берген-ді.
ІІ ой: 1) Осы жасқа келгенше,
2) Өршеленіп өлгенше,
3) Таба алмадық еш адам
4) Біздің сөзге
ергенді.
III ой: 1) Өмірдің өрін тауысып,
2) Білімсізбен алысып,
3) Шықтық, міне,
белге енді
(I, 117).
Шумаққа бөлінетін өлеңдерде симметрия принципі күшті
сақталады. Абайдың 11 буынды, 4 тармақты қара өлеңдерінен
гөрі, өзге өлшемдегі өлеңдерінде қатар тұрған жеке тармақтар
параллель конструкциялар құрайды:
Өткірдің жүзі,
Кестенің бізі...
Басында ми жоқ,
Өзінде ой жоқ...
Көзімнің қарасы,
Көңлімнің санасы...
Әрине, параллелизмдер бір тармақтың ішінде де болады:
Сыртқа пысық
келеді,
көзге сынық...
Кей құрбы
бүгін тату, ертең бату...
234
Тіпті проза тіліне де, әсіресе, Абай прозасына, паралле-
лизм принципі жат емес. Мысалы, Абайдың «Қара сөздерінде»
кездесетін:
Көкіректе сәуле жок, көңілде сенім жоқ
(II, 165).
Енді мұндай иман сақтауға
қорықпас жүрек, айнымас көңіл,
босанбас буын
керек екен (II, 170) тәрізді құрылымдарда парал-
лель элементтер бар. Бірақ өлеңдегідей, оның ішінде Абайдың
жаңа өлшемді өлеңдеріндегідей (мысалы, «Сегіз аяқтағыдай»)
таза параллельдер проза тілінде де, қара өлеңде де система
емес. Демек, өлеңнің шумаққа қалай бөліну түрі оның син-
таксисіне тікелей әсер етеді.
Өлең синтаксисіне қатысты құбылыстың тағы бірі– өлең
өлшемі (метрикасы). Өлең тармағын құрайтын буын санының
аз-көптігіне орай олардың біршама аяқталған ойды берудегі
сыйымдылығы да әрқилы болады. Тармақтың буын саны
неғұрлым аз болса (төрт, бес, алты), ондағы сөйлемдер де
соғұрлым шағын, қарапайым болып келеді
69
.
Болды да партия
Ел іші жарылды (I, 220), –
деген 6 буынды екі тармақта бар болғаны үш мүшеден (баста-
уыш –
ел іші,
баяндауыш –
жарылды,
пысықтауыш –
партия
болды да)
құрылған бір ғана сөйлем берілген, ал:
Жұртым-ай, шалқақтамай сөзге түсін,
Ойланшы сыртын қойып, сөздің ішін (I, 173), –
деген екі тармақта қаратпа сөзі де бар, тұрлаусыз мүшелері де
түгел, бірыңғай күрделі мүшелері және бар жайылма сөйлем
берілген.
Мүлде шағын (3, 4 буынды) тармақтардың әрқайсысына
«тайға міндік» сияқты толымсыз сөйлемдер немесе «ата-
мыз бар», «молдамыз бар» тәрізді жалаң сөйлемдер болмаса,
толыққанды жайылма сөйлемдердің орналасуы мүмкін емес,
сондықтан бұл сияқты аса шағын жолдар көбінесе параллель
фразалар болып келеді немесе ондай тармақтың 2-3-еуі бір
ғана сөйлемді құрайды. Мысалы:
Тайға міндік,
– 4
Тойға шаптық,
– 4
Жақсы киім киініп.
– 7 (І, 129).
Қайғысыз пенде
– 5
69
Ахметов 3.
Казахское стихосложение. - Алма-Ата, 1964. - С. 21.
235
Көрдің бе
– 3
Өміріңде?
– 4 (І, 128).
Өлең өлшемінің поэзия синтаксисіне ететін әсері жалғыз
тармақтың жалпы санына қарай емес, тармақ ішіндегі
бунақтарға да байланысты. Әсіресе 11 буынды өлеңнің
соңғы бунағы 4 буынды болып келгенде, алдыңғы екеуі – бірі
– 3, бірі – 4 буынды бунақтар – бір-бірімен орын алмастырып
келе «тіркеседі, яғни қайткенде 3 буындысы әрдайым 1-бунақ,
4 буындысы 2-бунақ болып орналасуы шарт емес, бұл құ-
былмалылық өлеңді жандандырып, түрлендіріп отырады
70
.
Сондықтан да Абай «базарға /қарап тұрсам/, әркім барар» не-
месе біреу ұқпас /бұл сөзді/, біреу ұғар» тәрізді тармақтарды
құрғанда, сөйлем мүшелерінің әдеттегі орнын бұзып, инверсия
жасайды (дұрысы: «қарап тұрсам, базарға әркім барар», «бұл
сөзді біреу ұқпас, біреу ұғар» болар еді).
Әдеттегі (прозадағы) синтаксистік норманы бұзып, өлең
синтаксисін ерекшелендіріп тұратын фактордың бірі – ондағы
сөздердің орын ауысқан тәртібі, яғни инверсия. Өлеңді сөздегі
инверсияның сипаты мен себебі әрқилы: ұйқасқа бола жа-
салатын инверсия
71
, белгілі бір логикалық мақсатпен орны
ауыстырылған баяндауышқа байланысты пайда болған инвер-
сия
72
, белгілі трафаретпен кеткен дәстүрлі инверсия т.т. бола-
ды. Мысалы:
Қарсылық күнде қылған телі-тентек (I, 33).
Мұның әдеттегі тәртібі – «күнде қарсылық қылған телі-
тентек» болса керек еді, бірақ
күнде
сөзі тармақ басына шыға ал-
майды: өлең өлшемі бірінші бунақтың не 3 буынды
(қарсылық)
не 4 буынды
(күнде қылған)
болуын талап етеді, сондықтан екі
жағдайдың екеуінде де өлең өлшемінен туған инверсия пай-
да болады. Ал «саналы жан көрмедім сөзді ұғарлық» деген
тармақтағы инверсияның (инверсиясыз түрі: «сөзді ұғарлық
саналы жан көрмедім») мотиві ұйқасқа байланысты.
70
Ахметов 3.
Казахское стихосложение. - Алма-Ата, 1964. - С. - 85.
71
Поспелов Н.С.
Синтаксический строй стихотворных произведе ний Пушкина. -
М., 1960. - С. 22-6.
72
ІЦерба Л. В.
Опыты лингвистического толкования стихотворений // Русская
речь. - Ч. I. - 1923. - С. 45.
236
Өлеңді сөйлемде қара сөзге қарағанда сөз тәртібі әлдеқай-
да еркін. Және бұл еркіндікті өлең табиғаты ауырсынбайды,
яғни өлең ішінде төңкеріліп жүрген конструкциялар норма-
сыздык болып сезілмейді.
Келесі назар аударылатын жай – ықшамдау (үнемдеу) неме-
се тығыздалу принципі. Әдетте, көп сөзді өлеңнің өзі үнемдеу
заңын сақтап жасалады. Өлеңде өлшем мен ырғақ талабына
сай кейбір грамматикалық тәсілдерді ықшамдап және тығыз-
дап қолдануға тура келеді. Қазақ өлеңі бұл тұрғыдан алғанда,
кейбір грамматикалық норманың прозадағыдан өзгешелеу бо-
лып қалыптасуына мәжбүр етеді. Бұл тек синтаксис саласын-
да ғана емес, морфология саласында да бар. Айталық, кейбір
морфологиялық тұлғалар мен шылаулардың ықшам және
толық варианттары бар. Есімшенің осы күнгі проза тіліндегі
нормалы көрсеткіші
Достарыңызбен бөлісу: |