243
деген шығарманың алғашқы екі бөлігі
ааба
ұйқасты, төрт
тармақты (болып келеді де, қалған 10 тармағы сөз етіп отырған
тәртіппен кетеді (жол аралатып
а
ұйқасына оралып отырады).
Абай мұндай құрылысты тек осы 12 өлеңінде емес, ішінара
(басқа шығармаларында да қолданады. «Қақтаған ақ күмістей
кең маңдайлы» өлеңі екі-ақ ұйқасқа құрылған: алғашқы 20 жол
жоғарғыша
ааба-мен
басталып, жол аралаған
а
ұйқасты – бір
топ, соңғы 16 жол – басқа бір ұйқасты, бірақ екі топ: оның 14
жолы тағы да алдыңғы топпен аналогиялас, соңғы 4 жолы
ааба
ұйқасты.
Сөйтіп, ұйқасқан тармақтардың
орналасу тәртібіне қарай
біз талдап өткен құрылыстағы өлеңдерді қалай шумақтауға
болады: ұйқас бір болғандықтан, тұтас өлең бір-ақ шумақ
па (ол мүмкін
емес екенін бір ұйқасты, бірақ төрт тармақты
шумақтарға құралған өлеңдердің барлығы көрсетеді), әлде
ааба
болып келетін төрт жолы – бір шумақ та, өлеңнің
қалған бөлігі – бір шумақ па, жоқ, болмаса, қалған бөлігі
екі-екі жолдан бір шумақ болып келе ме? Бұл жерде шумақ
құрайтын белгілердің ұйқастан басқаларына – тармақтардың
синтаксистік құралымы (оформлениесі)
мен интонациялық
тұтастығына және тармақтардың белгілі тәртіппен (циклмен)
топтасуына – жүгінуге тура келеді.
Шумақ ұйқас бірлігімен қатар «синтаксистік және
тақырыптық тұтастықты» (В.М.Жирмунский) танытатын бол-
са және «шумақ болу үшін өлең жолдарының көбі не азы шарт
емес»
89
болса, әрбір шумақтың соңы синтаксистік құрылыс
байқалады. Бірақ әрдайым дұрыс шыға бермеген. Мысалы, 1957 жылғы екі томдықта
осы өлең («Қалың елім...») тармақтары дұрыс топтастырылған. Сондай-ақ «Базарға
қарап тұрсам, әркім барар» (I, 43) деген өлеңнің алғашқы 4 жолы бөлек шығарылған
да, қалғандары тұтас (қатар) басылған. Ал осы типтес өзге шығармалардың
графикалық берілуі әрқилы: «Әуелде бір суық мұз акыл зерек» (12 жолды) үш бөлек
етіп көрсетіліпті, «Қыс» бастан-аяқ тұтас тіркеліпті. 7-8 буынды үш
өлең де терме
тәртібімен жазылыпты. Дұрысында, бұлардың барлығында да алғашқы төрт жолды бір
бөліп тастап, қалғандарын тұтас беру немесе бәрін де тұтас басу керек еді. Бұл сияқты
пәлендей мәні жоқ сияқты түзетулер ұлы ақын мұрасының келесі басылуларында
(әсіресе ғылыми, мүмкін тіпті академиялық басылымында) еске алынуы керек қой
дейміз, өйткені оның жалпы кітап, баспа мәдениеті үшін ғана емес, өлең структурасын
оқушы жұртшылыққа дұрыс таныту – ақын стилін, ерекшелігін көрсете отыру үшін
де маңызы бар.
89
Достарыңызбен бөлісу: