315
Сондай-ақ осы принципті нық ұстасақ, бірқатар шумақсыз
өлеңдердің шоғырлануын көрсетіп жазуға болады. Мысалы,
«Жылағанды тоқтатып» деп басталатын Мағыштың жоқтауын
үшке (I шоғыр «Қайтып келіп қонбайды» деген жерден, II
шоғыр «Артыңа қарап аһ ұрдым» деген жерден ажыратылуы
керек), «Абыралыға» деген өлеңді де үшке бөліп жазған дұрыс
болар еді.
Әрине, Абайдың шумақсыз өлеңдерінің күллісі осылайша
бөліктерден құрылған болып келмейді. Едәуір өлеңі (буын
саны жағынан шағын, қысқалары) бір-ақ шоғырдан тұрады.
Көңіл аударатын нәрсе: мұндай өлеңдердің барлығы да –
бір ұйқастылар, демек, бұлар жоғарғылардың бір-бір бөлігі
тәрізді. Бір бөліктен тұратын шумақсыз өлеңдерінің көпшілігі
(«Ішім өлген, сыртым сау», «Тұл бойың ұят-ар едің», «Осы
қымыз қазаққа» «Сәулең болса кеудеңде» т.б.) кезек ұйқаспен
жазылған, оларда көбінесе екі тармақ дербес бір сөйлем бо-
лып келеді. Тек бір өлеңі («Оспанға») шұбыртпалы ұйқаспен
берілгендіктен, 16 жол тұтасымен бір ғана құрмалас сөйлем
етіп құрылған. Тегінде, Абай шұбыртпалы ұйқасты актив
пайдаланбаған. Сөз жоқ, мұндайда өлеңнің синтаксистік
құрылымы ауырлайды, компоненттер арасындағы арасалмақ
бұзылады. Бұл – қазақ поэзиясында ертеден келе жатқан, ауыз
әдебиетінде едәуір етек алған тәсіл болғанмен, Абайдың оны
бір-ақ жерде қолдануына, сірә, оның синтаксистік құрылымы
да себепкер болған болу керек. Өйткені Абай өлеңдерінің
синтаксисі дәл, ықшам, анық конструкциялармен құрылады,
сондықтан ауыз әдебиеті дәстүрімен іліктесіп, ертеден келе
жатқан бұл стандарт тәсілді Абай жазба әдебиетке лайық деп
таппаса керек
111
.
111
Барлығы 10 жолдан тұратын «Балалық өлді, білдің бе?» өлеңінің 7 жолы
бір-бірімен ұйқас құрылған, бірақ шұбыртпалы ұйқасқа құрылған «Оспанға»-дан
айырмасы бар: мұнда әрбір ұйқасқан жол – жеке сұраулы сөйлем, демек, 7 сөйлем
бар, бұлардың тұтасуы – тек мағыналық мотивте. Сірә, бұл өлеңді және осы тәрізді
бастан-аяқ барлық жолы ұйқасатын «Тоты құс түсті көбелек» өлеңін шұбыртпалы
ұйқастыларға қосуға болмайды. Бұлардағы ұйқастық тұтастығы «кездейсоқ», мұны
ақын, тегі,
Достарыңызбен бөлісу: