өстім,
ойдан жырақ,
Айлаға, ашуға да
жақтым
шырақ.
Ерте
ояндым, ойландым,
жете
алмадым,
Етекбасты көп
көрдім
елден бірақ (I, 223) , –
деген шумақтың төрт жолындағы алты түрлі іс-әрекеттің иесі
біреу – автор, грамматикалық бастауыш та біреу –
мен
есімдігі,
грамматикалық жағынан бұл шумақты синтаксистік тұтас
единица етіп цементтеп тұрған – бастауыштың ортақ болуы,
баяндауыштардың бір формада жасалуы.
Абайдың едәуір шумақтарының (11 буынды, 4 тармақты)
алғашқы екі жолы бір субъектіге қазықталған болып келеді.
Әрине, мұндайда грамматикалық бастауыштың біреу болуы
шарт емес. Мысалы:
Өлсе өлер табиғат, адам өлмес,
Ол бірақ қайтып келіп ойнап-күлмес (1,178), –
276
дегенде екінші тармақтың субъектісі алдыңғыдағы
адам өлмес
деген сөйлеммен бір, бірақ екеуінде субъектінің грамматика-
лық көрінісі екі бөлек
(адам
және
ол).
1-2-жолдары бір субъ-
ектіге (және көбінесе грамматикалық бір бастауышқа) қазық-
талған болып құрылған шумақтар Абайда едәуір. «Ауру
жүрек ақырын соғады жай» өлеңінің 5 шумағы да осылайша
құрылған. «Қартайдық, қайғы ойладық, ұлғайды арман», «Қар-
тайдық, қайғы ойладық, ұйқы сергек» деген өлеңдердің де көп
шумақтарының 1-2-жолдары бір субъектімен (бір бастауыш-
пен) жымдасқан:
Бай алады, кезінде көп берем деп,
Жетпей тұрған жеріңде тек берем деп (I, 28).
Дос алады, бермесең – бұлт берем деп,
Жауыңа қосылуға сырт берем деп (I, 28).
Ақылды қара қылды қырыққа бөлмек,
Әр нәрсеге өзіндей баға бермек (I, 27).
Абайдың 11 буынды шумақты өлеңдерінің 1-2-жолдарының
бір-бірімен тығыз байланысқан тағы бір тәсілі бар. Ол – екі
жолдағы сөйлемдердің бірі – бағыныңқы, екіншісі – басыңқы
болып, екеуі бір құрмалас сөйлем құрап келуі. Әдетте, бұл кон-
струкция 3-4-жолдарға тән екені мәлім. 11 буынды шумақтың
1, 2-жолдарының жеке сабақтас құрмалас сөйлем болып келуі
бұрын-соңды қазақ өлеңдерінің синтаксисінде етек алмаған
құрылым болатын (1, 2-тармақтардың салалас құрмалас бо-
лып орналасуы – кәнігі тәсіл, бұл Абайда да, оның алды-
артындағы мұралардың қай-қайсысына да тән. Яғни алдыңғы
екі тармақ мағына жағынан бір-біріне байланысты параллель
екі сөйлемнен құралуы – 11 буынды, 4 тармақты қазақ өлеңінің
өнімді құрылымы). Абай, сөйтіп, 1-2-жолдарды сабақтас
құрмалас етіп құрастыруды едәуір жүйелі түрде пайдаланады.
Мұндайда көбінесе 1-жол шартты, қарсылықты, қимыл-сын
бағыныңқылар болып келеді:
Бөтен сөзбен былғанса сөз арасы,
Ол – ақынның білімсіз бишарасы (I
,
66).
Бұрынғы ескі биді тұрсам барлап,
Мақалдап айтады екен сөз қосарлап (I, 66).
Кейде бұл құрылымға өлең ұйқасының да қатысы бар. Мы-
салы, көптеген ұйқасы
-ып
жұрнақты көсемше тұлғасына
277
құрылған «Өлең – сөздің патшасы, сөз сарасы» деген өлеңде
әр шумақтың 1-2-жолдары көбінесе қимыл-сын бағыныңқылы
сабақтас сөйлем болып келген:
Қобыз бен домбыра алып топта сарнап,
Мақтау өлең айтыпты әркімге арнап (I, 67).
Амалдап қарағайды талға жалғап,
Әркім жүр алар жердің ебін қамдап (I, 67).
Алғашқы екі жолды сабақтас құрмалас етіп құрастыруда
көбірек кездесетіні – қимыл-сын және шартты бағыныңқылы
түрлері, дегенмен өзге бағыныңқылар да жоқ емес.
11 буынды, 4 тармақты шумақтың 1-2-жолдарының салалас
құрмалас болып құрылуы өзгелерде тәрізді, Абайда да молынан
кездеседі. Мұндайда салаласқа енген компоненттер көбінесе
жалғаулықсыз жасалады. Бұл – өлең синтаксисіне тән қасиеттің
бірі. Мұндай жолдардың арасына
сондықтан, өйткені, бірақ,
сонда да
тәрізді жалғаулықтар сұранып тұрғандай сезіледі,
яғни екі жолдың біреуінде себеп-салдарлы, қарсылықты т.б.
мағына тұрады. Мысалы:
Осы елде бозбала жоқ сөзді ұғарлық,
Үзілмес үмітпенен бос қуардық (I, 37), –
деген сөйлемдердің біріншісінде себеп, екіншісінде салдар
мәні бар, араларына
сондықтан
деген шылауды келтіруге бо-
лар еді, демек, бұл – себеп-салдар мәнді салалас құрмалас.
Сенбе жұртқа, тұрса да қанша мақтап,
Әуре етеді ішіне қулық сақтап (I, 213), –
деген жолдардың байланысы да өте берік, мұндағы екінші
жолдағы көрінбей тұрған бастауыштың кім екені контекстен
танылады, өйткені 2-сөйлем біріншідегі іс-әрекеттің себебін
білдіріп тұр, демек, себеп-салдарлы салалас құрмалас сөйлем.
Абай өлеңдерінде 1-2-жолдарға орналастырылған салалас
құрмаластардың жалғаулықтар арқылы берілгендері де бар,
бірақ бұлар аса көп емес. Мұндайда автор екі жолдағы екі
жай сөйлемнің араларына
сонда да, бірақ, сол себепті
тәрізді
жалғаулықтарды пайдаланған:
Өлеңге әркімнің-ақ бар таласы,
Сонда да
солардың бар таңдамасы (I, 66).
Өлсе өлер табиғат, адам өлмес,
Ол
бірақ
қайтып келіп ойнап-күлмес (1,178).
278
Туысқаның, достарың – бәрі екі үшті,
Сол себепті
досыңнан дұшпан күшті (I, 238).
Мұндайда Абай жолдарының едәуірінде қарсы мәнді
сөйлемдер сабақтастырылған:
Қарны тоқ қаса надан ұқпас сөзді,
Сөзді ұғар көкірегі болса көзді (I, 70), –
деген екі сөйлем осындай контрасқа құрылу арқылы өзара өте
жымдасып біріккен.
Сөйтіп, Абайдың 11 буынды шумақты өлеңдерінде 1, 2-жол-
дар өзара негізінен екі түрлі байланысып, жымдасып келеді: 1)
екі жол мағынасы бір-біріне жуық параллель жеке екі сөйлем
болып тұрады; 2) екеуі бір сөйлем болып құрылады, мұның өзі:
а) бір жол тұтасымен не бірыңғай мүшелер болады, не жайыл-
ма бір ғана мүше болады; ә) сабақтас құрмалас сөйлем болып,
тармақтық біреуіне бағыныңқы, екіншісіне басыңқы сөйлем
орналасады; б) салалас құрмалас сөйлем болып құрылады.
Абайда алдыңғы екі тармақтың бір сөйлем болып келуі сан
жағынан едәуір мол, демек, белгілі бір системаға бет алған.
Алдыңғы екі жолдың грамматикалық та, логика мағыналық
та, ритмика-интонациялық та жақтарынан тығыз
жымда-
сып құрылуы шумақтың синтаксистік тұтас единица болу-
ына бірден-бір себепкер болады. Төрт тармақтың күрделі
синтаксистік тұтастық болып шығуы үшін қалған екі тармақтың
синтаксистік құралымының мәні зор.
Әдетте, 11 буынды шумақты қазақ өлеңінің синтаксисінде
3-4-жолдардың алдыңғы екеуімен салыстырғанда бір-бірімен
әлдеқайда тығыз байланысып, көбіне-көп бір сөйлем бо-
лып келетіндігін бұрын-соңды қазақ өлеңінің құрылымын
зерттеушілердің барлығы көрсетеді. Бұған өлеңнің рифмалық
суреті де көмектеседі: 5-жолдың ұйқассыз қалдырылуы
(ааба)
ол жолды соңғы жолмен параллель етуден құтқарады,
сондықтан 3-жол
көп ретте бағыныңқы сөйлем немесе соңғы
жолдағы сөйлемнің жеке мүшелері тәрізді аяқталмаған тәуелді
дүние болып келеді я болмаса салалас сөйлемнің бір компоненті
болып құрылады.
Абайдың 11 буынды шумақты өлеңдерінің 3-4-жолдарының
бір-бірімен байланысу түрлері әр алуан. Олардың ішінде ең
279
жиі кездесетіндері – 3-тармақтың бағыныңқы сөйлем болып
келетін түрлері мен соңғы тармақтағы сөйлемнің бір бөлігі
(мүшелері) болып келетін сәттері. 3-жолдың қимыл-сын, шарт-
ты, мезгіл бағыныңқы болып жасалуы – Абайдан өзге де қазақ
өлеңіне тән ең өнімді конструкция. Әсіресе, баяндауышы
Достарыңызбен бөлісу: |