280
Өзі қысқа, өзі асау тентек өмір
Арттағыға бір белгі қойса нетер? (II, 106).
Немесе:
Біздің доспыз, асықпыз дегеніміз
–
Жалғандықтан жасалған көңіл жүгі (I, 56), –
деген сияқты күрделі конструкция да болып келеді.
3-жолы тұтас бір-ақ анықтауыш болып келген шумақтар да
бар. Мұндайда ол анықтауыштар не бірыңғай (бірнешеу) бо-
лады немесе есімше тұлғадан жасалған болады, ал есімшелер
сөйлемнің қай мүшесінің қызметін атқарып тұрса да, етістіктік
кейбір
белгілерден айырылмайды, яғни оның алдында
меңгерілген есімдердің (тұрлаусыз мүшелердің) қолданылуы
жолды толтыруға кең мүмкіндік береді. Мысалы:
Жүрегімді кескілеп сатып жүрген
Арсыздарды досым деп неге аяймын? (II, 113), –
дегенде 3-жол – 4-жолдағы
арсыздарды
деген толықтауыш-
тың күрделі
анықтауышы, оның қазық сөзі
сатып жүрген
деген есімше тұлғасы өзінің алдына бір толықтауышты
(жүрегімді),
бір пысықтауышты
(кескілеп)
қабылдап, бір
тармақты бір өзі алып тұр.
Мұндай конструкцияларды құ-
рауда Абайдың есімше, сын есім тәрізді тұлғаларды жиі
субстантивтендіре беретіндігінің де әсері бар.
Күрделі немесе бірыңғай бастауыш пен анықтауыштардың
бір тармақ құрауы – қазақ поэзиясының синтаксисінде Абайдан
бұрын да, соң да қолданылған тәсіл. Ал Абайда толықтауыш
мүшені бір жолға орналастыру да едәуір жиі қолданылған. Бұл
– Абайға дейінгі 11 буынды өлең синтаксисінде кемде-кем. Ілік
жалғаулы анықтауыш пен меңгерілген
толықтауыштар жеке
бір жолға орналасқанда, оның келесі тармақпен синтаксистік
жақындығы тіпті тығыз болады (екі жолдағы бір-біріне
қатысты мүшелерді курсивпен көрсеттік):
Арын сатқан мал үшін
антұрғанның
Айтқан
сөзі
құрысын,
шыққан
үні
(I, 29).
Іші – алтын, сырты – күміс сөз
жақсысын
Қазақтың
келістірер
қай баласы? (I, 66).
Мұндай жағдайдағы бір жолға берілген тұрлаусыз мүше
келесі жолдағы өзіне қатысты мүшеге жақын тұру тенденция-
281
сын ұстайды, сондықтан тұрлаусыз мүшенің өзі (не негізгі сөзі)
мүмкіндігінше тармақтың соңына орналасады да оны меңгеріп
тұрған мүше келесі жолдың бас жағында болады:
Әншейін күн өткізбек
Достарыңызбен бөлісу: