Ген кәнігі эпитеттің үстіне жапырағы қуарған



Pdf көрінісі
бет116/259
Дата30.01.2023
өлшемі6,92 Mb.
#166770
1   ...   112   113   114   115   116   117   118   119   ...   259
Байланысты:
Кітаптар 25-36

(тарлығыңды) 
ғана келтірген.
Өзіне дейінгі поэзия тілі дәстүрінде қолданылған бұл 
құрылысты да Абай мол пайдаланады. Абайдың төрт тармақты 
шумағының алғашқы екі тармағы көбінесе бір-бірімен берік 
ұштастырылған түрде келеді. Тіпті екі тармақ, мазмұны, 
құралымы жағынан бір-біріне тең түсетін екі синтаксистік па-
раллель (көбінесе екі сөйлем) болып келгенде де екеуінің бай-
ланысы әлдеқайда тығыз екені сезіледі.
Кейбіреу тыңдар үйден шыққанынша, 
Кейбіреу қояр көңіл ұққанынша (I, 38)
104
.
Бұл екі тармақты бір-біріне синтаксистік жағынан тығыз 
іліктестіріп тұрған – олардың параллельдігі, ал параллелизмді 
жасап тұрған бұл сөйлемдердің ішкі мазмұн ұқсастығымен 
қатар, сыртқы құралымы: екеуінде де бастауыш бір сөзден 
(кейбіреу), 
баяндауыштары бір тұлғадан (-
ар
 
жұрнақты 
есімше), пысықтауыштары да бірдей тұлғадан жасалғандығы.
Алғашқы екі жолды бірыңғай сөйлемдер етіп байланысты-
руда әрдайым сыртқы тұлғалануы жағынан мұндай тепе-тең 
етіп құру шарт емес. Абайда көбінесе 1-2-тармақтар мазмұндас 
бірыңғай сөйлемдер болып келеді:
104
Әңгіме 11 буынды 4 тармақты шумақтың 1, 2-тармақтарының синтаксистік 
құрылымы туралы болғандықтан, осы жерде және әрі қарай мысалға тек алғашқы 
екі жолды келтірдік.


272
Қалмаған Онегиннің ешбір бағы,
Өтіп кеткен жүректің отты шағы (II, 80).
Әрине, алғашқы екі тармақты бұлайша байланыстыру 
әрдайым мүмкін де емес, қажет те емес. Абай 1-2-жолдарды 
байланыстырғанда, көбінесе өзге тәсілге жүгінеді. Яғни Абай-
дың 1-2-жолы бір ғана сөйлем болып келеді. Мұндайда көбі-
несе бір тармақ түгелімен жайылма бір мүше ретінде құрылады 
немесе екі жолдағы айтылған ойдың субъектісі біреу бола-
ды. Үшінші түрі – Абай төрт тармақтың алғашқы екі жолын 
бағыныңқы-басыңқылы бір құрмалас сөйлем етіп береді 
(әдетте бұл – төрт тармақтың соңғы екі жолының құрылысына 
тән тәсіл екені мәлім). Осыларды жеке-жеке дәлелдейік.
11 буынды, 4 тармақты шумақтың алғашқы екі тармағының 
біреуі Абайда екіншісіндегі сөйлемнің жалғасы (не басы) бо-
лып құрылады.
Мысалы:
Қырдағы ел ойдағы елмен араласып, 
Күлімдесіп, көрісіп, құшақтасып (I, 122), –
дегенінде екінші тармақ бірінші тармақтағы сөйлемнің бірың-
ғай баяндауыштарының жалғасы болып тұр. Абайда бұл тәсіл 
едәуір жүйелі түрде мол кездеседі, көбінесе мұндайда екінші 
тармақ біріншідегі сөйлемнің бірыңғай мүшесі болып келеді:
Тірі жанға құрбы боп жап-жасында-ақ
Қалжыңдамақ, қасынбақ, ыржаңдамақ 
(I, 35).
Олардың жоқ ойында 
малын бақпақ,
Адал еңбек, мал таппақ, жұртқа жақпақ 
(I, 35).
Керек іс бозбалаға – 
талаптылық,
Әртүрлі өнер, мінез, жақсы қылық 
(I, 38).
Бірыңғай мүшелер (немесе шағын сөйлемдер) бірінші 
жолда да келтіріледі, әдетте мұндайда бір тармақ тұтасымен 
бірыңғай бастауыш немесе анықтауыш, пысықтауыш болып 
құрылады:
Ынсап, ұят, ар-намыс, сабыр, талап 
– 
Бұларды керек қылмас ешкім қалап (I, 67). 
Күйеу келтір, қыз ұзат, тойыңды қыл,
Қыз таныстыр 
– 
қызыққа жұрт ыржаңшыл 
(I, 69). 
Бұраң бел, бойы сұлу, кішкене аяқ, 


273
Болады осындай қыз некен-саяқ (I, 107).
Күлдіргіштеу, күлкішіл, қалжыңға ұста, 
Кезеген 
ит тым-ақ көп біздің тұста (I, 175). 
Ақылды деп, арлы деп, ақ бейіл деп 
Мақтамайды бұл күнде ешкімді көп (I, 197).
Ішкен, жеген, таласқан, ойнап, күлген,
Кезек жоқ, келісім жоқ, сөйлей берген (II, 149).
11 буынды шумақтың алғашқы тармақтарына жүйелі түрде 
(система ретінде) бірыңғай мүшелерді ғана орналастыру Абай 
поэзиясы синтаксисінің ерекшелігі болып табылады деуге бола-
ды. Тек бұл өлшемді шумақтың 1, 2-жолдарында ғана емес, өзге 
өлшемді өлеңдерде де және кейінгі тармақтарда да бірыңғай 
мүшелерді келтіру – жалпы Абай поэзиясының синтаксисіне 
тән нәрсе. Әсіресе, портрет етіп берілген шығармаларда едәуір 
тармақтар бірыңғай мүшелерден тұратынын көреміз.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   112   113   114   115   116   117   118   119   ...   259




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет