Ген кәнігі эпитеттің үстіне жапырағы қуарған



Pdf көрінісі
бет126/259
Дата30.01.2023
өлшемі6,92 Mb.
#166770
1   ...   122   123   124   125   126   127   128   129   ...   259
Байланысты:
Кітаптар 25-36

аабвггбв. 
Ұйқас 
суретіне қарап оны біз былайша жазар (графикалар) едік:
Әм жабықтым,
Әм жалықтым.
Сүйеу болар қай жігіт 
Көңілден кеткен соң тыным?
Әм сүйіндім,
Әм түңілдім.


296
Үнемі неткен үміт,
Өткен соң бар жақсы жылым?
Ал осы өлеңнің екінші шумағын Абай 6 тармақпен аударып 
көрген, суреті – 
абабвв:
Ғашықтық іздеп тантыма,
Аз күн әуре, несі іс?
Өзіңнің қара артыңа,
Өткен өмір – бейне түс.
Өлгенше болар бар ма дос? – 
Қуаныш, қайғы – бәрі бос.
Соңғы аударманы 6 тармақты шумақ түріне жатқызуға оның 
композициясы да дәлел болады: соңғы екі тармақ алдыңғылар-
да айтылған негізгі ойдың қорытындысы ретінде берілген.
Абайдағы 6 тармақты шумақтар тармақ саны жағынан 
бірдей болғанмен, синтаксистік құрылысы мен буын саны 
жағынан әртүрлі. Олардың ішінде ең көбі – ұйқас суреті 
аабввб 
болып келетіндері.
Бұлардағы буын өлшемі көбінде – 447 447, біреуінде – 557 
558, тағы біреуінде – 447 443. Бұл шумақтардағы синтаксистік 
құрылым да ұйқас суреті мен буын өлшеміне тікелей қатысты. 
Мүмкін, алты шумақты өлеңдердің екеуін («Кешегі Оспан», 
«Бойы бұлғаң») ұйқас суретіне қарап жеті тармақты етіп беруге 
де болар ма еді: бұларда соңғы тармақтың бір бөлігі алдыңғы 
тармақпен ұйқасып келеді. Сондықтан оны да бір тармақ етіп, 
ең соңғы үш буынды сөзді 7-тармақ етіп графикалауға болар 
ма еді:
Кешегі Оспан – 
Бір бөлек жан,
Үйі – базар, түзі – той.
Ақша, 
нәрсе
Ала 
берсе,
Ат та 
мінсе, 
Көнді ғой.
Кітапта: «Ат та мінсе, көнді ғой» (1,151) түрінде бір тармақ 
етіп таңбаланған. Мұның да себебі жоқ емес, өйткені 
көнді ғой 
деген тіркес синтаксистік жағынан өз алдына автономия құра 
алмайды, ол – алдындағы тармақтардың органикалық бөлігі 


297
(бірақ сөйлемнің жеке бір-екі сөзін бір тармақ етіп шығару – 
Абай тәжірибесінде жоқ нәрсе емес, мысалы, «Ем таба алмай» 
өлеңін қараңыз). Біз қалай етіп тармақтасақ та (6 немесе 7), 
оның синтаксистік құрылысы өзгермейді. Бұл шумақтар екіге 
бөлініп тұрады: алдыңғы үш тармақ бір единица (көбінесе бір 
сөйлем), соңғы
үшеуі – бір сөйлем. Бірінші бөліктің 
аа 
ұйқасты 
алғашқы екі жолы әрдайым дерлік параллель конструкциялар 
болып келеді:
«Ала бер»-ден, 
«Келе көр»-ден... 
Жауға мылтық, 
Досқа ынтық... 
Жұрт тынымсыз, 
Бәрі ұғымсыз... 
Әз тұтуға, 
Сыйласуға... т.т.
Осылайша мағына жағынан да, морфологиялық тұлғалануы 
жағынан да тепе-тең параллельдер болып келген екі тармақ 
сөйлем ретінде аяқталмай, үшінші тармақпен ұласады да 
белгілі бір синтаксистік единица (сөйлем) құрайды:
«Ала бер»-ден,
«Келе көр»-ден
Бір күн басын бұрды ма?
Ал қалған үш жол өз ішінен тағы екіге бөлінеді: 4-5-жолдар 
мен 6-жолдың төрт буынды бөлігі көбінесе өзара тағы парал-
лельдер түзейді:
Сырты абыз бар,
Желқабыз бар,
Алты ауыз бар...
Осы үш параллель үш буынды соңғы сөзбен ұласып, 
синтаксистік бір единица түзейді:
Алты ауыз бар – өзге жоқ.
Сонда соңғы бөлік көбінесе бірыңғай мүшелері бар бір 
ғана сөйлем болып шығады. Ал шумақ ішіндегі осы екі бөлік 
өзара тағы берік жымдасып, біртұтас синтаксистік единица 
құрайды. Кейде тіпті алты жол тұтасымен бір сөйлем болып 
келеді:


298
Бойы бұлғаң, 
Сөзі жылмаң 
Кімді көрсем, мен сонан 
Бетті бастым, 
Қатты састым, 
Тұра қаштым жалма-жан (I, 154).
Кейде шумақ екі сөйлем болып келеді де ол сөйлемдер өзара 
іліктесіп, тұтас дүние құрайды:
Ақы берген,
Айтса көнген
Тыныштық іздер елде жоқ.
Аққа тартқан,
Жөнге қайтқан
Ақыл айтқан бенде жоқ (I, 155).
Мұнда бір-біріне параллель екі сөйлем әрі мазмұн сәйкестігі 
арқылы, әрі құрылыс сәйкестігі арқылы бір-бірімен байланы-
сып, бір шумаққа сыйғызған синтаксистік күрделі бір тұтастық 
жасап тұр. Сөйтіп, 
аабввб 
суретті 6 тармақты шумақтың 
синтаксистік құрылымы әуелі екі топқа бөлінеді, оны жүзеге 
асыратын – 3-6-жолдардың өзара ұйқасы, онан соң әр бөлік 
өз ішінен параллельдер құрайды, оны да жүзеге асыратын 
– қатар келген 
аа, вв 
ұйқастары, сонан соң екі топ (бөлік) 
біртұтас дүние – синтаксистік тұтастық – жасайды. Бұл – қатаң 
сақталған тәртіп.
Алты тармақты өлеңдер ішінде жоғарғы екі өлеңге ұйқас 
суреті жағынан өте ұқсас бір шығарма – «Ем таба алмай» өлеңі. 
Айырмасы – мұнда соңғы тармақ үш буынды (егер «Кешегі 
Оспан» дегеннің кітаптағы тәртібімен таңбаласақ; «Ем таба 
алмай» 5 тармақпен берілер еді).
Жас теректің 
Жапырағы
Жамырайды, соқса жел.
Түсті мойын, 
Толды қойын,
Ақты сел (I, 115).
Мұнда да шумақ екіге бөлінеді: алғашқы үш тармақ – бір 
сөйлем, соңғы үшеуі – бір сөйлем. Кейде 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   122   123   124   125   126   127   128   129   ...   259




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет