237
– проза тілінде мүлде жоқ құбылыс, ал өлең тармақтары бұл
тәсілді едәуір мол пайдалана алады.
Мен, сен, біз, сіз, сендер
де-
ген есімдік бастауыштары жасырынған толымсыз сөйлемдерді
де өлең синтаксисі әлдеқайда жиі қолданады, егер бұл есімдік
бастауыштар сөйлемге қатыстырыла қалса, көбінесе стильдік
мәніболады.
Ықшамдауға ұқсас құбылыс – сыйыстыру тәсілі де қазақ
өлеңінде проза тіліндегіден
қолданылу жиілігі жағынан
да, амалдары жағынан да молдау, басым түседі.
Өткен шақ
көсемше тұлғасы арқылы ұқсас сөйлемдерді бір синтаксистік
тұтастыққа ұйымдастыру прозада да бар, бірақ поэзияда бұл әрі
жиі, әрі көлемді. Бұған классикалық үлгі ретінде зерттеушілер
Махамбетгің атақты «Ереуіл атқа ер салмай» деген өлеңі мен
Абайдың «Оспанға» деген шығармаларын көрсетеді. Сөйтіп,
сыйыстыру тәсілі қазақ өлеңінің синтаксистік құрылысын
белгілейтін элементтердің бірі болып табылады.
Міне,
жалпы қазақ өлеңінің, оның ішінде Абай өлеңінің
синтаксистік құрылысын танып-білуде осы аталған жайттарды
талдап, сөз етеміз.