284
Жаздың көркі енеді жыл құсымен,
Жайраңдасып жас күлер құрбысымен.
Көрден жаңа тұрғандай кемпір мен шал
Жалбаңдасар өзінің тұрғысымен (I, 122), –
деген жолдардың барлығындағы сурет тек көктемге қатысты:
жыл
құсы да көктемде келіп, шығар жазға көрік береді,
табиғаттың жаңғыруы (көктем) жастарды құрбысымен жай-
раңдасып күлетін күйге жеткізеді, қазақ даласының қатты
қысында үйде бүрісіп
жатып шыққан, әл-қуаты кем кемпір-
шалдың көрден тұрғандай қалқиып үйден шығар кезі де
көктемде. Демек, үш бөлек бастауыш, баяндауыштары бар үш
сөйлемді төрт жолдық бір шумаққа енген синтаксистік тұтастық
етіп тұрған – логикалық ой бірлігі. Бұл сипат «Жазғытұры»
тәрізді өлеңнің әрбір шумағында бар. Барлық шумақта да субъ-
ект біреу – «жазғытұрғы уақыт, көктем». Әңгіме саудагердің
жаңа бұлмен ауылға келуі,
диханның жер жыртып егін егуі,
малдың төлдеп, біреуінің екеу болуы туралы болып жатса, осы
үш картинаны бір шумақта біріктіріп тұрған – көктем тура-
лы идея, яғни үшеуі де тек көктемде болатын іс-әрекеттердің
суреті.
Сұлу қыз, сұлу аттың портретін берген өлеңдерінде сыртқы
құралымы жағынан тіпті кейде әр тармақ бір-бір сөйлем болып
келсе де, олардың бір шумақ құрап, синтаксистік тұтастыққа
бірігуіне себепкер – негізгі ой (тақырып) бірлігі. Мыса-
лы, «Білектей арқасында өрген бұрым» деген өлеңнің төрт
шумағының тақырыбы біреу – «сұлу, тәтті қыз».
Әдетте, Абайдың портрет және суреттеме шығармаларында
әр тармақтың грамматикалық жағынан автономиялығы күшті
болып келеді, яғни кейде әр
жол жеке-жеке сөйлем болып
құрылады:
Кемпір-шал шуақ іздеп, бала шулар.
Мал мазатсып, қуанып, аунап-қунар.
Жыршы құстар әуеде өлең айтып,
Қиқу салар көлдегі қаз бен қулар (І,123).
Мұнда 5 дербес сөйлем бар, бес бөлек грамматикалық ба-
стауыш бар, бірақ шумақтағы тұтастық өте берік. Мұнда
синтаксистік
жолмен тұтасудан гөрі, ортақ идея – логикалық
285
ой арқылы тұтасу басым. Тегі, Абайда түр мен мазмұнның
органикалық тығыз байланыста болуында строфикалық
өлеңдерінің синтаксистік құрылысының рөлі күшті. Шумақ
(осыдан барып тұтас бір өлең)
көбінесе бір идеяның, бір
образдың, бір суреттің төңірегінде болады, сондықтан бұл
шумаққа өзге идея, өзге тақырып қыстырылмайды, басы
артық «таңбасы жоқ, ені жоқ бурыл тайлар» мен «сағасы өткел
бермейтін терең сайларға» орын қалмайды.
Сондықтан да
ақын бір шумақты бір идеяға, кейде бір субъектіге қазықталған
екі, кейде үш, кейде тіпті жалғыз немесе төрт-бес сөйлемнің
шоғыры етіп береді.
Абай екі-екіден топтасып келген төрт жолды бір синтаксистік
тұтастық етіп жасауда тағы бір тәсілді жиі қолданады: алдыңғы
жолдардағы бір мүшені соңғы екі жолдың бірінде есімдік
арқылы қайталап береді. Мысалы:
Кейде ойлайды жылауға
қайғы-зарын,
Тынышсыз күнде ойлаған
дерттің
бәрін.
Кейде
онысын
жасырар
жұрттан ұрлап,
Кетірер деп мазақтап беттің арын (I, 227).
Бұл шумақтың соңғы екі жолы мағына жағынан алдыңғы
жолдарсыз дербес дүние бола алмайды:
онысы
деп тұрған-
дардың немене екені алдыңғы жолдарсыз беймағлұм, сон-
дықтан сыртқы құралымы жағынан үш жеке сөйлем болып
келген бұл шумақ біз атаған тәсіл арқылы бір-бірінсіз «күн
көре алмастай» болып жымдасқан. Абайда бұл тәсіл (есімдік
арқылы алдыңғы жолдардағы объектіні қайталау)
едәуір мол
пайдаланылған.
Сондай-ақ ұлы ақынның 4 жолдық шумақтарын біртұтас
ететін амалдың тағы біреуі – субъект ортақтығы.
Алашқа іші жау боп, сырты күлмек,
Жақынын тіріде аңдып, өлсе өкірмек.
Бір-екі жолы болған кісі көрсе,
Құдай сүйіп жаратқан осы демек (I, 27), –
деген төрт жолдың субъектісі біреу-ақ ол – «надан» (мұның өзі
жасырынып тұр, оны алдыңғы шумақтан табамыз –
Достарыңызбен бөлісу: