болсын
өз мінезі,
Абыройлы қалжыңмен
келсін
сөзі.
Сен оған мойын бұрып сөз айтқанда,
Қатыныңда
болмасын
оның көзі (I, 40).
Мұндайда синтаксистік біртұтастыққа топтастырылған
сөйлемдердегі етістіктердің шақтық біркелкілігі де рөл
атқарады: қазақ өлеңінде көбінесе біртұтастықтағы (көбіне-көп
бір шумақтағы немесе абзацтағы) етістіктер бір шақта беріледі,
бұл тәртіп көп ретте баяндау стилінде жазылған шығармаларға
тән. Ал суреттеу стилінде құрылған шумақтар мен абзацтарда
синтаксистік бір тұтастыққа ұйымдасқан сөйлемдердің шақтық
көрінісі бірдей болмауы да мүмкін. Мысалы:
Мен
жазбаймын
өлеңді ермек үшін,
Жоқ-барды, ертегіні термек үшін.
Көкірегі сезімді, тілі орамды
Жаздым
үлгі жастарға бермек үшін.
Бұл сөзді тасыр
ұқпас,
талапты
ұғар
Көңілінің көзі ашық, сергегі үшін (I, 96).
Бұл шумаққа топтасқан сөйлемдердегі етістіктер үш түрлі
шақта (ауыспалы, өткен және келер шақ) берілген, соған
қарамастан, мағыналық тұтастығы, алдыңғы 4 жолдағы субъ-
ект ортақтығы (соған орай етістіктердің жақтық бірдейлігі)
арқылы шумақ синтаксистік тұтастық категориясын құрайды.
3. Қазақ тілінде синтаксистік күрделі тұтастықты жасауда
тәуелдік жалғауының рөлі зор. Сөйлемдегі белгілі бір сөздердің
тәуелдік тұлғада тұруы оны алды-артындағы сөйлемдерде
айтылған оймен іліктестіреді. Мысалы, Абайдың:
263
Көзінен басқа ойы жоқ
Адамның
надан
әуресі.
Сонда да
көңлі
тым-ақ тоқ,
Жайқаң-қайқаң
әрнесі
(I, 132), –
деген шумағының соңғы екі жолы алдыңғылармен
көңлі, әрнесі
деген тәуелдік жалғаулы сөздер арқылы байланысқан, бұл
сөздер алдыңғы тармақтағы
надан
сөзіне қарасты.
Кедейдің
өзі жүрер малды бағып,
Отыруға отын жоқ үзбей жағып.
Тонған иін жылытып, тонын илеп,
Шекпен тігер
қатыны
бүрсең қағып (І,72), –
деген жолдарды бір шумаққа сыйғызылған синтаксистік
тұтастық етіп тұрған элементтердің бірі –
қатыны
деген сөздің
тәуелдік тұлғада тұруы. Осы сөз арқылы соңғы екі тармақ
алдыңғы тармақтармен (оның ішінде
кедей
сөзімен) іліктеседі.
4. Айтылмақ ойдың каркасы (негізгі идеясы) бірінші
тармақта беріліп, келесі тармақтар сол ойға қатысты көбінесе
бірыңғай конструкциялар түрінде келуі арқылы да синтаксистік
тұтастық жасалады. Мысалы, Абайдың:
Қорқытпа мені дауылдан,
Дүрілдеп тұрса тау мен сай.
Шатырлап тұрған жауыннан,
Жарқылдап тұрса түскен жай (II, 96), –
дегенінде ең алдыңғы тармақтағы сөйлем – негізгі ой,
қалғандары – осы сөйлемнің жалғасы.
Өлең жолдарын бір-бірімен байланыстырып, синтаксистік
тұтастық құраушы каркас қызметін жеке сөздер немесе сөз
тіркестері де атқарады. Мысалы, Абай «Қартайдық, қайғы
ойладық, ұлғайды арман» деген өлеңінде бір шумақты
дос ала
-
ды
деген сөзден бастайды да, қалған тармақтарды осы фразаны
анықтауға жұмсайды, сөйтіп,
дос алады
тіркесі магнит сияқты
шумақ жолдарын өзіне тартып тұрады:
Дос алады
бермесең, бұлт берем деп,
Жауыңа қосылуға сырт берем деп,
Бұзылған соң мен оңай табылмаспын,
Не қылып оңайлықпен ырық берем деп (I, 28).
Міне, бұлар – өлең жолдарын синтаксистік біртұтас дүние
етіп біріктіретін амал-тәсілдердің басты-бастылары. Бұлардан
264
басқа да кейбір жеке тәсілдер болуы мүмкін. Мысалы, өлең
жолдарын бір-бірімен тығыз байланыстыруда инверсия мен
тасымалдың да рөлі болады. Әсіресе, тасымалға ұшыраған
тармақтардың бір-біріне тәуелділігі өте күшті сезіледі. Бұл
амал-тәсілдер әрдайым жеке-дара қолданылмай, екі-үшеуі
қатар қызмет етуі де мүмкін. Мысалы, сөйлемдердегі ой-
мазмұнының тұтастығы кейде субъект бірлігімен қатар келеді.
Сондай-ақ тәуелдік жалғаулы сөздер мен есімдіктер арқылы
байланысқан тармақтарда да субъект ортақтығы қоса жүреді.
Тармақтардың біртұтас синтаксистік дүние болып бірігуі
шумақты өлеңдерде де, шумақсыз өлеңдерде де болады. Бірақ
көбінесе бір-бір синтаксистік тұтастық болып тұйықталуы
шумаққа тәндеу қасиет. Оның үстіне шумақтағы сөйлемдердің
синтаксистік құрылымы шумақсыз өлеңдерге қарағанда,
әлдеқайда күрделі болады. Астрофикалық өлеңде көбінесе
шумақтардағыдай полюстерге тармақталуы (тезис-антитезис)
немесе композициялық жіктелуі (констатация және түйін)
тәрізді күрделілік болмайды, сондықтан да бұларда мазмұндас
сөйлемдердің қатарынан тармақталуы ғана оларды бір жер-
ге шоғырлап, бір немесе бірнеше синтаксистік автономиялар
жасайды. Бір шумақ көбінесе бір ғана синтаксистік тұтастық
болса, астрофикалық өлең бөліктері (абзацтары) кейде екі-үш
тұтастық болуы мүмкін. Екі шумақтың синтаксистік біртұтас
дүние болып құрылуы – Абайға дейінгі қазақ поэзиясында
да, Абайдың өзінде де жоқ құбылыс. Дегенмен шумақ пен
синтаксистік тұтастық категориясын бір-біріне сайма-сай
келетін единицалар деп үзілді-кесілді тұжырымдауға болмай-
ды.
Абзацтарға бөлінбейтін астрофикалық өлеңдердегі тармақ-
тар байланысында, біздіңше, екі түрлі құбылыс байқалады.
Мысалы, тармақ саны шағын әрі бір ұйқаспен берілген, бір
идеяға бағышталған өлең көбінесе бір күрделі синтаксистік
тұтастық болады. Мысалы, Абайдың «Көкбайға» деген 9
жолдық өлеңі – шумақсыз бір ғана бөлік. Мұнда алғашқы екі
жол – өлеңнің идеясы, негізгі ой:
Сорлы Көкбай жылайды,
Жылайды да жырлайды.
265
Қалған жолдар мағына жағынан осы екі жолға тікелей
байланысты, яғни бұлар осы ойдың (Көкбайдың жылап-
жырлайтынының) себебін білдіретін жеке жай сөйлемдер бо-
лып келеді де, барлығы синтаксистік құрылысы жағынан бір-
ақ тұтас дүние болып шығады.
Ал астрофикалық өлендердің ішінде сыртқы белгілер
(ұйқас, модальдық реңк, субъект бірліктері) арқылы абзацтарға
бөлінбейтін, көбінесе бір ұйқасқа құрылған едәуір мол
тармақтан тұратындары бірнеше синтаксистік шоғырға топта-
лады. Мысалы, «Ішім өлген, сыртым сау» өлеңі – монорифма-
лы, 28 жолдық шығарма. Мұның
ааба
суретімен басталатын
алғашқы 4 жолы – синтаксистік бір құрылым, бір субъектіге
қазықталған, ол лирикалық герой (ақынның өзі). Мұндағы
грамматикалық категориялар I жақта:
Ішім
өлген,
сыртым
сау,
Көрінгенге
деймін-ау!
Бүгінгі дос – ертең жау,
Мен не
қылдым,
япырмау?!
Келесі 4 жол да – біздіңше, өз алдына біршама түйық-
талған синтаксистік тұтастық, мұнда «бүгін дос, ертең жау»
болатындардың автор атынан берілген мінездемесі, грамма-
тикалық категориялары III жақта:
Өз үйінде өзендей
Күркірейді
айтса дау.
Кісі алдында кірбеңдеп,
Шабан, шардақ
және
шау.
Ал қалған жолдар екі-екіден бір сөйлем болып, өзара
мағына жақындығы мен жақ жағынан ортақтық (II жақ)
арқылы бір-бірімен іліктесіп біртұтастық құрайды. Мұндағы
тармақтар саны едәуір, 20 жол. Соңғы 20 жолдың тұтастығы
синтаксистіктен гөрі мағыналық жағынан күшті. Сондықтан
бұл типтес шоғырларды синтаксистік тұтастық демей, синтак-
систік бірлік (единство) деп атауды ұсынамыз. Синтаксистік
бірліктер тұтас өлеңге немесе оның әлдеқайда ірі бөлігіне
топталған мағыналас сөйлемдердің тізбектелуі болып шыға-
ды. Мұндайда екі-үш тармақтан құралған жеке сөйлемдердің
грамматикалық жағынан автономиялығы синтаксистік тұтас-
266
тыққа енгендерден әлдеқайда күшті болады.
ааба
суретті
ұйқаспен басталып, әрі қарай екі-екі жолдан жалғасатын
өлеңдерді де біз синтаксистік тұтастық емес, бірлік деп таба-
мыз. Мұнда да алғашқы 4 жол синтаксистік тұтастық болып
келгенмен, келесі жолдар екі-екіден (немесе төрт-төрттен)
мұндай конструкциялар құрай алмайды. Келесі жолдар екі-
екіден көбінесе бір сөйлем болады да, ол сөйлемдердің грам
-матикалық дербестігі күшті сезіледі. Бұларды бір-бірімен
және алғашқы төрт жолмен байланыстыратын – тек мағына
жақындығы мен ұйқас бірлігі, демек, бұлар – жеке компо-
ненттердің бірлесуі (тізбектелуі қатар келуі) ғана.
Сөйтіп, өлеңді жасайтын материалдардың бір-бірімен
байланысып, әртүрлі синтаксистік категориялар құрайтын
осы амал-тәсілдерінің енді Абай поэзиясындағы көрінісін
талдайық.
267
Достарыңызбен бөлісу: |