ШУМАҚ ТУРАЛЫ ТҮСІНІК Өлең тармақтарының (жолдарының) бір-бірімен синтак-
систік қарым-қатынасқа түсіп, бірігулерін, яғни синтаксистік
тұтас бір дүние құрап, топтасуларын сөз еткенде, ең алды-
мен, өлеңнің шумақтарға бөлінетін-бөлінбейтіндігін есепке
алу керек. Өйткені мұның өлең құрап тұрған жолдардың бір-
бірімен топтасып-ажырасатын межесін айқындауда айрықша
мәні бар. Б.В.Томашевский өлең тармақтарының строфикалық
(шумақты) және астрофикалық (шумақсыз) екі түрлі жолмен
топтасуын сөз етсе
73
, Н.С.Поспелов субстрофикалық (шумақ
элементі бар) құрылымды да қосу керектігін айтады
74
.
Ал шумақ (строфа, строфика) деген не? Өлең құрылымына
тән бұл категорияны әрқилы танушылық бар. Қазіргі орыс
филологиясында шумақ құрайтын белгілер: ұйқас бірлестігі,
тармақтардың белгілі бір тәртіппен орналасуы және шумақтың
ритмика-интонациялық оқшаулығы болып табылады
75
. «Стро-
фа является одновременно законченным синтаксическим и
тематическим целым: она заканчивается точкой и заключает в
себе законченную мысль»
76
.
Қазақ поэзиясын зерттеушілер де шумаққа бірдей анық-
тама берген емес. Проф. Қ.Жұмалиев негізгі белгі ретінде
синтаксистік тұтастықты алатын сияқты: «Өлең сөйлем-
деріндегі синтаксистік бір ойдың бітуін шумақ деп атайды»
77
(Әрине, шумаққа берілген бұл анықтама тым келте, қара-
пайым). Шумақты жасайтын факторлардың бастысы ұйқас
деп танығандықтан, кейбір зерттеушілер бір ұйқаспен қам-
тылған тармақтардың күллісін бір-ақ шумақ деп табады. Мы-
салы, Е.Ысмайылов Абайда 32 ұйқасты тармақтан құралған
шумақ бар дегенді айтады
78
. Қазақ поэзиясын, оның ішінде
73
Томашевский Б.В. Строфика Пушкина // Пушкин. Исследования и материалы. -
Т. II. - М.-Л., 1958. - С. 51.
74
Поспелов Н.С. Синтаксический строй стихотворных произведе ний Пушкина. -
М., 1960. - С. 38.
75
Томашевский Б.В. Стих и