өлеңі дүниесінде өзгеріс-
жаңалықтарды туғызбай тұра алмайтын еді. Бұл ұлы тарихи
миссия-міндет Абайдай талант иесінің үлесіне тиді.
Абай қазақтың поэтикалық тілінің бұрынғы дәстүр-
нормаларын жетілдіру, түрлендіру, кеңейту, жүйеге айналдыру
сияқты суреткерлік міндеттерді мойнына артты, сонымен қатар
поэтикалық көріктеудің жаңа амалдары мен соны құралдарын
ұсыну, өлең архитектоникасы (құрылымы) мен фоникасына
(мақамына, үніне) қазақ құлағы естімеген, қазақ аузы айтпаған
мүлде тың жаңалықтар әкелу сияқты іс-харекеттер де Абай
көтерген ауыр да зор жүктердің бірі болды. Сөйтіп, Абай
қазақтың ауызша тараған көркем сөзін ұлттық жазба дүние
дәрежесіне жеткізді, поэти-калық тіліне жаңа сапа енгізді. Бұл
– Абайды жаңашыл әрі классик қаламгер деп танытты.
Өзіне дейінгі де, өзінен кейінгі де сөз зергерлерінен
Абайдың шоқтығы биік тұруының негіз-себептері көп болса,
солардың бірі – Абайдың жеке суреткер қолтаңбасы немесе
шығармашылық контекст дегенді айқын көрсетуі болды, яғни
ол өзінің ақындық қуатын, сөз тану қабілетін, сөз жұмсау та-
лантын жаңаша,
өзінше көрсетті, өз қолтаңбасын танытты,
мұны таратып айтқанда:
1) Поэтикалық көп (үлкен) ойды – «идеяны» аз сөзбен
берудің үлгісін салды, ол үшін бұрынғы ақын-жыраулар
тіліндегі
көп сөзді шаблондардан, қызыл сөзді риторикадан,
дидактикалық параллельдерден бас
тартты. Құдайберген
Жұбанов көрсеткендей, халық жырлары мен ақын-жырауларда
елін сағынғандықтың идеясын айту үшін, арғымақтың үйірін,
сұңқардың ұясын, қараша
қаздың көлін қайсысы қалай
сағынатынын айтып алып барып, «ниет қылдым еліме» деген
өлең жолын келтіретін тәсілге Абай бармайды, айтпақ ойын
дәл әрі жинақы етіп беру үшін әсерлі, тың сөз-образдарға иек
артады, мұндай образдарды молынан жасайды. Бұл орайда
Гогольдің Пушкин өлеңдері жайында: «Мұнда қызыл сөз жоқ,
поэзия бар» дегенін Абайға да жанастыра айтуға болады. Оны