Ген кәнігі эпитеттің үстіне жапырағы қуарған



Pdf көрінісі
бет84/259
Дата30.01.2023
өлшемі6,92 Mb.
#166770
1   ...   80   81   82   83   84   85   86   87   ...   259
Байланысты:
Кітаптар 25-36

бояма 
күлкі, қулық саумақ, адам саумақ, ғылым табу, ғылым бағу, 
көңілге қалың беру, ақылдың көзі. жанның жарығы, көрікті 
ой, көкірегі байлаулы болу 
сияқты тың образдар бар. Олардың 
бірқатары (
қырқын мінсе қыр артылмау, адам сауу, ғылым 
табу 
т.б.) өлеңдерінде де қолданылған, демек, бұлар Абайдың 
айтпақ ойына дәл келетін, өзі сүйіп қолданатын тіл кестелері 
болып танылады.
Суреткердің тіл өрнегін әңгіме еткенде, талдаудың бір ұшы 
әсемдікте, сөз кестесінде жатса, екінші ұшы шығарманың 
мазмұны мен тақырыбына тілін сай етіп ұсыну шеберлігінде 
жатады. Жоғарыда талданған материалдың бәрі – шығарма 
тілінің әсемдігін танытатын, көріктеу элементтерін көрсететін 
фактілер. Ал енді шығарманың стильдік астарына қатысты 
шеберлікке келсек, Абай қаламына мұны да тели аламыз. 
Тегі, Абайдың тілдік интуициясы өте күшті болғаны даусыз 
сезіледі. Ол тек қай сөзді қай жерге жұмсауды, қай сөзбен 
қайсысын тіркестіруді, сөз мағынасын қай тұста қалайша 
құбылтуға болатынын біліп қана қоймаған, сонымен қатар тіл 
құдіретін (мүмкіншілігін) бар ішкі жан дүниесімен сезе білген. 
Сондықтан мазмұн мен түр сәйкестігі тек жеке сөздерге не 


192
тіркестерге келгенде ғана емес, тұтас шығармаға келгенде де 
қажет екенін де жақсы білген. Бұл әсіресе прозалық туындыла-
рында айқын көзге түседі.
46 шығарманың басым көпшілігі, жоғарыда айттық, көркем 
публицистикалық жанрдың үлгілерін танытады, оны «көркем» 
деп отырғанымыз – біраз «Сөздің» роман, повестердің кейіп-
керлерінің монологі іспетте келгендігі. Сондықтан бұлар таза 
қазақ әдеби тілінде жазылған, оның жаңа бір саласы – пу-
блицистика стилін танытады. Бұларда «кітаби тіл» аталған 
ортаазиялық жазба дәстүрдің – шағатай тілінің элементтері 
жоқ, керісінше, қазақтың шешен, ойлы, зерделі адамының сөз 
саптауына тән белгілер бар (бұл белгілерді жоғарыда жеке-же-
ке талдап көрсеттік).
Ал Абайдың екі шығармасы көркем публицистика үлгісінен 
өзгерек стильде ұсынылғаны бұлардың тақырыбы мен баяндау 
мәнерінен көрінеді. Ол шығармалардың бірі – 38 сөз деп атала-
тыны да, екіншісі – «Біраз сөз қазақтың қайдан шыққаны тура-
лы» деген ең соңғы шығармасы.
Абай мұрасы қолжазба түрінде таралып, сақталған кез-
де 38-сөз «Ғақлийат тасдиқат» деген атпен өзге «Сөздерден» 
бөлек көшіріліп келген. Мұның бір сыры болу керек. Бұл – 
Абай «Қара сөздерінің» ішіндегі көлемі жағынан ең үлкені, 
тақырыбы мен адресаттары (оқушылары) жағынан да өзге ту-
ындыларынан бөлектеу тұрғаны. Сірә, бұл шығармасын Абай 
қазақ балаларының мұсылманша сауатын ашатын орындар-
да (молдаларда, мектеп, медреселерде) ислам діні негіздерін 
дұрыс түсініп, білулеріне көмектесетін құрал ретінде ұсы-
нғысы келген болар деген ой келеді. Уәсила Абайқызының 
жоғарыда келтірген естелігі де, осы шығарманың мазмұны 
мен стилі де, бөлек көшірілуі де бізді осындай болжамға 
итермелейді. Мұнда автор дін тақырыптарына қатысты өзінің 
түсінік-танымдарын және жалпы мораль жайындағы ой-
толғамдарын сөз етеді, иманды уағыздайтын, бірақ оны теріс 
түсіндіретін дін адамдарын сынай отырып, хүкім шариғатын 
түсіндіреді. Демек, Абайдың бұл шығармасын теологиялық 
әдебиеттің қазақ тіліндегі алғашқы үлгілерінің бірі деуге бола-
ды. Теология – Құдай туралы ілім болса, бұл ілімді сөз ететін 


193
әдебиет түрлерін белгілі бір дінді ұстаған халықтардың өз 
ана тілдерінде жасап алу қажеттігі әрдайым сезіліп отырған, 
өйткені ұстанып отырған діннің канондарын (заң ретінде 
ұсынылған ереже-қағидаларын) жақсы білген күнде ғана руха-
ни өмірінің қажеттігін өтейтін құрал етіп пайдалануға болаты-
ны белгілі. Осы себептен XIX ғасырдың II жартысынан бастап 
таза қазақ тілінде ислам діні қағидаларын уағыздайтын, ол 
үшін сол ережелерді азды-көпті түсіндіретін әдебиет үлгілерін 
жасау әрекеті пайда болды. Бұл қажеттікті өмірдің өзі ұсынды.
Ыбырай Алтынсарин 1884 жылы Қазанда шыққан «Шари 
‘ат ул-ислам» атты шағын еңбегін жазуда өзі аштырған 
азаматтық мектептерде міндетті түрде өтілетін дін сабағында 
оқушыларға (қазақ балаларына) ислам дінінің негізгі заңдарын 
ана тілдерінде түсіндіру мақсатын көздеген. Ыбырайдың өз 
сөзімен айтқанда, «кәләм шари’ат һәм үлкен ғылым кітаптар 
ғараб тілінде жазылулы» болғандықтан, оны көп «қара 
халық» түсінбейтіндіктен, бірақ «ғарабтан басқа тілмен намаз 
оқығандардың иман болуы да дұрыс» болғандықтан, «Шари’ат 
ул-исламды» жазғанын білеміз. Зерттеушілердің талдауына 
қарағанда, Ыбырай Алтынсарин осы кітапшасы арқылы қазақ 
тілінде теология саласында жазуға болатындығын танытқан, 
яғни «Шари ‘ат ул-исламның» арқауы – қазақ тілі, қазақ лекси-
касы мен грамматикасы екенін көрсетеді
50
.
Ал Абайдың 38-сөзін жазудағы мақсаты мұндай нақты 
практикалық болу-болмауы жөнінде өз пікірімізді жоғарыда 
айттық. Дегенмен қайткен күнде де «жүрегінің қуаты – 
перзенттеріне адам ұғлының мінездері туралы» ойларын жазу-
ды көздеп, ол әңгіменің негізіне «Алла тағаланы танымақты» 
алады, өйткені «Алланы танымақтық – дүниені тану, адам 
өзін тану, адамшылықты жетілдіру, Алланың бір сипаты – 
ғылым-білімді тану» деп бастаған автор әрі қарай «иманның 
хақиқатын» сөз етеді, Алла тағаланың сегіз сипатын атайды, 
ол сипаттарды айырып білу керек дейді, сол сегіз сипаттың 
екеуі – ғылым мен құдіретті түсіндіреді, оларды кеңінен сөз 
етеді. Одан әрі қарай ислам дінінің дұрыс түсіндірілуге тиісті 
50


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   80   81   82   83   84   85   86   87   ...   259




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет