247
екеуінде және ол екеуі көбінесе бір ғана сөйлем болып келетіні
мәлім.
Бұған қарап бұл төрт тармақ жеке-жеке екі шумаққа бөлін-
бейді, бір ғана шумақ жасайды. Поэзияның шумаққа бөлінбей,
тирадаларға топталатын жыр түрінде де тармақтар ұйқас
жағынан да, синтаксистік құралымы жағынан да жұптасып
тұрады, бірақ олар да шумақ номенклатурасына кірмейді.
Шумақ құрайтын шарттардың бірі – өлең жолдарының топ-
тасу тәртібінде қатаң сақталатын біркелкілік (цикличность,
последовательность в расположении стихов),
яғни бір өлең
шумақтарға бөлінетін болса, сол өлең бойындағы шумақтардың
бәрі тармақ саны жағынан да, ұйқасу суреті жағынан да бір-
біріне аналогиялас болуы шарт. Мысалы, Абайдың төрт жолды
шумақтарға бөлінетін өлеңдерінің, атақты «Сегіз аяғының»,
алты тармақты шумақтарға бөліп жазған «Қор болды жаным»
сияқты өлеңдерінің әр шумағы
өздеріне сай келіп отыра-
ды: «Сегіз аяқтың» бір шумағы сегіз, екіншісі төрт, үшіншісі
алты тармақты емес, бастан-аяқ бәрі де – сегіз тармақты, ара-
лас буынды,
аабввбгг
ұйқасты тармақтар. Осы себептен, бір
өлеңнің бірінші шумағы төрт тармақтан, келесі шумағы екі не-
месе 48 тармақтан («Қансонарда» өлеңінде) құралуы мүмкін
емес. Интонациялық тұтастығына келсек те, алғашқы төрт
жол дауыс ырғағы жағынан бір бөлек болып айтылса да, әрі
қарай 48 тармақ өлеңнің 5-жолынан бастап, интонациялық
бір период құрап тұрады деу мүмкін емес. Керісінше, бұл 48
тармақтың әрбір жұбынан кейін (5-6; 7-8...) дауыс ырғағы
біршама тыныстап отырады, бұған сол екі тармақтағы ойдың
синтаксистік жағынан аяқталып отыруы да үлкен себепкер
болады. Бірақ интонациялық бұл
оқшаулық әрбір екі жолды
шумақ етіп бөліп шығара алмайды, өйткені өлең ырғағының
әр екі жолдан кейін біршама тыныстауы жалғыз «Қансонарда»
типтес шығармаларда емес, төрттармақты,
ааба
ұйқасты қара
өлеңдер де болады
94
. Сондықтан
Абайдың біз талдап өткен
бір топ шығармасы тармақтарының топтасуы жағынан ерек-
ше құрылған өлеңдер болып табылады. Бұларда шумақталу
тенденциясы да бар:
ааба
ұйқасты бірінші төрт тармақ – бір
94
Достарыңызбен бөлісу: