Ген кәнігі эпитеттің үстіне жапырағы қуарған



Pdf көрінісі
бет80/259
Дата30.01.2023
өлшемі6,92 Mb.
#166770
1   ...   76   77   78   79   80   81   82   83   ...   259
Байланысты:
Кітаптар 25-36

Ішпек, жемек, кимек, күлмек, көңіл көтермек, 
құшпақ, сүймек, мал жимақ, мансап іздемек, айлалы болмақ, 
алданбастық 
– бұл нәрселердің бәрінің де өлшеуі бар деген 
сөйлемдегі бірыңғай мүшелер тұлғалануы жағынан біртектес 
болып келген (барлығы да – 
-
мақ 
жұрнағымен жасалған 
дерексіз есімдер).
Әдетте бірыңғай мүшелердің алғашқылары қосымшасыз 
беріледі де, тиісті жалғау ең соңғысына жалғанады, бұл – жал-
пы тілдік норма. Ал тексте, әсіресе көркем әдебиет пен көркем 
публицистикада белгілі бір стильдік мақсатпен тиісті жалғауды 
олардың әрқайсысына жалғап келтіру орын алады. Мыса-
лы, Абайдың мына қолданысына назар аударалық: «
Анттың, 
серттің, адалдықтың, ұяттың 
бір тоқтаусыз кеткені ме?» Бұл 
сөйлемді: «
Ант, серт, адалдық, ұят дегендердің 
бір тоқтаусыз 
кеткені ме?» деп те құруға болады, бірақ бұл екі варианттың 
стильдік бояуы бірдей емес: бірыңғай мүшелердің әрқайсысын 
тиісті тұлғасымен (жалғауымен) келтіргенде, бір-бірінен 
жіктері ажыратылып, олардың әрбіреуіне екпін түседі.
Абай прозасында бірыңғай мүшелерді тұлғалануы жағынан 
сыйыстыру (алдыңғыларын жалғаусыз беру) кемде-кем ұшы-
расады. Бірыңғай мүшелер әрдайым дерлік жеке-жеке толық
тұлғаланып тұрады, соның есесінен сөйлем ұзындау, шұба-
лаңқылау болып көрінуі де мүмкін, бірақ оқырманға, әсіресе 
тыңдаушыға оның беретін әсері күштірек болады. Сөйлемнің 
эмоциялық, тіпті экспрессиялық әсерін тану үшін тексті 
толығырақ келтірелік: «Адам баласына адам баласының бәрі 
дос. Не үшін десең, дүниеде жүргенде 
туысың, өсуің, тоюың, 
ашығуың, қайғың, қазаң, дене бітімің, шыққан жерің, бармақ 
жерің 
– бәрі бірдей, ахиретке қарай өлуің, көрге кіруің, шіруің, 
махшарда сұралуың – бәрі бірдей, екі дүниенің 
қайғысына, 
пәлесіне 
қаупің, екі дүниенің 
жақсылығына 
рақатың – бәрі 
бірдей екен...»
Бұл микротексте бірыңғайлық екі-үш еселеніп берілген 
деуге болады: II жақтағы тәуелдік жалғаулы мүшелер тобы
өзара бірыңғай болып келсе, сол сөздерге қатысты 
қайғысы- 
на, пәлесіне, жақсылығына 
деген сөздер бір тұлғада келіп, 


186
өзара бірыңғайласады. Мұнда тіпті 
бәрі бірдей 
деген баян-
дауыштардың үш рет қайталанып келуі енді үш жай сөйлемді 
өзара бірыңғай етіп шығарады. Бұл – әдейі қолданыс, стильдік 
мақсаты бар құрылым. Сөйлем қаншама көп сөзді болса да, 
түсінуге де жеңіл, қабылдауға да әсерлі, өйткені 
бәрі бірдей
деген сөздер әуелі бұл тексті үш бөлікке бөледі, ал әр бөлік-
тегі бірыңғай мүшелерді бөліп-бөліп айту (оқу) керек болған-
дықтан, яғни олардың әрқайсысының жеке-жеке бірдей тұл-
ғалануы интонациялық «автономияларға» алып келгендіктен, 
бұлар да ойды ауырлатпайды.
Бірыңғай мүшелерді жиі қолдану және оларды жеке-жеке 
тұлғалау құбылысына стильдік қызметі жағынан «қайталау» 
(«повтор») деп аталатын сөз қолдану амалы жақын келеді. Бір 
сөзді бір сөйлем ішінде немесе ең келте микротексте қайталап 
келтірудің эмоциялық әсері жоғары болады. Бір сөздің не 
тіркестің қайталануы көбінесе бірыңғай мүшелердің не бірың-
ғай сөйлемдердің құрамында келіп, параллель құрылымдар 
түзеді. Мысалы: «
Біреу 
бай 
болса, біреу 
кедей 
болса, біреу 
ауру, 
біреу 
сау 
болса, біреу 
есті 
болса, біреу 
есер 
болса, біреудің көңілі 
жақсылыққа 
мейілді, біреудің 
көңілі жаманшылыққа 
мейілді 
– 
бұлар неліктен десе біреу, сіздер айтасыздар: Құдай тағаланың 
Жаратқанынан, бұйрығынша болған ісі деп...» Бұл ұзақтау 
сөйлемде екі ұдай параллель бар: алғашқысы – 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   76   77   78   79   80   81   82   83   ...   259




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет