Ген кәнігі эпитеттің үстіне жапырағы қуарған



Pdf көрінісі
бет107/259
Дата30.01.2023
өлшемі6,92 Mb.
#166770
1   ...   103   104   105   106   107   108   109   110   ...   259
Байланысты:
Кітаптар 25-36

 Жұмалиев Қ.
Әдебиет теориясы. - Алматы, 1960. - 154-6.


244
жағынан айтарлықтай тиянақталып тұратын болса
90
, Абайдың 
біз талдап отырған өлеңдерінде ұйқасы жағынан 
ааба
суретті 
бірінші топты бір шумақ етіп бөліп тастауға болатындай 
көрінеді. Бұлардың 11 буындысында әдетте 1,2-тармақтары па-
раллель жеке сөйлемдер, ал 3, 4-тармақтары құрмалас немесе 
жайылма бір жай сөйлем болып келеді.
Синтаксистік құрылысы жағынан кейінгі жалғасып кететін 
тармақтар көбіне екі-екіден топтасады да, екеуі бір ғана сөйлем 
құрайды:
Салаң етіп жолықса қайтқан ізі,
Сағадан сымпың қағып із шалғанда.
Бүркітші тау басында, қағушы ойда,
Іздің бетін түзетіп аңдағанда (I, 22).
Бұл махрұм қалмағыма кім жазалы,
Қолымды дөп сермесем, өстер ме едім?
Адамның бір қызығы бала деген,
Баланы оқытуды жек көрмедім (І, 25)
Қатарынан тұрған мына тармақтарда, мазмұны жағынан да, 
синтаксистік құрылысы жағынан да екі-екіден ажыратылады: 
Дем алысы үскірік, аяз бен қар
91
,
Кәрі құдаң – қыс келіп, әлек салды.
Ұшпадай бөркін киген оқшырайтып,
Аязбенен қызарып ажарланды.
Бұлттай қасы жауып екі көзін,
Басын сіліксе, қар жауып, мазаңды алды.
Борандай бұрқ-сарқ етіп долданғанда,
Алты қанат ақ орда үй шайқалды.
Әуес көріп жүгірген жас балалар 
Беті-қолы домбығып үсік шалды...
(I, 74)
90
 
Томашевский Б.В.
Строфика Пушкина. 56-6.
91
Бұл тұстағы мысалдарды өлеңнің 5-жолынан бастап алып отырмыз. Алғашқы 
төртжолын 
ааба 
ұйқасты бір «шумақ» деп бөліп тастадық.


245
7-8 буынды «Қуанбаңдар жастыққа» деген өлеңде де алғашқы 
ааба
суретті төрт жолдан кейінгі жолдар екі-екіден жұпталып, 
көбінесе бірыңғай (параллель) мазмұнды әрі біркелкі құралған 
(баяндауышы II жақтағы бұйрық райлы етістіктен жасалған) 
жайылма жай жеке сөйлемдер болып келеді:
Құрбыңның қызық дегенін
92
Сөз екен деп аптықпа.
Адалдан тапқан тиынды
Сал да сақта қапшыққа... (I, 240).
Және бұлар ырғағы жағынан да бір-бірінен айқын ажырап 
тұрады. Бұлайша ритмикалық бөлек-бөлек топ құрауларына әр 
екі тармақтың келесі тармақтармен синтаксистік параллельдер 
жасайтындығы бірден-бір рөл атқарады. Мұндағы синтаксистік 
бірыңғайлықтың күштілігі сондай, сөйлемнің белгілі бір 
мүшесі (көбінесе баяндауышы) бір түрлі тұлғамен беріледі де, 
оның өзі монорифма құрайды. Мысалы, «Әбдірахманға» деген 
өлеңнің 7-8-жолдарынан бастап:
Өмір бойы талпынып,
Ғылым іздеп, 
жатпаған.
Түрленіп «төре болдым» деп,
Есерленіп 
шатпаған.
Жүз мың теңге келсе де,
Махаббатын 
сатпаған.
Жүйріктікпен шалқымай,
Тура сөзді 
жақтаған...
(І, 185).
Осындай ритмика-синтаксистік оқшаулықтарына қарап, 
бұл типтес өлеңдерді 5-6-жолдарынан бастап екі тармақты 
шумаққа бөлуге болар ма еді? Біздіңше, болмайды. Ең алдымен, 
бұл шығармаларда ритмика-синтаксистік тұтастық әрдайым 
тек екі жолды ғана қамтып отырмайтынын байқаймыз. Кейде 
(әрине, бұл екі жолдан топтасуға қарағанда әлдеқайда сирек-
теу) төрт жол (әңгіме 5-6-жолдардан бастап) синтаксистік бір 
тұтастық болып та келеді:
Төмен ұшсам, түлкі өрлеп құтылар деп,
Қанды көз қайқаң қағып шықса аспанға.
92
Бұл да сондай.


246
Көре тұра қалады қашқан түлкі,
Құтылмасын білген соң құр қашқанға (I, 22).
Барып келсе, Ертістің суын татып,
Беріп келсе, бір арыз бұтып-шатып,
Елді алып, Еділді алып есіреді,
Ісіп-кеуіп қабарып келе жатып (I, 32).
Мына тәрізді жолдарда да синтаксистік байланыс әлдеқайда 
тығыз:
Ақыл да, ашу да жоқ, күлкі де жоқ,
Тулап, қайнап бір жүрек қылады әлек.
Біреуінің күні жоқ біреуінсіз,
Ғылым сол үшеуінің жөнін білмек (I, 97).
Мұнда 3-жолдағы тәуелдік жалғауындағы 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   103   104   105   106   107   108   109   110   ...   259




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет