Ген кәнігі эпитеттің үстіне жапырағы қуарған



Pdf көрінісі
бет100/259
Дата30.01.2023
өлшемі6,92 Mb.
#166770
1   ...   96   97   98   99   100   101   102   103   ...   259
Байланысты:
Кітаптар 25-36

Тимофеев Л.
 
Слово – образ – слово//Вопросы литературы. - 1962. - №6. - С. 
82-84.
61
 Жұбанов Қ.
Қазақ тілі жөніндегі зерттеулер. - Алматы, 1966. - 52-6.
62
 Поспелов Н. С.
Синтаксический строй стихотворных произведе ний Пушкина. - 
М., 1960. - С. 5-6.


229
рей түсетіндігі және керісінше, вертикаль байланыс дегеннің 
пайда болатындығы; 3) өлеңдегі сөйлемдерді бір-бірімен бай-
ланыстыруда әрқилы тәсілдердің қолданылуы, олардың ішін-
де шылаулардың байланыстырушылық (присоединительная) 
рөлі; 4) инверсия мен әртүрлі ұйқастыру тәсілдерінің рөлі; 
5) өлең тасымалының синтаксистік қызметі; 6) өлеңнің шу-
маққа бөліну-бөлінбеуіне қарай тармақтардың өзара бірігу 
ерекшеліктері
63
.
Орыс өлеңінің синтаксисін зерттеген бұрынды-соңды ең-
бектердің күллісін пайдалана, ескере келе ұсынылған бұл пікір-
ді кәдемізге жарата отырып, барлығын түп-түгел қазақ өлеңі-
нің синтаксистік құрылымына көшіре салуға болмайтынды-
ғын көрсетеміз.
Өлең табиғаты прозадан өзгеше келетіндігі барлық тілде 
де бар факт болғанымен, сөз жоқ, өлең заңдылықтары ұлттық 
болып табылатындығын айтқан пікірлерді біз де қостаймыз. 
Бұл тұжырымды Б.В.Томашевский «Стих и язык» деген 
еңбегінде бірнеше рет қайталап келтіреді. «Ритмизируемый ма-
териал по природе своей национален», «но в общем случае сти-
хотворная система основывается на свойствах родного языка». 
«Как бы ни был специфичен и своеобразен строй стиха, этот 
строй принадлежит языку и неповторим за пределами нацио-
нальных форм речи. В этом причина того, что поэзия остается 
всегда наиболее национальной формой искусства»
64
. Егер өлең 
заңдылықтары ұлттық жеке тіл нормаларынан тыс құрылатын 
болса, олар дүниежүзіндегі тілдердің бәріндегі өлең үшін 
ортақ болған болар еді. Шындығында, олай емес. Ортақ заңдар 
да бар, сонымен қатар әр тілдің өзінің құрылымдық белгілеріне 
және әдеби дәстүріне орай, сол тілдегі өлеңнің ритмикалық-
синтаксистік құрылысында өзіне тән (немесе сол семьядағы 
тілдердің көпшілігіне тән) өз заңдылықтары және болады. Мы-
салы, орыс зерттеушілері көрсеткен факторлардың бірқатары 
қазақ өлеңінде не мүлде есепке ілінбейді, не өте әлсіз, неме-
се оның белгілі бір дәуірдегі сипаты қазіргіден өзгеше болып 
келеді. Айталық, өлең тасымалы – орыс поэзиясында XIX 
63
 Поспелов Н. С.
Синтаксический строй стихотворных произведе ний Пушкина. - 
М., 1960. - С. 9.
64
 Томашевский Б.В.
Стих и язык. - М., 1958. - С. 21, 23, 62.


230
ғасырдың өзінде-ақ, мысалы, Абай көп оқыған Пушкинде 
әлдеқайда кең қолданылған тәсілдің бірі болса, өткендегі қазақ 
өлеңінде, оның ішінде Абайда, әлдеқайда әлсіз, сирек құбылыс. 
Бұл – орыс поэзиясындағыдай өлең материалын синтаксистік 
жағынан ұйымдастыратын негізгі амалдың бірі ретінде көріне 
алмайды. Сол сияқты орыс өлеңінде тармақтардың жоғарыдан 
төмен қарай іліктесуі, яғни тармақ басындағы сөздердің тығыз 
байланысты болып келуі (вертикальная связь строк неме-
се синтаксическая унизывание по вертикали начальных слов 
в смежных строках) – өлең синтаксисін талдауда ескерілетін 
факторлардың бірі. Мысалы, Пушкиннің «Медный всадник» 
шығармасындағы:
Из тьмы
лесов, из топи блат 
Вознесся
пышно, горделиво, – 
дегенінде «Из тьмы... вознесся» ...болып, тармақтар басы-
на бір-бірін айқындай түсетін баяндауыш пен соған қатысты 
пысықтауыш орналасқан
65
. Ал қазақ өлеңі үшін тармақтардың 
бұл тәрізді жоғарыдан төмен қарай байланысуы тән емес.
Сондай-ақ орыс өлеңінің синтаксистік құрылысында 
бірнеше тармақты бір тұтас единица етіп құрастыруда 
и, или 
тәрізді жалғаулық шылаулардын рөлі зор, бұлар мұндайда 
жалғастырушылық (сочинительный) емес, байланыстыру-
шылық (просоединительный) қызмет атқарады. Ол күрделі 
синтаксистік тұтастыққа енген сөйлемдердің ең соңғысының 
алдында тұрып, оны алдыңғы тармақтармен байланыстыра-
ды
66
. Бұл тәсіл Пушкинде өте жиі қолданылғанын Н.С.Пос-
пеловтің арнаулы талдауынан көреміз. Ал қазақ өлеңіне бұл 
фактор да жанаспайды. Жалғаулық шылаулар қазақ өлеңінде 
байланыстырушы, топтаушы рөл атқармайды (салаласқан жай 
сөйлемдер арасында келуі бұл қызметке жатпайды), қазақ 
өлеңінде осы рөлді өзге грамматикалық элементтер атқарады. 
Айталық, бірнеше сөйлемді бір тұтастыққа топтауда өткен 
65


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   96   97   98   99   100   101   102   103   ...   259




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет