Наданның
сүйенгені көп пен дүрмек).
11 буынды 4 тармақты шумақтағы сөйлемдерді күрделі
синтаксистік тұтастық етіп ұйымдастыруға ақын жоғарыда
286
көрсетілген амалдардан басқа, сөз немесе сөз тіркесін қайталап
келтіру, морфологиялық тұлғалары бірдей ұйқастарды пайда-
лану, бір модальдық реңк арқылы топтастыру тәрізді тәсілд-
ерді де қолданған.
Абайдың 11 буынды, төрт тармақты шумақтарының бір-
тұтас синтаксистік единица болып құрылуына әсіресе оларды
ақынның екі-екі жолдан жымдастырып біріктіруі үлкен рөл
атқарады.
Сөйтіп, Абай 11 буынды, 4 тармақты строфикалық (шу-
мақты) өлең түрін актив қолданған. Бұл топқа ақынның бір
шумақтан тұратындары мен поэмаларын қоса есептегенде, 84
шығармасы жатады. Олардың ішінде төл өлеңдері – 54, төл по-
эмасы – 3, аударма өлеңдері – 24, аударма поэмасы – 1. Бұл
топқа алғашқы төрт жолы бір шумақ болып келіп, әрі қарай
екі-екі жолдан ұйқасып кететін өлеңдерін қоспаймыз. Демек,
ақын қазақ поэзиясында өзіне дейін орын тепкен өлең фор-
масын мол пайдаланып, оның строфикалық (шумақты) түрін
дамытқан. Аударма шығармаларында 11 буынды өлеңнің
шумақты түрін басым қолданғаны көзге түседі. Тұпнұсқада
өзгеше өлшемде келетін шумақтарды да Абай дәлме-дәл аудар-
са да, еркін аударса да, 11 буынды, 4 тармақты шумақтармен
береді. Крылов мысалдарының біразы 11 буынды шумақты
өлеңмен аударылған. Аударма шығармаларының әзірге бізге
мәлімінің жалпы саны 55 болса («Қарға мен түлкі» мысалының
Алтынсарин вариантын қоспағанда), оның тең жартысы (27-
сі) 11 буынды, 4 тармақты шумақтармен жазылған. Соған
қарағанда, Абай шумақты синтаксистік күрделі тұтастық етіп
ұйымдастырып, белгілі бір айтпақ ойды беруде қолайлы 11 бу-
ынды 4 жолды өлең түрін қалаған. Және әр шумақты шашып-
бөлмей синтаксистік біртұтас дүние етіп құру принципін берік
ұстаған деп табамыз (әрине, мұны Абай теория жүзінде осы-
лайша танып-біліп, әдейі істемегені түсінікті).
* * *
Абайдың шумақты өлеңдерінің тобына біз талдап өткен
кәнігі 11 буынды, 4 тармақтыдан өзге түрлері де жататындығы
аян. Олардың кейбіреулерін Абайдың өзі енгізген. Сондықтан
287
бұлардың синтаксистік оформлениесінде де Абайдың ал-
дында үлгі-схема болған емес, демек, тың. Енді осылардың
синтаксистік құрылысын талдайық.
Ең алдымен, Абайдың 11 буынды, 4 тармақтыдан өзге
строфикалық өлеңдері буын саны жағынан да, тармақ саны
жағынан да бірнеше түрлі болып келеді. Олар – 4, 6, 7, 8, 9
тармақтылар. Біздің байқауымызша, Абайда екі бөліктен
тұратын 14 тармақты шумақтар да бар. Ол – «Сен мені не
етесің?» деп басталатын өлеңі. Мұнда 7-тармақ пен 14-тармақ
ұйқас құрайды. Сонда әрбір 14 жол ұйқас суретіне қарай бір
шумақ болып шығады.
Абай аса көп тармақты өлең түрін жиі қолданбағанмен,
бірнеше рет байқап көрген. Мысалы, «Қатыны мен Масақбай»
(«Сырмақ қып астына») деген өлеңі – 14 тармақтан құралған
екі шумақты шығарма (1957 жылғы басылуында да солай
графикаланған). Мұнда да екі симметриялық бөліктен тұратын
14 жолды бір шумақ етіп тұрған 7-нші және 14-інші жолдардың
өзара ұйқасы (мағыналық, синтаксистік тұтастықты былай
қойғанда):
келтірді
–
өлтірді; боқтады
–
тоқтады.
Дегенмен Абайдың ең жиі қолданған түрлері – алты тармақ
(алты аяқ) пен сегіз тармақ (сегіз аяқ). 7 және 9 тармақты
өлеңдері де онша көп емес.
Абайдың әр алуан мөлшердегі, әр алуан тармақталған шу-
мақтарының синтаксистік құрылымына олардың сол буын
саны мен тармақ санының тікелей қатысы бар. Осылардың
әрқайсысын жеке-жеке талдалық. Ең алдымен төрт тармақ-
тыларды қарастырайық. Бұлар буын саны жағынан 6, 7, 8 және
7-8 буын аралас болып құрылған.
6 буынды, 4 тармақты шумақтарда ең азы екі тармақ бір
синтаксистік құрылым (мүше немесе сөйлем) болып келеді,
өйткені мұнда буын санының әлдеқайда аздығы жеке бір
тармақты 11 буындыдағыдай дербес синтаксистік единица етіп
құруға келе бермейді. Мысалы:
Жылайын, жырлайын,
Ағызып көз майын.
Айтуға келгенде,
Қалқаға сөз дайын (І,137).
288
Құр айғай бақырған
Құлаққа ән бе екен?
Өнерсіз шатылған
Кісіге сән бе екен? (I, 215).
Бұларда шумақ екі сөйлемнен құрылған. Әр сөйлемді
жасауға екі тармақтан қатынасқан. Ал Абай поэзиясында алты
буынды тармақтың бір өзі жеке
сөйлем немесе бірыңғай мүше
болып келетін сәттері бар. Сөз жоқ, мұндайда сөйлем мүлде
шағын болады да көбінесе жалаң сөйлем конструкциясы ғана
беріледі:
Қайғың – қыс, жүзің – жаз,
Боламын көрсем мәз,–
дегенде екі жолда тіпті үш сөйлем бар, бірақ оларда анықта-
уыш, толықтауыш сияқты тұрлаусыз мүшелерге орын тимеген,
сөйлемдер жалаң.
6 буынды төрт тармақты шумақтардың көпшілігінде ал-
дыңғы екі жол бірыңғай параллельдер болып келеді:
Сенсің – жан ләззаты,
Сенсің – тән шәрбаты...
Көзімнің қарасы,
Көңлімнің санасы...
Тегі, өлең тармағындағы буын санының аздығы парал-
лельдердің болуына ең қолайлы жағдай болып табылады, ал
параллельдер – өлең динамикасын, ақынның айтпақ ойын
берудегі стилін өзгеше етіп беретін дүниелер. «Көзімнің
қарасы» өлеңінің көп шумақтарының алдыңғы екі жолы – па-
раллель конструкциялар, олар не қаратпа, не бастама, не арнау,
не суреттеу сияқты «кіріспе» болып келеді, ақынның негізгі
ойы алдыңғы «кіріспемен» мағына жағынан жымдаса келіп,
соңғы екі тармақта беріледі:
Көзімнің қарасы,
Көңлімнің санасы, –
деген параллель – арнау, ақынның айтпақ ойы – сол «көзінің
қарасы мен көңлінің санасына» арналған «ішінде бітпейтін
ғашықтың жарасы».
6 буынды өлеңдердің синтаксисінде байқалатын және бір
ерекшелік – инверсияның жиірек қолданылуы. Сөйлемді
289
мейлінше шағын етіп құрастыру үшін оның ішіндегі сөздердің
орнын әлдеқайда еркіндеу ұстау қажеттігі туады. Сондықтан
алты аяқ өлеңдерде:
Мен сәлем жазамын
Қарағым қалқама.
Қайғыңнан азамын,
Барушы айта ма? (I, 216) –
тәрізді инверсиялар еркін қолданылады. Бұларда шумақ жол-
дарын бір-бірімен цементтеп тұрған да – осы инверсия. Әрбір
екі жолда – «төңкеріліп» келген бір сөйлем:
Күн бойы күтемін, (басыңқы).
Келер деп хабарың (бағыныңқы).
Мұндай инверсиялар алдыңғы екі жолда да, соңғы екі
жолда да ұшыраса береді. Мысалы, «Мен сәлем жазамын»
деген өлеңнің алдыңғы тармақтары инверсиялы конструк-
ция болса, «Көзімнің қарасында» көбінесе соңғы екі тармақ
инверсияланған:
Бітпейді ішімде
Ғашықтың жарасы...
Жөндеп те айтпадым,
Жүрегім лүпілдеп...
Инверсияның ең күшті қолданылған жері – «Болды да пар-
тия» деп басталатын шығарма. Мұнда шумақ бастан-аяқ қатаң
түрде екіге бөлінген симметриялық конструкциядан тұрады.
Негізгі ой осы конструкциялардың басында (1-жолында)
берілгендіктен, амалсыздан инверсия жасалған:
Достарыңызбен бөлісу: |