язык. - М., 1959. - С. 219.
76
Жирмунский В.М.
Композиция лирических стихотворений // Опо лз. - 1921. - С.
13-14.
77
Жұмалиев К
Әдебиет теориясы. - Алматы, 1960. - 159-6.
78
Исмаилов Е.
Об особенностях поэтики Абая // Известия Каз ФАН СССР. - Серия
языка и литературы. - 1945. - Вып. 2. - С. 37.
239
арнайы Абай өлеңдерінің де құрылысын зерттеуші проф.
Б.Кенжебаев шумақ деп нені танитынын ашып айтпаса да,
ұйқас тұтастығын негізгі меже етіп ұстайтындығы байқалады.
Мысалы, Абайдын «Қарашада өмір тұр» деген шығармасын
сегіз тармақты шумақтардан құралған деп тануына да, «Келдік
талай жерге енді» деген өлеңін шумақтауында да ұйқас
принципі негізге алынған
79
. Өлең синтаксисіне әдейі арнаған
тарауында Т. Қордабаев та шумақ туралы пікір айтады, бірақ
зерттеуші шумақ категориясын абзац немесе тирада категория-
сымен араластырғаны байқалады. «Шумақтың құрылысы алу-
ан түрлі: ол екі тармақты (өте аз), үш, төрт тармақты болып
та, он, жиырма тармақты болып та келе береді. Кейде, әсіресе
жыр толғауларында ешбір
шумаққа бөлінбей,
аяқталмай,
біріне-бірі жалғасып кете беретін
шумақсыз,
яғни
бір-ақ шумақ
түрінде (курсив біздікі –
Р. С.)
келетін өлеңдер де болады»
80
дегеніне қарағанда, автор өзіне-өзі қайшы келіп, шумақ деген
терминді өз мәнінде қолданбағаны көрінеді. Өйткені бір өлең
қалайынша әрі шумақсыз, әрі бір-ақ шумақты бола алады?
Өлең не шумақты, не шумақсыз болуы керек қой.
Қазақ филологиясында шумақты тануда толығырақ пікір
айтқан – проф. З.Ахметов. Ол өлең жолдарының шумаққа
бірігуіне негіз болатындар деп ұйқасты, интонацияны және
мағыналық тұтастықты – үшеуін қоса атайды. Бір ұйқасқа
құрылған тармақтардың тізбегі сол өлеңдегі келесі сондай
тізбектерге сәйкес (ұқсас, аналогиялас) болатындығы (әрине,
шумағы екіден асқан шығармаларда) белгілі бір заңдылықпен,
тәртіппен келеді де, әр шумақты танытады, – дейді. З.Ахметов.
Ұйқас шумақты танытатын бірден-бір белгі болмағанмен,
оның мәні зор екенін айта келіп, шумақтың белгілі бір аяқталған
ойды қамтитын синтаксистік құрылыс болуы шарт екенін
көрсетеді. Орыс зерттеушілері (Л.Тимофеев, Б.Томашевский
т.б.) назар аударғандай, қазақ өлеңдерінің шумақтарында да
ритмиканың (ырғақтың) рөлі күшті екенін және айтады
81
.
79
Кенжебаев Б.
Қазақ реалистік әдебиетінің негізін салушы // Абайдың өмірі мен
творчествосы. - Алматы, 1954.- 102-103-б.
80
Қордабаев Т.
Поэзиялық шығармалардың синтаксистік құрылысы //Тарихи
синтаксис мәселелері. - Алматы, 1965. - 182-6.
81
Ахметов 3.
Казахское стихосложение. - Алма-Ата, 1964. - С. 145-147.
240
Біз шумақты тануда соңғы зерттеушінің пікірін қуаттай
отырып, лингвистикалық тұрғыдан айқындай түскіміз келеді.
Ең алдымен, өлеңді шумақтарға бөлінген не бөлінбеген
деп тану үшін, ұйқасты ғана негізге алу дұрыс емес. Қазақ
өлеңдерінде, оның ішінде жырда, қатарынан келген бірнеше
тармақ бір ғана ұйқасқа құрылған болады. Ал жыр – астро-
фикалық (шумақсыз) өлең түрі, яғни ондағы тармақтар қатаң
тәртіппен (төрт-төрттен, алты-алтыдан, сегіз-сегізден т.т.)
тізбектелмей, әр жерде әр санды (4-5 тен 20-ға дейін не одан да
астам) болып топтасады, бірақ мұндада шумақтағыдай бірдей
ұйқас және біршама аяқталған ой тұтастығы болады. Еске ала-
тын және бір жай – қазақ поэзиясында, әсіресе жыр түрінде
көптеген тармақты бір ұйқаспен қамту – дәстүрлі кең тараған
құбылыс екенін көптеген зерттеушілер атап өткен болатын
82
.
Демек, шумақты танытатын бірден-бір белгі ұйқас болса,
осындай тирадаларды да шумақ деп тануымыз керек болар еді.
Абай өлеңдерін шумақтауда екі түрлі ерекше жайға көңіл
аударуға тура келеді. Бірі: Абай өлеңдерінің көпшілігі –
монорифмалық (жалғыз ұйқасты) шығармалар, олардың өзі
екі түрлі. Кейбір шығармалары бастан-аяқ бір-ақ ұйқаспен
жазылғанмен, жеке-жеке шумақтарға бөлінеді
83
. Мысалы,
«Қартайдық, қайғы ойладық, ұйқы сергек», «Адасқанның алды
– жөн, арты – соқпақ», ішінара «Қартайдық, қайғы ойладық,
ұлғайды арман» (мұнда 1-шумақ бір ұйқаспен, келесі 8
шумақ тағы бір ұйқаспен, қалған 3 шумақ үш түрлі ұйқаспен
құрылған), «Бір дәурен кемді күнге бозбалалық» т.б. өлеңдері
төрт тармақты шумақтарға бөлінген. Демек, бір ұйқасты бо-
луына қарамастан, өлең жеке шумақтарға жіктелуі әбден
мүмкін екені көрінеді. Бұл – бір. Екіншіден, Абайдың едәуір
шығармасы әдеттегі төрт тармақты
ааба
ұйқасымен бастала-
ды да, әрі қарай екі тармақтың алғашқысы ұйқассыз қалдыры-
82
РадловВ. В.
Образцы народной литературы..., - СПб., - Т. III. - С.XXIV.
Ильминский Н.И.
Материалы к изучению киргизского наречия. - 1861. - С. 108;
Жұмалиев Қ.
Әдебиет теориясы. - 183-б.;
Ахметов 3.
Казахское стихосложение. -
Алма-Ата, 1964. - С. 272-273.
83
Абай өлеңдерінің бұл ерекшелігін зерттеушілердің көбі (
Е.Ысмайылов,
С.Мұканов, Б.Кенжебаев, З.Ахметов
т.б.) көрсеткен болатын.
241
лып, соңғысы алдыңғы тармақтардағы
а
ұйқасына құрылады,
сөйтіп, өлеңнің аяғына дейін жалғыз ұйқас сақталады.
Мысалы:
1. Қансонарда бүркітші
шығады аңға,
– а
2. Тастан түлкі табылар
аңдығанға.
– а
3. Жақсы ат пен тату жолдас бір ғанибет, –
б
4. Ыңғайлы ықшам кшм
аңшы адамға.
–
а
5. Салаң етіп жолықса қайтқан ізі, –
6. Сағадан сымпың қағып
із шалғанда,
–
а
7. Бүркітші тау басында, қағушы ойда, –
8. Іздің бетін түзетіп
аңдағанда...
–
а
(І,22).
Мұны зерттеуші З.Ахметов дәстүрлі он бір буынды
ааба
ұйқасты әрі қарай жалғастыру деп табады
84
. Өзге зерттеушілер
(М.Хамраев, Рсалиев)
ааба
ұйқас суретімен басталып, әрі
қарай жол аралап
а
ұйқасы қайталап келіп отыратын өлеңдерді
шығыс поэзиясында өте ертеден бар газель өлеңдердің
ұйқасы деп қарайды
85
. Ал газельді көптеген зерттеушілер
бір тақырыпты (бір идеяны) ғана жырлайтын (о баста тек
сүйген қызына байланысты көңіл күйін білдіретін) шағын
өлең түрі деп табады. Газель өлеңдер – түркі халықтарының
кейбіреулерінде (ұйғыр, өзбек, әзірбайжан, түрікмен, түрік)
ертеден келе жатқан өлең түрі. Бұл жерде біздің мақсатымыз –
ааба
шумағымен басталып, әрі қарай
ва, га, да
болып кететін
өлеңнің шығу төркіні, себебі емес (оны өлең шарттарын ар-
найы зерттейтін мамандардың үлесіне бердік), осы типтегі
өлеңдердің Абайда бар екендігі және соның синтаксистік
жағынан қалай құрастырылатындығы. Мұндай құрылысты
өлеңдерге, біздің байқауымызша, ақынның 1957 жылғы толық
жинағы бойынша 12 шығармасы жатады. Олардың ішінде
3.Ахметов көрсеткен 11 буындылардан «Қансонарда бүркітші
шығады аңға», «Қыран бүркіт не алмайды салса баптап»
деген өлеңінен басқа, «Жасымда ғылым бар деп ескермедім»,
«Базарға қарап тұрсам, әркім барар», «Қыс», «Әуеде бір
84
Ахметов 3.
Казахское стихосложение. - Алма-Ата, 1964. - С. 313.
85
Хамраев М.
Основы тюркского стихосложения. - Алма-Ата, 1963. - С. 136-138.
Рсалиев К.
Қырғыз ырларының түзулушу. - Фрунзе, 1965. - С.164.
242
суық мұз ақыл зерек»деген туындылары бар
86
. Көңіл аудара-
тын жайдың бірі – мұндай құрылысты Абай жалғыз 11 бу-
ынды өлеңде емес, 7-8 буынды өлеңдерінде де пайдаланған.
Бұған «Жақсылық ұзақ тұрмайды»
87
, «Орынсызды айтпаған»
(«Әбдірахманға»), «Қуанбаңдар жастыққа», «Ішім, өлген,
сыртым сау» дегендер жатады. Бұл типте ұйқастырылған
өлеңдердің ішінде екеуі тағы сәл ерекшеленеді. Бірі – «Қалың
елім, қазағым, қайран жұртым». Өлең бір ұйқасты, 30 жолды.
Бұл өлең ұйқасқа қарай өз ішінен тармақтарының топталуы
жағынан төрт бөлікке белінеді: алғашқы 16 жолдың алғашқы
төртеуі
ааба
болып кетеді, келесі топ алты жолды, ол да
аабава
ұйқасты, ал соңғы 8 жол – төрт-төрт тармақтан тұратын
ааба
ұйқасты екі бөлік
88
. «Байлар жүр жиған малын қорғалатып»
86
Абайдағы өлеңнің бұл ұйқасты түрі туралы айтып келіп, акад. С.Мұқанов:
«Абай 1882 жылы 37 жасындағы жазған «Аңшылық» деген («Қансонарда бүркітші
шығады аңға») өлеңінен кейін ұйқастырудың бұл түрін доғарған», – дейді («Жарқын
жұлдыздар», 336-6.). Біздің байқауымызша, бұл байлам аса дәл емес. «Әуелде бір
суық мұз», «Қыс», «Базарға қарап тұрсам, әркім барар» өлеңдерін Абай 1886, 1888,
1889 жылдары жазған. Соған қарағанда, Абай бұл
Достарыңызбен бөлісу: |