Ген кәнігі эпитеттің үстіне жапырағы қуарған



Pdf көрінісі
бет123/259
Дата30.01.2023
өлшемі6,92 Mb.
#166770
1   ...   119   120   121   122   123   124   125   126   ...   259
Байланысты:
Кітаптар 25-36

Құрбыдай қош тұттым 
Жасың мен кәріңді. 
Жоқтамай ұмыттым
Ақыл мен нәріңді (I, 220).
Мұнда сөйлемнің негізі (бастауыш, баяндауышы) – екіге 
бөлінген шумақтың әр бөлігінің 1-жолында, 2-жолдар сол 
сөйлемнің тұрлаусыз мүшелері 
(жасың мен кәріңді, ақыл мен 
нәріңді).
6 буындық төрт жолды бір шумақтың синтаксистік құры-
лысы жағынан тең екі бөлікке бөлініп тұруына ұйқас та себеп 
болып тұр. Мұндағы 
абаб 
түріндегі шалыс ұйқастың әрбір 
аб 


290
тармағы көбіне-көп бір синтаксистік единица болып келеді. 
Ал 
ааба 
суретімен берілген «Көзімнің қарасында», жоғарыда 
айттық, алғашқы екі тармақ көбінесе параллельдер де соңғы 
екеуі соған іліктескен негізгі ойға арналған.
Сөйтіп, 6 буынды 4 тармақты шумақтың синтаксистік 
бірлігі әлдеқайда берік, өйткені мұнда көбінесе буын санының 
аздығынан әр екі жол бір единица құруға мәжбүр және олар 
екі-екіден тағы жұптасып, шумақ құру қабілетіне ие. Ал шумақ 
негізінен бір күрделі синтаксистік тұтастық болып шығады. 
Ондағы тармақтарды біріктіретін мағына тұтастығы болады, 
яғни алғашқы екі тармақ соңғы екеуінде айтылатын ойға не 
бастама (арнау, қаратпа т.т.), не анықтама (мысалы «Көзімнің 
қарасында») болып келеді де, төрт жол тұтас дүние болып 
шығады. Немесе бір шумақтағы екі сөйлемнің бір-бірімен 
мағыналық іліктестігі күшті болады (мысалы, «Мен сәлем 
жазамын» өлеңінде). Сондай-ақ төрт жолдың әрбір екеуі 
(аб 
ұйқастысы) параллель конструкция болып, сол арқылы 
біртұтас дүние құрайды.
6 буынды 4 жолды шумақтардың біртұтас единица болып 
құрылуында ақын инверсия тәсілін де қолданған (мысалы, 
«Болды да партия» өлеңінде). Сөйлемдер ықшам; көбінесе 
жалаң немесе үш мүшелі ғана жайылма; ішіндегі сөз тәртіптері 
қатаң қаратпа, қыстырма тәрізді оқшау элементтер өте сирек, 
бірыңғай мүшелер болса, олар да сан жағынан екіден аспайды 
және бір ғана тармаққа орналасады:
Өсекке салмаңдар 
Ойымды, жарымды 
(I, 220). 
Жылайын, жырлайын,
Ағызып көз майын (I, 137). 
Қызарып, сұрланып, 
Лүпілдеп жүрегі (І, 135).
Абайдың төрт тармақты шумақты өлеңдерінің келесі то-
бына 7-8 буынды түрі жатады. Бұлардың өзі екі түрлі: көп 
шумақтары бірөңкей 7 немесе 8 буынды түрлері мен 7-8 ара-
лас буынды түрлері. Соңғы (7-8 аралас) топтағы өлеңдердің 
барлығы да 
абаб 
суретті шалыс ұйқаспен жазылған. Олардың 
синтаксисі де осыған тікелей байланысты құрылған. Әдетте, 
аб 


291
суретті тармақтар синтаксистік дербес бір құрылым (единица) 
болады:
1) Желсіз түнде жарық ай
– а
Сәулесі суда дірілдеп, – 
б
2) Ауылдың жаны – терең сай, – 
а
Тасыған өзен күрілдеп (I, 77).
– б
Мұндайда шумақ екі-екі жолдан өзара өте берік жымдасқан 
болады, өйткені екеуі – әрдайым дерлік бір сөйлем, көбінесе 
жай сөйлем болып келеді:
1) Қалыңдық құшып, сүюге
Күйеуіне ынтызар.
2) Келісімен тиюге
Дайындалған ойы бар (I, 126),
Бір шумақтағы екі пардың өзара байланысына келсек, 
көбінесе мағына мен ұйқас бірлігі ғана байқалады. Мұндағы 
мағына бірлігі идея жағынан бір-бірімен ұштасқан екі сөй-
лемнің көбінесе параллель құрауында танылады. Мысалы:
Бала болдың, жас болдың –
Жалғандыққа ермедің. 
Төре болдың, бас болдың – 
Көкірегіңді кермедің (I, 184), –
деген жолдардағы екі сөйлем (әрі екі жол) – бір-біріне барлық 
жағынан параллель түскен конструкциялар, бірақ екеуі бір 
субъектіге қазықталған: әңгіме – Әбдірахман туралы.
Әрине, Абайдың 7-8 буынды, 4 тармақты 
абаб 
ұйқасты 
өлеңдерінің бәрі түгелімен параллель парлардан тұрмайтыны 
мәлім.
Параллель құрмайтын шумақтар синтаксистік құрылысы 
мен мазмұны жағынан екі түрлі болып келген парлардан 
құрылады. Бірақ мұнда да синтаксистік тұтастық белгілі бір 
амалдармен жүзеге асып тұрады. Мысалы:
Жиырма жеті жасында.
Әбдірахман көз жұмды.
Сәулең болса басыңда,
Кімді көрдің бұл сынды? (I, 182) –
дегенде соңғы
пардың (екі жолдың) алдыңғымен мағыналық 
байланысы 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   119   120   121   122   123   124   125   126   ...   259




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет