307
олардың екі полюсті (тезис және қорытынды) болып келуі де
себепкер, өйткені қорытынды сол тезистен шығады.
«Сегіз аяқтың» ерекше құрылған өлшемі оның синтаксисіне
тікелей әсер еткен: мұнда 1, 2, 4, 5-тармақтар 5 буыннан тұрады,
3, 6-және 7, 8-тармақтар 7 буынды. 5 буыннан құралған жолдар
көбінесе бірыңғай параллель мүшелер болып келеді де үшінші
жолмен қосылып, сөйлем құрайды:
Тамағы тоқтық,
Жұмысы жоқтық
Аздырар адам баласын...
Үш жолдың бұлайша бір
сөйлем болып құрылуы кейде
өлең тасымалына жол ашады. «Сегіз аяқ» – Абай өлеңдерінің
ішінде тасымал нышаны едәуір сезілетін өлеңі. Мысалы (тасы-
мал бар жерді қос сызықпен көрсеттік):
Хош, қорықты елің,
Қорқытқан сенің
Өнерің қайсы, //айтып бер...
Мамықтан төсек,
Тастай боп кесек
Жанбасқа батар, //ұйқы жоқ.
Мұнда тасымалдың арқасында соңғы жолдар синтаксистік
екі бөлікке бөлінген: ...өнерің қайсы, [соны сен] айтып бер.
Сейтіп, алғашқы 6 жол үш-үштен топтасып,
екі сөйлем
құрайды, ол сөйлем өзара және параллель түседі, ал соңғы екі
жол көбіне-көп бір-ақ сөйлем болып құрылады:
Бойда қайрат, ойда көз
Болмаған соң, айтпа сөз...
Ынсап, ұят, терең ой[ды]
Ойлаған жан жоқ, жауып қой...
Тегі, 7 буындық әр тармақ шағын бір-бір сөйлем құрай ала-
тындығына қарамастан, ақын бір сөйлемді екеуіне орна-
ластырған. Оған 7-8-жолдардың
афоризм-тұжырым ретінде
ұсынылғаны себеп болып тұр: екі жол – бір ой, бір мазмұн, бір
өсиет.
Тіпті кейде бұл жолдар:
Қарғағанын жер қылмақ,
Алқағанын зор қылмақ, –
308
түріндегі параллель конструкциялар болып келсе де, бұлар-
дың өзара жымдасуы өте тығыз (субъект – бір, мазмұны бір-
ыңғай, екеуі бір-ақ тұжырымды білдіреді). Сірә, «Сегіз аяқ-
тың» 7-8-жолдарының параллель болып келуі өте аз, көбінесе
бір-ақ сөйлем, оның өзінде де жай сөйлем болып құрылған,
сондықтан бұларда да тасымал нышаны күшті:
Моласындай бақсының
Жалғыз қалдым,//тап шыным.
Ал егер екі жол құрмалас етіп берілсе, оның бір компоненті
тіпті келте, ықшам келеді:
Толғауы
тоқсан қызыл тіл,
Сөйлеймін десең,
өзің біл...
Ынсап, ұят, терең ой
Ойлаған жан жоқ, –
жауып қой.
Бұл жердегі курсивпен көрсетілген компоненттер – бір
ғана баяндауыш арқылы берілген толымсыз сөйлемдер. Өлең
өлшемі мен ұйқас суреті жағынан да, синтаксистік құралымы
мен композициялық құрылымы жағынан да дәл «Сегіз аяқша»
құрылған өлең – «Көкбайға» («Бұралып тұрып»). Бұл – бір-ақ
шумақтан тұрған строфикалық өлең. Осы екі өлеңнен өзгеше
құрылған және бір «сегіз аяқ» – «Сұрғылт тұман дым бүркіп»
деп басталатын аударма өлең, бұл – әрқайсысы 8 тармақтан
тұратын екі шумақты шығарма.
Өлеңнің ұйқас суреті де
(абабввгг),
өлшемі де (алғашқы алты жол – 7 буынды, келесі
екеуі – 3 буынды), синтаксистік құрылысы да мүлде өзгеше.
Композициясы – алғашқы төрт тармақ тезис (баяндау), келесі
екі тармақ – тұжырым, соңғы екеуі – кесім, тұжырымның
тұжырымы:
Атаңды анаң азғырып,
Тұрғызбаған бейішке.
Алласы оны жазғырып,
Әкелді
бастап кейіске, [өйткені]
Әйелде ешбір опа жоқ,
Бүгін – жалын, ертең – шоқ, (сондықтан]
Белді бу,
Бетті жу (II, 90).
Міне, Абайдың шумақты өлеңдерінің түрлері және ол шу-
мақтардың синтаксистік-композициялық құрылымы – осын-
дай.