196
таза қазақ тілінде ұсынбай, ара-тұра түркі жазба дүниесінің
осы жанрдағы тілдік-стильдік дәстүрін сақтауы, яғни «кітаби
тілдік» элементтерді қосып отыруы, әсіресе лексикасында ис-
лам дінінің «иесі» – араб тіліне иек артуы – заңды құбылыс деп
қараймыз. Бұл жерде де Абай жазушылық шеберлік көрсеткен.
Егер қазіргі кезде қазақ тілінде теологиялық, діни әдебиет
стилі жасалатын болса (жасалуы керек қой), әрине, дәл Абай-
ша болмағанмен, оның кейбір
принциптерін ұстануға болар
еді. Мысалы, кейбір діни терминдерді аудармай алу, хадис, аят-
тарды әуелі араб тілінде келтіру (одан кейін, әрине, қазақша
аударып түсіндіру), түркі діни әдебиет дәстүрінде қалыптасқан
кейбір формулаларды сақтау сияқты нормалар орын алар ма
еді деп ойлаймыз.
Ең алдымен, Ыбырай мен Абай қазақ тілінде теологиялық
әдебиетті дүниеге келтірудің бастамасын көрсетті, ислам діні
негіздерін, мазмұнын, қағидаларын қазақша айтуға, түсіндіру-
ге әбден болатынын танытты. Міне, 38-сөз деп аталған орны
ерекше
шығарманың стильдік, тілдік сыр-сипаты осындай.
Енді Абайдың прозалық шығармаларының ішінде жан-
ры жағынан бөлек танылатын екінші туындысы – тарих
тақырыбына жазылған соңғы 46-шығармасы. Ол «Сөз» деп
нөмірлеп көрсетілмей, «Біраз сөз қазақтың түбі
қайдан шық-
қаны туралы» деген атпен басылып жүр. Бұл жазба – қазақтың
ұлттық жаңа әдеби тіліндегі тарихи очерктің алғашқы үлгісінің
бірі. Әрине, бұл шығарма – терминологиясы жағынан дәл
қазіргі тарихтық ғылыми еңбектермен бірдей түсе алмайды,
бірақ баяндау стилі жағынан білім-танымдық мақсат көздеп,
көпшілік оқырманға арнай жазылған нағыз очерк. Бұл тексте
тарихи оқиғаларды баяндауда
қолданылатын кейбір тілдік-
грамматикалық құралдар орынды келтірілген. Мысалы, баян-
дау желісін жалғастыратын
сол, ол, бұл
сияқты есімдіктер
(сол
арабтар... сол он екі кісінің бірі... ол Шағатай нәсілінің үлкен
ханы
т.т.) жиі жұмсалады, сондай-ақ өткен тарихты баяндау
болғандықтан, етістіктер негізінен өткен шақ тұлғаларында
келтірілген:
есептеп жүріпті, жат көрініпті, айтқан екен...
жүре береді екен...
т.т.). Тарихты баяндауда автордың үзілді-
кесілді айтпай, кейде шамамен болжалдап айтатыны да бола-
197
ды, сондықтан осы реңкті білдіретін тұлғаларды да тарихшы
Абай дәл тапқан
(тұрған кезі болса керек... хан аталмақ себебі
де сол болса керек... тауларды мекен қылса керек...).
Әр шығарманың тақырыбы
мен жанрына қарай сөз сап-
тауы (стилі) бір-бірінен өзгеше болып келуге тиісті екендігін
Абай бұл жерде де тап басқан. Сірә, ол Пушкиннің проза тіліне
көзқарасы туралы айтқандарын оқыды ма, жоқ па («У нас
употребляют прозу как стихотворство... для приятного про-
явления форм... Проза не может довольствоваться блестящи-
ми играми воображения и гармонии... Слово «прозаический»
должно совмещать понятия «спокойный, умный, рассудитель-
ный» дегендерін), бірақ ол да, Пушкин сияқты, өлең сөз бен
қара сөздің тілдік-көркемдік тұрғыдан айырмасы болатынын
принцип етіп ұстаған. Әсіресе
теологиялық трактаттар мен
тарихи очерк сияқты «метафизикалық» шығармалардың тілін
«өлеңдетпей» (поэтизацияламай), айшықты сөздермен ажар-
ламай, әр сөзге нақты мағына беріп, анық, айқын етіп жазуды
Абай да жақсы сезгенін оның біз талдаған соңғы екі шығармасы
дәлел бола алады. Бұл тұста Абайдың тілдің функционалдық
стильдерін, яғни әдебиеттің әрбір жанрына лайық қолданылу
мәнерін аңғарған шеберлігін танимыз.
Шеберлік, көркемдік сияқты, Абайдың тіліндегі кестенің
бізі, өткірдің жүзімен салынған сөз өрнектерінің бір нақышы.
Міне, поэзиясы мен прозасында
осындай шеберлік пен
көркемдік көрсеткен ұлы Абайдың поэтикалық сөз кестесі,
толғауы тоқсан қызыл тілінің өрнегі осындай.