254
КҮРДЕЛІ СИНТАКСИСТІК ТҰТАСТЫҚ
ТУРАЛЫ ҰҒЫМ
Жоғарыда айттық, шумақты құрайтын шарт – поэтикалық
ойдың, интонацияның және синтаксистік құралымның
тұтастығы. Ал соңғы тұтастық күрделі
синтаксистік едини-
ца арқылы жүзеге асады. «Күрделі синтаксистік тұтастық»
98
дегеннің өзі не? Орыс лингвистикасында көбінесе «слож-
ное синтаксическое целое» деп аталып жүрген бұл катего-
рия көптен назар аударып келеді: Әр маман әрқилы, мыса-
лы, М.В.Ломоносов «период» деп, А.А.Потебня «речь» деп,
А.М.Пешковский «сложное целое» деп, В.В.Виноградов «слож-
ное синтаксическое целое» немесе «высказывание» деп атаған
бұл құбылыс, сөз жоқ, тіл табиғатында, оның ішінде поэзия
тілінде де орын алады. Бұл жөнінде бұрынды-соңды пікірлерді
жинақтап, нақтылы фактілерді талдай отырып, біршама айқын
анықтама берген – Н.С.Поспелов. Ол: күрделі
синтаксистік
тұтастық жеке сөйлемге қарағанда, автордың аяқталған жеке
бір ойын білдіретін әлдеқайда үлкендеу синтаксистік ав-
тономия (дербес единица) болып табылады дейді және ол
әрқилы амал-тәсілдермен өзара
байланысқан сөйлемдер то-
бынан тұрады дегенді айтады
99
. Әдетте, белгілі бір айтылған
ой жазушының тұтасқан сөзі (связная речь) екені мәлім. Ал
тұтас текстің құрылымын синтаксистік жағынан талдағанда,
әрбір жеке сөйлемді алып, соларға қарай талдамай, айтылған
ойға (высказываниеге) қарай анализ жасау қажеттігін
100
біз де
құптаймыз.
98
Бұл категория қазақ тіл білімінде әлі күнге дейін жан-жақты сөз болмай келеді.
Оның белгілері, табиғаты тұтастыққа енген компоненттердің
бірігу амалдары,
ол амалдардың прозадағы түрі мен поэзиядағы түрлерінін айырмашылығы деген
тәрізді жайттар зерттелген емес. Жоғарыда көрсетілген, өлең синтаксисін сөз еткен
жұмысында Т.Қордабаев бұл категорияны тұңғыш рет атайды, әрине,
бұл мақалада
да, біздің осы жұмысымызда да бұл категория толық талданды деу мүмкін емес.
Сондықтан бұған тіл мамандарының назарын аударамыз. Әзірге біз грамматикалық
бұл категориясын қазақша «күрделі синтаксистік тұтастық» деп атадық. Т.Қордабаев
«синтаксистік күрделі бірлік» деп атапты. Шынында, бұл өзі синтаксистік тұтас дүние
(немесе бірлік), оның үстіне күрделі.
99
Поспелов Н.С.
Проблема сложного синтаксического целого в со временном
русском языке // Ученые записки МГУ. - Вып, 137 (Труды кафедры рус.яз.). - Кн. 2. -
М., 1948. - С.41.
100
Поспелов Н. С.
Сложное синтаксическое целое и особенности его структуры//
Доклады и сообщенная института русского языка. - Вып. 2. - М.-Л., 1948. - С. 62.
255
Мұндай күрделі синтаксистік тұтастықтар прозада да, по-
эзияда да болады. Дегенмен ол өлеңде сөйлемдердің бір-бірі-
мен органикалық түрде әлдеқайда тығыз байланыстығына
орай,
поэзия тіліне, оның ішінде әсіресе, строфикалық
өлеңдерге көбірек тән категория болып табылады. Мысалы,
көбінесе әрбір шумақ бір-бір күрделі синтаксистік тұтастықты
қамтиды:
Жазғытұры қалмайды қыстың сызы,
Масатыдай құлпырар жердің жүзі,
Жан-жануар, адамзат анталаса,
Ата-анадай елжірер күннің көзі
(I, 122).
Мұнда поэтикалық ой тұтас, біреу: жазғытұрғы табиғат-
тіршілік сипаты, ал жеке сөйлемдер үшеу, үшеуі бірігіп
синтаксистік күрделі единица құрап тұр.
«Сегіз аяқта» ақын көбінесе үш жеке сөйлемнен топтас-
қан, сегіз тармақтан құралған бір шумақты бір күрделі синтак-
систік единица етіп ұйымдастырады:
1.
Достарыңызбен бөлісу: