Ген кәнігі эпитеттің үстіне жапырағы қуарған



Pdf көрінісі
бет120/259
Дата30.01.2023
өлшемі6,92 Mb.
#166770
1   ...   116   117   118   119   120   121   122   123   ...   259
Байланысты:
Кітаптар 25-36

әңгімені
106
Тыңдар едің 
бір сөзін мыңға балап (I, 67).
Қадірін жақсы сөздің білер 
жанға
Таппай айтпа 
оған да айтар кезді (I, 70).
Көздің жасы, жүректің 
қаныменен 
Ерітуге болмайды 
ішкі мұзын (I, 173).
Шумақтың 3-4-жолдарын бір жай сөйлем етіп құрастыру 
Абайдың әсіресе аударма өлеңдерінде молырақ. Мысалы, 
М.Ю.Лермонтовтан аударған «Альбомға» деген өлеңінің төрт 
шумағының да 3-4-жолдары бір-бір жай сөйлем болып келген.
Соңғы екі жол тұтасып бір ғана жай сөйлем құрағанда, 
Абайда 1-2-жолдағы сияқты бір тармаққа бірыңғай мүшелерді 
бірөңкей орналастыратын сәттері де бар. Мысалы:
Жасырмай, жастықпенен, нанғыштықпен
Айтыпты шыншыл тілің бар іңкәрін (11, 80).
Ер-тоқымы, атымен, қаруымен
Ер шеркесті әкелген амалым бар (II, 115).
Немесе 3-жол санамаланып келген бірыңғай мүшелер бола-
ды да 4-жолдың басында жалпылауыш сөз тұрады:
Құда-тамыр, дос-жарың, қатын-балаң 
– 
Олар 
да бір қалыпты бола алмай жүр (I, 34).
Жақынның да, жардың да, асықтың да 

Бәрінің де 
қызығын көріп білсек (II, 112).
11 буынды өлеңнің соңғы жолының синтаксистік тағы бір 
құрылысы – ол екеуінің салалас құрмалас жасап тұруы. Абай-
да бұл да өнімді, бірақ оның жалғаулықты түрі жоққа жуық. 
Көбінесе екі жай сөйлем мағына іліктестігіне қарай ғана сала-
ласады, сондықтан кейде параллель жеке сөйлемдерден ажы-
рату да қиынға түседі.
Дегенмен өлең табиғатының өзі 3-4-жолдарда параллель 
жеке сөйлемдерден гөрі, бір-бірімен тығызырақ байланысқан 
салалас бір сөйлем болуын қалайды. Өйткені әдетте алдыңғы 
106
Бұл сөз Абай шығармаларының 1957 жылғы басылғанында 
әңгімеге 
түрінде 
берілген. 1909 жылғы басылуында 
әңгімені 
болып жазылған. Дұрысы да солай болу 
керек, өйткені 
әңгімені тыңдар едің 
болуға тиісті.


282
жолдарда фактіні констатациялау жиірек кездеседі де олар-
да параллель сөйлемдердің келуі әлдеқайда заңды болады
ал соңғы тармақтар айтылмақ ойдың түйіні болады да ол ой 
әлдеқайда күрделі тұтас конструкциямен (құрмалас сөйлем 
немесе бір жайылма жай сөйлем) білдірілуді талап етеді. 
Сондықтан мағыналары іліктесіп жатқан тиянақты екі сөйлем 
(екі тармақ) көбінесе салалас құрмалас ретінде танылады. Мы-
салы:
Бай ұлына жалшы ұлы жалынышты, 
Ағып жүріп ойнатар көздің жасы (I, 72), –
дегенде екі жай сөйлемнің екеуі де – баяндауыштары тиянақты 
жеке жай сөйлемдер, бірақ екеуі – параллель емес, бір-біріне 
іліктес, салалас құрмалас конструкцияның компоненттері. 
Бұларды байланыстырып тұрған және бір белгі – екі сөйлемнің 
бастауыштарының ортақтығы 
(жалшы ұлы).
Дегенмен Абайдың 11 буынды шумақты өлеңдерінде соңғы 
тармақтардың жеке-жеке параллель сөйлем болып келетін 
сәттері жоқ емес. Бұл – көбінесе тұтас шумаққа жайылатын 
тәртіп. Яғни шумақтың төрт жолы мағына жағынан бір-біріне 
жақын төрт параллель сөйлем болып келеді:
Жүрегіңнің түбіне терең бойла,
Мен бір жұмбақ адаммын, оны да ойла.
Соқтықпалы, соқпақсыз жерде өстім.
Мыңмен жалғыз алыстым, кінә қойма (I, 223).
Мұнда әр тармақ – автономиялық құрылыс. 1-ші және 
4-жолдардың өзі – әрқайсысы екі жай сөйлемнен құралған са-
лалас құрмаластар. Бұл төрт жолды бір құрмалас деуге болмай-
ды, дегенмен төртеуі – бір субъектіге қазықталған, бір идеяны 
баяндайтын тұтас дүние.
Сөйтіп, 11 буынды Абай шумақтарының 3-4-жолдары бір-
бірімен негізінен төмендегіше байланысқан болып келеді: 
1) екеуі бір құрмалас сөйлем құрайды, оның ішінде көбінесе 
сабақтас құрмалас болады, сан жағынан салалас құрмаластар 
да едәуір және оның жалғаулықсыз түрлері ғана кездеседі; 2) 
екеуі бір жай сөйлем болып келеді, ондайда көбінесе бір жолға 
күрделі бір ғана мүше немесе бірыңғай мүшелер орналаса-
ды. Абайда бұл – жүйелі түрде актив қолданылған конструк-


283
ция; 3) параллель жеке сөйлемдер болып келеді, бұл сирек 
қолданылған және көбінесе тұтас шумақтың конструкциясына 
орай құрылған, яғни мұндайда тұтас төрт жолды шумақ төрт 
бөлек параллель сөйлем етіп берілген. Бұл үш құрылымның 
ішінде Абай өлеңдерінің синтаксисіне тән немесе сонда етек 
алғаны – 2-түрі. Өйткені біздің жинаған материалдарымызға 
қарағанда, әсіресе меңгерілген бір тұрлаусыз мүшені бір жолға 
орналастыру Абайға дейінгі 11 буыңды өлеңдерде (фольклор 
мұрасында да, жеке қаламгерлерде де) жоққа жуық. Ал Абайда 
бұл сан жағынан едәуір мол, демек, система. Сондай-ақ тұтас 
бір шумақты төрт бөлек автономиялы параллель сөйлем етіп 
құрастыру да – тек жазба әдебиеттің, әдейі қырнап-өңдеудің 
нәтижесі.
* * *
Сонымен, Абайда ең жиі қолданылған 4 тармақты 11 буын-
ды шумақты құрап тұрған шарттардың бірі (ұйқас пен инто-
нация тұтастығынан басқа) – ол синтаксистік тұтастық, атап 
айтқанда жолдардың көбінесе екі-екіден (1-2 және 3-4-ді) 
тұтас бір сөйлем болып келуі және мағына жағынан алғашқы 
екі жол мен соңғы екі жолдың өзара байланысып келуі. Бұл 
байланыс та синтаксистік және логикалық құралымы жағынан 
біркелкі емес. Көбінесе мағыналық байланыс байқалады, яғни 
шумақтағы ойдың объектісі біреу-ақ болады да шумаққа енген 
төрт тармақ синтаксистік тұтас единица болып шығады. Мы-
салы:
Ақыл да, ашу да жоқ, күлкі де жоқ, 
Тулап, қайнап бір жүрек қылады әлек. 
Біреуінің күні жоқ біреуінсіз, 
Ғылым сол үшеуінің жөнін білмек (I, 7).
Мұнда формальдық бастауыш көп, ал логикалық ой – тұтас 
өлеңде айтылатын 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   116   117   118   119   120   121   122   123   ...   259




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет