Әділханова жанна сайынқызы


әдебиеттану – халықты тану, оның өткені мен



Pdf көрінісі
бет3/17
Дата31.01.2023
өлшемі0,79 Mb.
#166958
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   17
Байланысты:
annotation15841

әдебиеттану – халықты тану, оның өткені мен
бүгінін сараптау.
Әдебиеттануы дамымаған елдің эстетикалық талғамы
биік дәрежеге көтерілуі мүмкін емес. Тоқсаныншы жылдары, еліміз
тәуелсіздікке қол жеткізгеннен кейін қазақ әдебиеттануының қалыптасу
тарихы тұңғыш рет арнайы зерттелді. Жандос Смағұлдың «Қазақ
әдебиеттану ғылымының қалыптасу тарихы» атты монографиясында
қазақ әдебиеттану ғылымының бастау көздері сонау әл-Фарабиден
бастап, жыраулар эстетикасындағы әдеби құндылықтардан, Шоқан, Абай, 
Ыбырай мұраларындағы әдеби тұжырымдардың алғашқы түсініктері
болғанын зерттеуші тұңғыш рет негізгі зерттеу нысанына алған. Бұл
туралы «Қазақ әдебиеттану ғылымының тарихында»: «Ж. Смағұлдың
зертеуінде ұлттық әдебиеттану ғылымының тууы мен қалыптасу
кезеңдері, кеңестік идеология мен маркстік-лениндік әдіснаманың
тозғаны, әдеби мұраны игеру мен осы бағыттағы нақты ұсыныстарды
бүгінгі уақыттың жаңа талаптары тұрғысынан қарастырады. Автор
тұңғыш рет ұлттық әдебиеттану ғылымы қашан туды, қалай қалыптасты
деген сауалдарға жауап іздейді» ,– деп жазылған [12,273]. Бұл еңбекте
қазақ әдебиеттану ғылымының тарихы, даму жолдары, түрлі кезеңдерге
жіктеліп, әр дәуірдің өзіндік басты кескін-келбеті, жетістіктері мен
кемшіліктері, ізденістері мен табыстары біртұтас сараланған. Зерттеуші: 
«Кезінде еуроцентристік көзқарасқа сүйенген маркстік-лениндік әдіснама
мүмкіндік бермеген, оны арқау еткен ұлттық нигилистер жоққа
шығарумен келген қазақ әдебиеттану ғылымының тарихы алғы
шарттардан тұратын тарих алдындағы дәуір ретінде алынды. Ал ұлттық
ғылым ретінде туу кезеңі – 1900-1940 жылдар, қалыптасу дәуірі – 1941-
1970 жылдар аралығында өтті деген жүйені дәлелдеуге ұмтылдық»,– 
дейді. [13,11] Расында төл әдебиетімізді зерттеу уақыты Ұлы Отан
соғысынан кейін қолға алына бастады да, ең жемісті жылдары – дамуы 
алпысыншы жылдардан кейінгі сексенінші жылдардың аяғына дейін деп
топшылауға болады. Тоқсаныншы жылдардың басы тарихта «өтпелі
кезең» деп аталып, әдебиеттің қайтадан тоқырап қалған жайы байқалды.
Егер мемлекеттің немесе қоғамның жан-жақты дамуына аса
қолайлы ықпал жасайтын факторлардың бірі – халықтың рухани деңгейі
екенін ескерсек, әдебиеттанудың дамуы қай мемлекет үшін де айрықша
маңызды мәселе. Ендеше, қазақ әдебиеттану ғылымы туралы әңгіме
қозғау – заман мен қоғам талабы. Кеңес кезінде ресми тыйым салынған
бұл ұлттық классикалық әдебиеттанудың үлгілі зерттеулерінсіз іске
асқан соцреалистік әдебиеттану біржақты болғаны рас. Ұлттық асыл сөз
туралы шынайы зерттеулер Алаш зиялыларымен сабақтас екені даусыз.
Фольклор мен ауыз әдебиетінің, жазба әдебиеттің алуан
жанрларының қалыптасу тарихы, көркемдік құбылыстардың туу,


13 
қалыптасу және даму барысы, әдеби кезеңдердің тарихи-қоғамдық
жағдайлармен байланысы, көркем шығарма психологиясы, қаламгерлердің
шығармашылық өмірбаяны мен стилі – әдебиетіміздің көкейтесті
мәселелері. Жекелеген теориялық сипаттардың ұлттық әдебиет
мысалдарында көрініс табуы, басқа ел әдебиеттерімен байланыстары,
көркемдік дәстүр мен жаңашылдық хақындағы пайымдаулар мен ой-
пікірлер әдебиеттанушы ғалымдарымыздың еңбектерінің әр қайсысында
әр түрлі деңгейде көтеріліп келеді. Әдебиет адамның интеллектуалды
санасы, түйсігі арқылы қорытылып, ұғындырылып, өз дәуір
шындығының көркем көрінісі болып табылады дедік. Белгілі бір
халықтың кез-келген дәуірі мен кезеңінің көркем дүниелері қайда,
қашан, қалай дүниеге келгендігін, олардың қандай бағытта
жазылғандығын анықтау арқылы сол дәуірде болған әдеби бағыттар мен
ағымдардың пайда болып, дамуы туралы мәліметтерді елеп-екшеп,
қаламгерлердің өмірі мен шығармашылығын зерделеу, оларға ғылыми
талдау жасау, баға беру – әдебиеттану ғылымының бірден-бір міндеті . 
Ендеше, біз осы тұрғыдан келіп, 1960-1990 жылдар арасындағы қазақ
әдебиеті жайында, яғни, оның тарихы, сыны, теориясы мен олардың даму
жолдарына шолу жасай отыра, сол жолда тер төккен әдебиетшілердің
еңбектеріне бүгінігі күн тұрғысынан өз пайымдауымызды жасамақпыз. 
Сол себепті, бұл зерттеуде қазақ әдебиеттануы тарихында өзіндік орны
бар, қазақ әдебиетінің дамуына үлкен үлес қосқан ғалым С.Сейітовтің
еңбектеріне тоқталу – басты мақсатымыз болып отыр.
Әрине, қазақ әдебиеті ғылымы соңғы екі ғасыр тоғысында бірнеше
күрделі қоғамдық өзгерістердің, заманауи құбылыстардың куәсі ретінде
көптеген қиын асулар мен аласапыран уақыт сынын басынан кешірді. 
Сонау Ш.Уәлихановтан бастап отандық ғылым жолы Ресей ілімі мен
біліміне негізделген әдеби даму жолымен сабақтаса жүріп келгені
белгілі. Орыс әдебиеттану ғылымы өзінің туып, қалыптасу тарихын
зерттеуде ауыз толтырып айтарлықтай табыстарға қол жеткізді.
П.А.Николаев “Возникновение русской наука о литературе” (Москва, 
Наука,1975г.), А.С.Курилов “Формирование русского литературоведения
как науки” (Автореферат на соискание ученой степени док. фил.наук. 
Москва,1982г.), А.С.Бушмин. “Наука о литературе”. Проблемы. Суждение. 
Споры. (Москва. Современик, 1980 г.). Сондай-ақ, В.Р.Щербинаның, 
С.И.Машинскийдің, Г.М.Фридлендердің, Л.М.Земляновтың зерттеулерінде
әдебиеттану ғылымының теориялық және методологиялық прблемалары
ғылыми тұрғыда тексерілумен қатар, қалыптасу, өркендеу жолдарын
жан-жақты сарапталғанын көреміз.[14.] Сонымен қатар, кейбір ұлт
республикалары да өздерінің ұлттық әдебиеттану ғылымының туып,
қалыптасу жолын зерттеуде тың қадамдар жасады. Солардың ішінен 
М.И. Машинскийдің “1920-1930 жылдардағы белорус әдебиеттану
ғылымы мен сыны” деген докторлық диссертациясын, И.Я.Колчановтың “ 
Мордва әдебиеттану ғылымының өткен жолын сын тарихына байланысты


14 
қарастырған татар ғылымы Э.Р. Бориеваның, өзбек ғалымы Б.Назаровтың
кандидаттық диссертацияларын да атап өтуге болады.
Қазақ әдебиеті ғылым ретінде кештеу қолға алынғанмен, оның
қайнар көзі біздің әдебиет алыптарының А.Байтұрсынов, М.Жұмабаев, 
Ж.Аймауытов, Х. Досмұхамедовтардың еңбектерінен басталып, бертіндегі
ғұламалар С.Мұқанов, М.Әуезов, Ғ.Мүсірепов, Ғ.Мұстафин, М.Қаратаев, 
Қ.Жұмалиев, Т.Нұртазин, М.Ғабдулин, Е.Ысмайлов, Б. Кенжебаев, 
М.Базарбаев, З.Ахметов, З.Қабдолов, С. Қирабаев т.б. тұлғалардың
тағдырларымен тамырлас. Көтерер жүгі ауқымды, мән-мағынасы терең, 
құндылыққа толы рухани дүниені бүгінгі ұрпаққа қалайда аман
жеткізудің өзі – үлкен ерлік. 
Қазақ әдебиеттану ғылымының жедел дамып, қауырт көтерілген ең
жемісті жылдары алпысыншы жылдардың басы мен сексенініші
жылдардың соңы болды. Бұл кезең партия мен өкіметтің қатаң
бақылауындағы, үнемі коммунистік саясат мадақталып, әдебиетке,
өнерге, таптық пролетарлық көзқарас таңылып отырғанын жоғарыда
айттық. Бұл кезеңге академик С.Қирабаев : ”…Қоғамды басқарушы
топтың қосарланған, екі жүзді моралі, ғылымға, әдебиетке, өнерге
таңылған партиялық саясаты, ата-баба дәстүрінен, дамудың тарихи
сабақтастығынан қол үзу әдістері сияқты қоғамды жайлаған
қайшылықты дерттер орын алған”,– деп баға берген [7,5]. 1958жылы 
Орталық Комитеттің “ Қазақ халық әдебиетінің поэзиясы және музыка
мұрасын зерттеудің, сын тұрғысынан қарап пайдаланудың жайы және
оны жақсарту шаралары туралы” қаулы қабылданғаны әдебиет
зерттеушілеріне белгілі [15]. Бұл қаулы мәселені түгелдей шешпегенмен,
бұрынғы нигилистік көзқарасты қайта қарауға бетбұрыс жасады. Осы
мақсатпен 1959 жылы Қазақ ССР-і Ғылым Академиясы мәдени мұраға
байланысты үлкен ғылыми конференция ұйымдастырып, қазақ халқының
фольклорлық мұралары мен әдебиеті тарихының мәселелері жан-жақты
зерттеле бастады. Бұрын шығармашылығы қайшылықты делінген ақын-
жазушылар еңбектері жайлы тың пікірлер туды. Қазақ Ғылым
Академиясының Әдебиет институтының ғалымдары ғылыми зерттеудегі
жаңа мүмкіндіктерді пайдаланып, қазақ халқының бай әдеби мұрасын
зерттеп, жинақтарға енгізуді қолға алды. Бірақ бұл шаралар сөз жүзінде
айтылғанмен іс жүзінде халықтың көркем туындыларын таптық,
партиялық тұрғыдан қарап, түсіндіруге тырысты. Содан барып, біздің
ұлттық әдеби мұраларымыздың көп бөлігі ескішіл , феодалдық,
кертартпа, ұлтшылдық идеологияны жақтайды деген сылтаумен
қолданыстан шығып қалды. С.Қирабаев: «Саясаттан тыс жасалған халық
әдебиеті саясатқа бұра тартылды. Халық қаһармандары таптық тұрғыда
түсіндірілді. Соның нәтижесінде Қыз Жібек, Баян сұлу, Ақжүніс,
Алпамыс, Қобыланды сияқты эпостық қаһармандарының өзі бай баласы,
хан қызы деген сияқты айыптарға ұшырады»,– дейді [7,6]. Біздің
ойымызша, ұлттық әдебиеттанудың ғылымы сол кезеңде қол жеткізген
табыстары мен солақай саясат кесірінен амалсыздан бұрмаланып


15 
түсіндірілген мәселелерді қайта саралап, ғылыми тұрғыдан қайта
бағалаған орынды.
Әдеби таным, талғам тәрбиелеуде қандай ауқымды істер
атқарылды, әдебиетші қауым не тындырды деген сауалдар күн өткен
сайын алдымызды орайды. 1960-1990 жылдар аралығындағы Кеңес дәуірі
әдебиеті тұтастай алып қарағанда әлем әдебиетіндегі, әсіресе, орыс, 
еуропа әдебиеттанудағы методологиялық тәсілдерді, түрлі мектептердің
сабақтарын, ұлы тұлғалардың мұраларын меңгеріп, оларды ұластыра
дамытып, ұлттық өнерді талдап, бағалап, саралауда аз іс атқарған жоқ.
1960-1967
жылдың аралығында « Қазақ әдебиетінің тарихы» атты әр томы
екі кітаптан тұратын үш томдық қазақ әдебиетінің ауыз әдебиеті мен
әдебиет тарихының мол мұрасы жинақталып, ғылыми айналымға түсті.
Бұл – халық мұрасын тұңғыш рет жүйелі, ғылыми сипатта, терең мәнде
зерттеп, жоғары деңгейде атқарылған үлкен іс болды. Бұл жұмыстың
басында әдебиет алыптары М.Әуезов (1том, 1-кітап, ауыз әдебиеті), 
М.Қаратаев (1том, 2-кітап, айтыс, халық ақындары, терме-толғаулар), 
Қ.Жұмалиев (2том, 1-кітап, ХҮІІІ-ХІХғ. әдебиеті), Ы.Дүйсенбаев
1960-1968
(2 том, 2-кітап, ХХғ.бас кезіндегі әдебиет), М.Қаратаев (3 том, 
тұтастай кеңес дәуірі әдебиеті) зор еңбек атқарды. Мұнда Кеңес дәуір
әдебиетін бес дәуірге: 


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   17




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет