224
құрылысы, әсіресе, оның жеке мәселелері жайында айтылған
пікірлер мен талдаулар бар. Бұлардың ішінде, әсіресе, проф.
Қ.Жұмалиев қазақ өлеңінің табиғатына жиірек үңіліп, бұл са-
лада көптеген пікір-тұжырымдар мен талдаулар ұсынғанын
атаймыз
54
. Сондай-ақ І.Жансүгіров, М.Әуезов, С.Мұқанов,
Е.Ысмайылов, Б.Кенжебаев, Ы.Дүйсенбаев, Т.Нұртазин,
Ғ.Мүсірепов, 3.Ахметов, М.Хамраев
55
т.б. тәрізді әдебиетші
және жазушылар мен Қ.Жұбанов, Н.Сауранбаев, С.Аманжолов,
І.Кеңесбаев, Х.Махмудов, М.Балақаев, Т.Қордабаев, Ғ.Мұса-
баев тәрізді тіл мамандарының әр кезде, үлкенді-кішілі әр
алуан жұмыстарында қазақ өлеңінің құрылысы, ондағы жеке
сөздер мен тұлғалардың қолданысы, өлеңнің ырғақ, ұйқас,
өлшем сияқты шарттары сөз болады.
Өлеңнің синтаксистік құрылысын талдауда, ең алдымен,
өлеңнің жалпы белгілері мен жеке жайттарын танып білу аса
қажет. Сондықтан біздің бұл жұмысымызға жоғарғы аталған
зерттеушілер мен мамандардың мақалалары мен еңбектері
зор көмегін тигізді. Бұлардың ішінде, әсіресе, қазақ өлеңінің
құрылысы мен Абай поэзиясының құрылысын арнайы зерт-
теген құнды еңбек З.Ахметовтің «Казахское стихосложение»
атты кітабы мен мақалаларының біздің бұл талдауларымыз
үшін мәні зор болғанын атап өтеміз. Сонымен қатар тілшілер
тарапынан өлең синтаксисі тақырыбына тұңғыш қалам тартқан
Т.Қордабаевтың «Поэзиялық шығармалардың синтаксистік
құрылысы» атты жұмысын да арнайы атаймыз
56
. Мұнда ав-
54
Достарыңызбен бөлісу: