294
бөлек (әрбір
аб
тармағы) дүние болып келетін өлеңдер де жоқ
емес. Мысалы, «Құрсаған бұлт ашылмай»
108
өлеңінің 4 шумағы
да осындай екі-екі автономиядан тұрады. Бірінші шумақтың
алғашқы екі тармағы «құрсаған бұлт пен аспанның жүзі»
жайында болса, екінші пары – «үрпейген жүрек пен
талапты
көңіл» жайында. Шумақ ішіндегі екі парды біріктіріп тұрған
еш нәрсе жоқ тәрізді. Не мағыналық тұтастық, не байланы-
стырушы формальдық элемент жоқ (әрине, мүлде
ешқандай
байланыс, іліктестік жоқ деуге болмайды, жалпы идеясы,
философиялық толғану стилі жағынан тұтастық сипаты
байқалады). Бірақ Абайда мұндай өлеңдер кемде-кем. Сірә,
Абай шумақ тұтастығын қатаң сақтау принципін ұстаған.
Абайдың бірқатар төрт тармақты өлеңдері – бірөңкей 7 не-
месе бірөңкей 8 буыннан құрылғандар. Бұлар сан жағынан көп
емес. Таза 7 буындылардың көпшілігі («Білімдіден шыққан сөз»,
«Айттым сәлем, қаламқас», «Қиыстырып мақтайсыз», «Сұлу
аттың көркі – жал» деген өлеңдер)
ааба
ұйқасымен жазылған,
синтаксистік
құрылысы да соған орай
абаб
ұйқастылардан
өзгешелеу болып келеді. Мұнда алғашқы екі тармақ көбінесе
параллель конструкциялар болады да соңғы екеуі тұтас бір
сөйлем болады. Ал параллельдің өзі жеке сөйдемдер болғанда,
11 буындағыдай емес, көбінесе келте сөйлемдер болып келеді
немесе 1-2-жолға бірыңғай сөйлем мүшелері орналасады. Мы-
салы:
Қайғың болар шермен тең,//
Қара көңлім жермен тең (I, 105).
Өлең жазған тырбанып,//
Ән үйренген ырғалып (I, 106).
108
Бұл өлең Абай кітаптарында және Мүрсейіт дәптерінде (1905 жылғыда)
«Жақсылық ұзақ тұрмайды» деген өлеңнің жалғасы ретінде берілген (1957 жылғы
басылымның 156-бетін қараңыз). Мазмұны жағынан да, өлеңдік құралымы жағынан
да, біздіңше, бұлар – екі бөлек дүниелер. Екеуі де 7-8 буынды болғанмен, алғашқысы
(«Жақсылық ұзақ тұрмайды») –
ааба
ұйқасымен басталып, әрі қарай – жол аралап
а
ұйқасымен кететін 10 жолдық өлең. Екіншісі («Құрсаған бұлт ашылмай») –
абаб
ұйқасты, 4 тармақтан құралған шумақты өлең. Сірә,
екеуін қосып жіберуге
себепкер болған нәрсе мазмұндарындағы ұқсастық болар: екеуінде де уайым-қайғы
сөз болады. Бірақ бір идеяны бірнеше өлеңінде жырлау Абай үшін, жалпы қаламгер
үшін – жат нәрсе емес. Сондықтан өлеңдердің құрылысына қарап, екеуін екі өлең
деп табамыз.
295
Көзім жатқа қарамас,//
Жат та маған жарамас (I, 103).
Сонымен қатар
аа
ұйқасымен келген алғашқы екі тармақтың
параллель емес бір сөйлем болып келу құбылысы 7 буынды
шумақта 11 буындыдан гөрі жиілеу:
Білімдіден шыққан сөз
Талаптыға болсын кез (I, 86).
Сұлу
қыз бен я батыр
Болмаған соң, Тәңір алғыр (I, 86).
Бір-бірімен осылайша не параллель құрап, не бір сөйлем бо-
лып, тығыз байланысқан алдыңғы екі тармақ соңғы екеуімен
іліктесіп келіп, синтаксистік біртұтастық құрайды. Ол
іліктестік, өзгелердегі сияқты, тәуелдік жалғаулы сөздер мен
есімдіктер арқылы,
ортақ субъект арқылы, ортақ сөздер т.б.
арқылы жүзеге асырылған.
Таза 8 буынды өлеңдер төрт тармақты шумақ құрғанда,
әрдайым дерлік
абаб
ұйқасымен келгендіктен,
синтаксистік
құрылысы осы типтегі 7-8 аралас буынымен бірдей берілген.
Міне, Абайдың төрт тармақты шумақтарының синтаксистік
құрылысы – осындай.
* * *
6 тармақты шумақ мөлшерімен Абай 10 шығармасын
жазған. Оның ішінде біреуі ғана бір шумақтан тұрады, бірақ
ұйқас суретіне қарап 6 тармақты деп есептейміз. Бұл – Абайдың
Лермонтовтан аудармасы («Ғашықтық іздеп тантыма»). Абай
Лермонтовтың «И скучно, и грустно»
деген шығармасының
екі шумағын екі түрлі етіп аударып көрген. «Әм жабықтым,
әм жалықтым» деп басталатын шумақ, біздіңше, 8 тармақпен
берілген (кітапта 6 тармақ – II, 71). Суреті –
Достарыңызбен бөлісу: