Поспелов Н. С.
Синтаксический строй стихотворных произведе ний Пушкина. -
М., 1960. - С. 12-13.
66
Н.С. Поспеловтың көрсетілген кітаптағы талдауы бойынша (16-6) бұған мынадай
мысал келтіруге болады:
Сюда по новым им волным
Все флаги в гости будут к нам,
И запируем на просторе.
231
шақ көсемше тұлғасының рөлі көзге түседі. Сол сияқты, біз-
діңше, қазақ тілінде (және жалпы түркі тілдерінде) тәуелдік
жалғаулы сөздің синтаксистік тұтас единица жасаудағы қызметі
айрықша танылады. Бұлардан басқа есімдіктер арқылы топта-
су да – қазақ өлеңінде, біздің байқауымызша, әлдеқайда ак-
тив тәсіл (бұл тәсілдердің әрқайсысы жайында кейін арнайы
тоқталамыз).
Сондай-ақ ортақ белгілер де бар. Қай тілде де өлең син-
таксисі проза синтаксисінен әлдеқайда күрделірек келеді.
Б.В.Томашевскийдің байқауынша: «У Пушкина проза обла-
дает значительно более простым синтаксисом, чем стих, об-
ладающий гораздо более сложным аппаратом соотношений
и связей»
67
. Дәлірек айтсақ, қара сөз көтере алмайтын кейбір
конструкцияларды өлең синтаксисі жеп-жеңіл көтеріп түрады.
Ол ауырлықтар, біздіңше, қазақ тілінде ұлан-ұзақ сөйлемдерді
сыйыстыру тәсілін қолданған сәттерде (мысалы, Абайдың
«Жайнаған туың жығылмай» деп басталатын өлеңін алыңыз),
әрқилы параллельдерді молынан келтірген кездерде (мысалы,
«Сегізаяқты» қараңыз), инверсия тәсілін пайдаланған жерлер-
де үнемдеу принципін ұстап, сөйлем мүшелерін немесе шы-
лауларды түсіріп құрған тұстарда болады. Осындай жерлердің
барлығы прозада болса, сөйлем және сөйлемдер тобы (күрделі
синтаксистік тұтастық) не түсінуге ауыр, не мүлде түсініксіз
болып шығар еді. Абайдың мына бір шумақ өлеңін қара сөзбен
жазып, проза түрінде оқып көрсек: «Көңіл қайтты достан да,
дұшпаннан да, алдамаған кім қалды тірі жанда, алыс-жақын
қазақтың бәрін көрдім, жалғыз-жарым болмаса анда-санда»
деген варианты прозадағы былайша құрылған вариантынан
әлдеқайда күрделі: «Достан да, дұшпаннан да көңіл қайтты,
[өйткені] анда-санда [кездесетін] жалғыз-жарым [ы] болма-
са, алыс-жақын қазақтың бәрін көрдім, [солардың ішінде] тірі
жанда алдамаған кім қалды?» Бұл конструкцияның өлеңді
құрылысында ең алдымен инверсия күшті, ол бір сөйлем ая-
сында да, сөйлемдердің өзара орналасуы саласында да бар,
екіншіден, айтылмақ ой компоненттерін бір-бірімен дәнекер-
лейтін жеке сөздер мен шылаулар түсірілген, үшіншіден, бір
67
Томашевский Б.В.
О стихе. - Л., 1929. - С. 315.
232
жерге едәуір көп сөйлем шоғырланған. Бірақ осының барлығын
оңай көтеріп тұруға өлең ырғағы мен өлшемі себепші болып
тұр; әрбір тармақтың интонациялық оқшаулығы олардың
әрқайсысына жеке-жеке ой екпінін түсіреді; өлеңнің тармаққа
бөлінуі арқылы әр тармақ не жеке сөйлем, не күрделі сөйлем
мүшесі болып ұйымдасады да, кейін бастарының құрасуына
жеңілдеу соғады. Белгілі бір айтылмақ ой тұтастығы, мағынасы
бір-біріне қатысты жеке сөйлемдердің қатар айтылуы (сополо-
жение), субъектінің ортақтығы – осылардың барлығы бұл кон-
струкцияны дұрыс ұғынылатын өлең шумағына айналдырады.
Қай тілдің болмасын өлең табиғатына тән бұл тәрізді
белгілер қазақ өлеңінің де синтаксисін талдауда еске алынады.
Сөйтіп, өлең тілінің синтаксисін танып-білуде жалпы
өлең табиғатына сай барлық тілге ортақ факторлармен қатар,
өлеңнің әр тілдегі ұлттық ерекшелігін қоса тауып, талдауға
мәжбүрміз. Ортақ белгілердің өзінде әр тілдің структуралық
құрылысы мен әдеби дәстүріне байланысты ерекше назар ау-
даратын сәттері болады. Қазақ өлеңінің, оның ішінде Абай
поэзиясының синтаксисін талдағанда, оған тікелей қатысты
мынадай факторларға назар аударамыз.
Өлең түрінде ұйымдастырылған күрделі синтаксистік
тұтастықтың жігін ажыратып талдауда өлеңнің белгілі бір
тәртіппен шумаққа бөлінетін-бөлінбейтіндігінің және қандай
шумаққа бөлінетіндігінің мәні бар. Айталық, 11 буынды, төрт
тармақты шумақта көбінесе алдыңғы екі тармақ жеке-жеке екі
сөйлем немесе синтаксистік параллель құрайтын екі сөйлем
болады, соңғы екі тармақ бір сөйлем болып келеді және ол
көбінесе құрмалас сөйлем болады. Мысалы:
1. Талай сөз бұдан бұрын көп айтқамын,
2. Түбін ойлап, уайым жеп айтқамын.
3. Ақылдылар арланып ұялған соң,
4. Ойланып түзеле ме деп айтқамын (I, 173)
68
.
Ал шумақ емес, тирадаға бөлінетін 7-8 буынды жырда
мұндай зандылық жоқ: кейде қысқа жеке жолдың өзі бір сөйлем,
кейде 2-3, тіпті 3-4 жол бір-ақ сөйлем болып құрыла береді.
68
Осы жерде жәнеәрі қарай Абайдан келтірілген мысалдарға ақынның 1957 жылы
шыққан екі томдық шығармалар жинағының том нөмірі мен беті осылайша көрсетілді.
233
Мұның өзінде де сөйлемнің немесе сөйлемдер тіркесінің
басталып-аяқталар шегі тирадаға топталған тармақтарға бай-
ланысты. Мысалы, Абайдың «Келдік талай жерге енді» деген
7-8 буынды өлеңінде шығарманың өн бойында қайталап оты-
ратын ұйқас әрбір жеке ойды (сөйлемді не сөйлемдер тіркесін)
аяқтап отырады, бірақ әрбір аяқталған ойды (высказывание)
құрайтын тармақ саны біркелкі емес, сөйлемнің мағынасына
қарай бірде бес-алтау, бірде төртеу, бірде үшеу болып келеді.
Мысалы:
І ой 1) Келдік талай жерге енді,
2) Кіруге-ақ қалдық көрге енді.
3) Қызыл тілім буынсыз,
4) Сөзімде жаз бар шыбынсыз,
5) Тыңдаушымды ұғымсыз
6) Қылып Тәңірім
Достарыңызбен бөлісу: |