Ген кәнігі эпитеттің үстіне жапырағы қуарған



Pdf көрінісі
бет128/259
Дата30.01.2023
өлшемі6,92 Mb.
#166770
1   ...   124   125   126   127   128   129   130   131   ...   259
Байланысты:
Кітаптар 25-36

– а
– 6 буын
2. Мені тастап

 б
– 4 буын
3. Өнер бастап 

 б
– 4 буын
4. Жайыңа
– 
в
– 3 буын
5. Және алдап, 
– 
г
– 4 буын
6. Арбап 
– 
г 
– 2 буын
7. Өз бетіңмен сен кетесің. – 
а
– 7 буын
8. Неге әуре етесің 
– а
– 6 буын
9. Қосылыспай, 
– 
д
– 4 буын
10. Басылыспай, 
– 
д
– 4 буын
11. Байыңа
– 
в
– 3 буын
12. Және жаттан 

 г
– 4 буын
13. Бай тап,
– 
г
– 2 буын
14. Өмір бойы қор өтесің 
– а – 7 буын
Осыншама көп тармақ құрай тұра, бұл шумақ небары екі-
ақ сөйлемді қамтиды: әрбір жеті жол – мүшелері инверсия-
ланып берілген тұтас бір күрделі сөйлем, қара сөзбен берсек: 
«Сен мені не етесің [не етейін деп едің], мені тастап, өнер 
бастап және алдап-арбап өз бетіңмен жайыңа кетесің» болып 
шығар еді. Келесі бөлігі де – осындай. Бұлардың барлығында 
да және қызық нәрсе: ең алғашқы тармақ – айтылмақ ойдың 
түйіні, қазығы, ал әрі қарайғы тармақтар – сол ойды айқындай, 
дәлелдей түсу:
Кім білер ертеңді? –
Бұл – негізгі ой, идея. Әрі қарай:
Өлім айтпас,
Келсе қайтпас
Кісіге.
Бүгінгі күн.
Бармын.
Жолдас еттің сен бөтенді, –
болып осы идеяны толықтырады.
Абай поэзиясы синтаксисінің қара сөз тіліне жуық кел-
тірілген сәттері де – осындай шумақтарда. Бұл шумақтарда 


303
ақын инверсияны жиі қолданған. Әсіресе, төртінші тармақта 
берілген үш буынды сөз көбінесе инверсияға ұшыраған сөйлем 
мүшесі болады: өлім айтпас, келсе қайтпас 
кісіге 
– мұның 
инверсиясыз түрі – өлім [келерін] 
кісіге 
айтпас, (ал] келсе 
қайтпас. Жеті-жетіден топтасқан 14 жолдың бір шумақ бо-
лып бірігуіне себепкер – тек ұйқас суреті емес, сонымен қатар 
олардың синтаксистік құрылысы жағынан тұтасқан дүние 
екендігі, оларды тұтастырып тұрғандар – мазмұн іліктестігі: 
1-шумақта ақынның ғашығына арнаған назы 
(сен мені тастап, 
өз бетіңмен кетесің, неге бұлайша әуре етесің), 
2-шумақ та 
– өзі туралы, өзінің ет-жүрегі өртенгені, бұл дүниеде барлығы 
туралы, 3-шумақ ғашықтық туралы т.т. осындай жеке-жеке 
идея-тақырыпшаларға арналған. Екіншіден, күрделі синтак-
систік тұтастық құрып тұрған элемент – барлық тармақтағы 
айтылған ойдың бір бастауышқа (субъектіге) қазықталуы.
14 тармақтан құралған строфикалық өлеңдерге «Ата-анаға 
көз қуаныш», «Қатыны мен Масақбай» шығармалары да жа-
тады. Соңғы өлеңнің алғашқы 4 жолы ұйқас суреті жағынан 
абаб 
болып, 6 буынды «Мен сәлем жазамын» типтес өлеңге 
ұқсайды, бірақ синтаксистік құрылысы жағынан 4 тармақты 
«ағайындарынан» мүлде бөлекше: егер төрт тармақтылар 
көбінесе екі сөйлемнен тұратын болса, мұнда жеті тармақ – 
бір-ақ сөйлем:
Сырмақ қып астына
Байының тоқымын,
Отының басына
Төрінің қоқымын
Бүксітіп,
Бықсытып,
Қоқсытып келтірді (I, 207).
Келесі жеті жол да – бір ғана сөйлем:
Осының бәрімен 
Көңлінде міні жоқ, 
Жүзінің нәрі мен 
Бойының сыны жоқ: 
Бүкшиіп, 
Сексиіп 
Түксиіп өлтірді.


304
Бұл конструкция – Абай шығармаларының ішінде қара сөз 
(проза) құрылысына ең жуық келтірілгені:
Отының басына
Төрінің қоқымын
Бүксітіп,
Бықсытып, 
Қоңсытып келтірді,–
деген бес тармақты қара сөзбен айтсақ: «Отының басына 
төрінің қоқымын бүксітіп, бықсытып, қоқсытып келтірді» 
болып, сол күйінде берілер еді. Абайдың бұл конструкция-
ны дәл осы өлеңінде таңдауына оның тақырыбы себепші бо-
лып тұрған тәрізді. Ошақ басының жай-күйін сөз еткенде, сол 
ситуацияға тән «қара дүрсін» сөйлеу тілінің тәртібін қолдану 
орайлы. Сірә, қазақ өлеңінің даму тарихында синтаксистік 
құрылысы жағынан сөйлеу (қара сөз) нормасына бір табан 
жуық келетін тәжірибе тұңғыш рет саналы түрде Абай поэзи-
ясында қолданылған. Бұл әсіресе алты және аралас буынды 
өлеңдерінде байқалады.
«Ата-анаға көз қуаныш» өлеңі сәл өзгеше: ұйқас суреті 
жағынан 
абабввв 
(алдыңғы өлеңде: 
абабввг), 
буын саны 
жағынан: алдыңғы төрт жол 7-8 буынды, қалған үшеуі 5-3-3 
буынды. Синтаксисі де өзгеше: мұнда алдыңғы төрт жол – 
көбінесе екі сөйлемнен құралған баяндау (констатация), соңғы 
үшеуі – бірыңғай конструкциялардан тұратын сол баяндаудың 
«тоқ етер» жалғасы, бірақ бұл жалғас тұжырым іспетті кел-
те құрылымдармен берілгендіктен, алдыңғы тармақтарда 
баяндалған іс-әрекет, оқиғаның динамикалық түрде жетіп 
тынған шегі тәрізді:
Оқытарсың молдаға оны,
Үйретерсің әрнені.
Медеу етіп ойы соны,
Жаны тыныштық көрмеді.
Жасында күтті,
Дәме етті.
Босқа өтті (I, 127).
(Тегі, алдыңғы екі жол III жақпен берілсе, тіпті «сымбатты» 
болар еді: 
оқытты, үйретті, медеу етті, 
жаны тыныштық 
көрмеді, күтті, дәме етті, босқа өтті). 
Сөз жоқ, мұнда жеті 


305
тармақ – бір ғана синтаксистік құрылым: соңғы
үш тармақ – 
алдыңғылардың ажыратылмас жалғасы.
Баяндалған іс-әрекет, оқиғаның қорытынды жалғасын 
«тоқ етерін» келте конструкциялармен жеке-жеке тармақ етіп 
беру Абайдың 9 жолды «Тайға міндік» деген өлеңінде де бар. 
Мұндағы шумақтың алғашқы 6 жолы екі-екі сөйлемнен тұрады 
да соңғы үшеуі:
Күйкентай күтті,
Құс етті, 
Не бітті? –
тәрізді «тақ-тұқ», «тоқ етерлер» болып келеді. Бұлардың бір-
бірімен іліктесуі тұлғалық параллельдік (мазмұнды былай 
қойғанда) арқылы жүзеге асырылады.
* * *
8 тармақты шумаққа құрылған өлеңдердің ішінде жеке 
синтаксистік талдауды қажет ететін – Абайдың «Сегіз 
аяғы», дәлірек айтсақ, «Сегіз аяқтары» (бұл өлшеммен Абай 
үш шығарма жазған). «Сегіз аяқта» автордың айтпағының 
синтаксистік (дәлірек айтсақ, өлеңдік) жағынан құралымы жай-
ында бізден бұрын айқын пікір айтылды
109
. Соны қайталап, кей 
жерін толықтыра еске түсірсек, бұл шығарманың синтаксистік 
және композициялық құрылымы мынадай. Өлеңнің әрбір 
шумағы тезис пен антитезистен тұрады, яғни алдыңғы алты 
тармақ кіріспе тәрізді берілген тезис болып келеді де соңғы екі 
тармақ қорытынды ретінде берілген афористік сентенция бола-
ды. Сегіз аяқтың 6 тармағы көбінесе өз ішінен екіге жарылып, 
синтаксистік әрі мағыналық параллельдер құрайды:
Алыстан сермеп, 
Жүректен тербеп
Шымырлап бойға жайылған. 
Қиуадан шауып,
Қисынын тауып
Тағыны жетіп қайырған (I, 88).
Мұнда параллелизм буын мен тармақ саны арқылы да, 
ұйқас арқылы да жүзеге асырылған. «Сегіз аяқ» қазақ өлеңінде 
параллелизмді қолданудың классикалық үлгісі болып табыла-
109
 Ахметов 3.
Аталған кітап. 338-348-б.


306
ды. Мұнда алдыңғы 6 тармақтың үш-үштен бөлініп, екі парал-
лель түзуімен қатар, сол үш жолдың алғашқы екеуі бір-біріне 
және параллель болады. Бұл параллельдер соншама дәл, тепе-
тең. Ол дәлдік морфологиялық тұлғалардың бірдей берілуі 
арқылы да жасалған:
Өткір


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   124   125   126   127   128   129   130   131   ...   259




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет