- қазақ әдебиетінің жанрлық шығармаларына әдеби сын;
- сын-библиографиялық зерттеу;
- ұжымдық зерттеу жұмыстарына қатысуы;
- портреттік эсселер;
- туысқан халықтар әдебиеті туралы зерттеулері;
- аударма ахуалы туралы еңбектері.
Оның зерттеушілік мақсаты – қазақ поэзиясының даму үрдісі,
деңгейі; ақын-жазушыларымыздың сөз қолданысы, көркемдік сапасы
туралы; аударма ахуалы; көршілес елдердің әдебиетін танып, білу;
қаламгерлердің олардан үйренуін талап ету; халыққа өзгенің жақсысын
үлгі ету; қазақ әдебиетінің үлгілерін басқа халықтарға таныту . Осы
бағытта ол ерінбей еңбек етті, талмай тер төкті. Шығармаларының дені
осы бағытта жазылды.
Тарихтан белгілі, өткен ғасырдың 60-90 жылдарындағы әдебиет
ол Кеңес саясатының ықпалында болды . Әдебиетті де, өнерді де қатаң
33
цензура биледі. “Ұлы Октябрь”, “Коммунистік партия”, “Ленин” деген
ұранға толы осы жылдар – ұлттық мәдениетіміз бен әдебиетімізді
дарынды тұлғалары арқылы әлемге танытқан, іргелі ғылыми
еңбектерді де тудырған жеңісті де жемісті дәуір. М. Әуезовтың «Абай
жолы» эпопеясының өзі сол дәуірдің абыройын арқалап тұрғанын айтсақ
та жеткілікті. Одан өрбіп, Абай туралы қаншама құнды зерттеулер
өмірге келді. С. Сейітовтің қаламынан да ұлы Абайдан тамыр тартып
жазылған мақалалар жетерлік. Әсіресе, аударма төңірегіндегі
зерттеулерінің мәні тереңде, оған жеке тоқталамыз. Сондықтан алтын
құрсақ бұл мезгілді бүгінгі күн тұрғысынан келгенде, қазақ әдебиетінің
көтерілген, дамыған тұсы деп қараймыз. Рас, қоғамдық-әлеуметтік өмірдегі
қайшылықтарды көрсете отырып, билеуші коммунистік партия әдебиет
дамуын қадағалап отырды. 1937 жылы жазықсыз қараланған қоғам
қайраткерлері, ақын-жазушылар, ғұлама-ұстаздар арада жиырма жыл
өткенде ақталып, С.Сейфуллин, Б.Майлин, І.Жансүгіров сынды белгілі
қалам қайраткерлері әдебиет тарихынан өз орындарын алды.
1957 жылы Қазақстан Компартиясының Орталық Комитеті “Қазақ
халқының әдеби-поэзиялық және музыка мұрасын зерттеудің, сын
тұрғысынан қарап пайдаланудың шараларын белгіледі [36]. Осының
негізінде әдебиет пен өнерді, тарихты зерттеу саласындағы бұрын
тыйым салынып келген деректерге жол ашылды. С.Сейітовтің осы жылы
жарық көрген “Қырық жылда”
атты үлкен зерттеу еңбегі сол кезеңдегі
әдебиетіміздің қалыптасу, даму, өсу жолын саралап, талдап берген
бірден-бір тың дүние еді. Бұл кітап төрт бөлімнен тұрады: 1.Алғашқы
адымдар. 2.Ержету жолында. 3. Қарумен, қаламмен. 4.Өрлеу үстінде.
Қазақ әдебиеттану ғылымының тарихын бағалауда алғашқы сәтті
зерттеулерінің бірі болған “Қырық жылда” автордың өзі қызмет атқарған
Қазақ ССР Ғылым Академиясының қабырғасында жүріп, жинаған,
зерттеген туған әдебиетіміздің өткен қырық жылдық жолына қысқаша
шолу, әрі қорытынды да болды. Октябрь революциясының қырық
жылдық мерекесіне арналған автордың бұл кітабы кеңес дәуірінің
жиырмасыншы жылдардан алпысыншы жылдар аралығындағы қазақ
әдебиетінің ахуалын айқындайтын зерттеу болып табылады.
“Қазақ халқының советтік дәуірдегі әдебиеті жоқ жерден шығып,
көктен пайда болған жоқ. Ол – қазақтың қазыналы, бай ауыз әдебиетінің
таңдаулы нұсқалаларының, Абай Құнанбаевтің, Ыбырай Алтынсариннің
іргесін қалаған жазба әдебиетінің жанды мұрагері”,– деп жазады автор
[37,87]. Бұл ой – кешегі және бүгінгі күнгі әдебиет зерттеушілерін
байланыстырып тұр. Ғалым Е.Ысмайылов: “Қазақ әдебиеті өзінің даму
тарихында халық әдебиетінің ең жақсы үлгілерімен тығыз байланыста
болды…”десе, [38,43] М.Горький:“Лучшие произведения великих поэтов
всех стран почеркнуты из сокровищницы коллективного творчество
народа, где издревле даны все поэтические обобщения, все
прославленные образы и типы”,– деген болатын [39,89].
Әдебиеттанушылардың зерттеулерін қарап отырсақ, М.Әуезовтан бастап,
34
бүгінгі жас ғалымдарға дейін көпшілігі осы пікірді қуаттайды. Сөз жоқ,
туған елдің терең тамырынан нәр алмаған, халықтық дүниемен
сабақтастығы жоқ дүниенің баянды болмасы баршаға аян.
Осылай басталған әдеби зерттеу қазақ елінің жиырмасыншы
жылдарынан бастап туып, қалыптасқан поэзия, проза, драматругия
салаларының даму жолын көрсетіп береді. Мәдени-ағарту салаларында
едәуір жұмыстар жүргізілгені, алғашқы мектептер ашылып, ана тілінде
өлкелік, губерниялық газеттер “Әйел теңдігі”, “Жаңа мектеп”, “Жаңа
әдебиет” журналы шығарылып, қазақ тілінде кітап басу ісі қолға алына
бастағаннан С.Мұқанов, Б.Ізтөлин, Ш.Иманбаева, А.Тоқмағанбетов,
Ә.Тәжібаев, Х.Жұмалиев, И.Байзақов, Ж.Сыздықов сынды авторлардың
поэзиялық шығармаларына тоқталса, проза саласы бойынша жаңа
дәуірдің үнін танытқан Ғ.Мүсірепов, Ғ.Мұстафин, Ж.Тілепбергенов,
Е.Бекенов тәрізді жазушылардың шығармаларына толық талдау жасап
береді. Еңбекте ақын-жазушыларымыздың көтерген негізгі тақырыптарына
шолу жасай отыра, сол кезеңнің өмір шындығын көрсететін
туындыларға тоқталады. Кеңес дәуірі әдебиетінде сөз болған негізгі
мәселелер – еңбек тақырыбы, өндіріс ошақтары, колхозшылар өмірі,
адамдар арасындағы достық туралы болғаны белгілі. Зерттеуші осындағы
кейіпкерлер бейнесінің қалай сомдалғаны, қарым-қатынас, адамдардың
ішкі жан дүниесі шығармада қалай берілген деген сауалдарға жауап
іздейді. Автор зерттеуінде Ғ. Мүсіреповтың тұңғыш шығармасы «Тулаған
толқында» (1927ж.) және «Қос шалқар» (1928ж.), «Көк үйдегі көршілер»
сияқты прозалық шығармаларына, С. Мұқановтың «Түсімде» (1922ж.),
«Ақбөпенің сыры» (1927ж.) алғашқы әңгімелеріне т.с.с қазақ
қаламгерлерінің ғасыр басындағы әдебиет ауылының ахуалын танытатын
туындыларына әдеби талдау жасайды. Солар арқылы қаламгерлер қазақ
қоғамындағы өмір шындығын, адамдардың психологисын әдебиетте
көрсетуге тырысады. Бұл да болса әдебиеттің жанрлық жағынан
толысып, кейіпкер бейнесін беруде, дәуір шындығын көрсетуге
талпынғандығы мәдени өміріміздің ілгері қадам басқандығын айғақтайтын
құбылыстар. Жалпы, С.Сейітовтің “Қырық жылда” атты әдеби-зерттеу
еңбегінде еліміздің республика ретінде қалыптасқан Кеңестік кезеңдегі
қырық жылғы әдеби процесіне, сол дәуірдің басты шығармаларына
талдау жасайды.Солардың кейбіріне тоқталып өткеніміз жөн болар.
“Жаңа дәуірдегі жаңа поэзияның – қазақ-совет поэзиясының туу
кезінің тірі айғағы ғана саналып қоймай, сол секілді тарихи
оқиғалардың басы-қасында болып, жаңаның жасалуына белсене қатынасу,
сонымен біте қайнасып, бірге өсу бағыты үлесіне тигендердің бірі –
Сәбит Мұқанов. Сондықтан оның поэзиясы туралы сөз қозғау бір ғана
ол емес, бүкіл совет поэзиясының алғашқы адымы мен алған бағыты,
көтерген мәселелері туралы сөз қозғаумен тең тәрізді. …Еңбекті
ардақтау, өнер, білімге ынтықтық, дүниені көрсем, білсем деу –
ақынның алғашқы кездегі өлең, жырларының (лирикалық)
кейіпкерлерінің лирикалық сипатын танытады”,– дей келе [37,67],
35
С.Сейітов С.Мұқановтың әдебиет үшін сіңірген еңбегі мен
шығармашылық жетістіктеріне жоғары баға береді. Оның қазақ
әдебиетіне қосқан “Қазақстан”, “Балқаш”т.б.көптеген өлеңдері мен
“Сұлушаш” поэмасының орны ерекше екендігін баса айтады. Ғалымның
пікірлері мұқановтануға үлкен үлес қосқан Е. Ысмайыловтың ойларымен
ұштасып жатқанын байқаймыз. Ол «С.Мұқановтың әр прозалық
шығармасы қазақ әдебиетіне үлкен жаңалық, үлкен оқиға болып отырды»
,– дейді [38]. Сәбең туралы қалам тартпаған ғалым кемде кем. Солардың
бірі иықтас болып бірге жүрген С. Сейітов.
Сол сияқты қазақ әдебиеті тарихында қыздар арасынан шыққан
алғашқы ағартушы ақындардың бірі Шолпан Иманбаеваның
шығармаларына арнайы тоқталып өтеді. Ол “Еңбекші әйелдің жыршысы
атанған жалынды жас ақын әдебиетке араласқан азғантай өмірінің
ішінде сол кездегі қазақ әйелдерінің ойы мен сезімін көрсететін
кестелі, көркем өлеңдер жазып үлгерді. Оның өз тұрғыластарын оқу,
білімге үндеп, жаңа өмір орнатуға белсене қатынасуға шақырған уытты
өлеңдері қазақ-совет әдебиетінің алғашқы кезеңінен лайықты орын
алады”,– дей келе, ақынның “Қоңыр қаз”, “Арыз”, “Жеттік міне”,
“Өлкелік әйелдер курсынан”, “Жалшы әйелдер аузынан”, т.б. өлеңдеріне
тоқталып, жан-жақты әдеби талдау жасайды [37,18]. “Арманым
жалғандағы өнер-ғылым”, “Оқу аз, білім саяз, талабым көп” деп игі
мақсатқа ұмтылған ақын қыздың өлеңдеріндегі оқу-білімге ынтықтық
пен білімді еңбекші халық пайдасына жаратуды аңсау сарынына назар
аударады, өз замандастарынан оза туған, жаңалыққа құштар қазақ
қызының бейнесіне оң баға береді.
Ғалым осы уақыттағы әдебиетке келген тың леп, жаңа толқын – Ө.
Тұрманжанов, Ә.Тәжібаев, А.Тоқмағанбетов, Қ.Әбдіқадыров, Т.Жароков,
Ғ.Орманов, Ж.Сыздықов, С.Дөнентаевтардың да шығармаларына сыни
пікір білдіріп, кенжелеп қалған қазақ әдебиеттануының дамуына өз
үлесін қосады. Ө.Тұрманжанов, Ж.Сыздықов өлеңдерінің көбіне
әлеуметтік тақырыптарға жазатындығын, ауыл тұрмысындағы жаңалықты,
әйел теңдігін, армия өмірін, жер бөліс, ірі байларды конфескелеу,
колхозға ұйымдастыру тәрізді оқиғалардың өлеңге арқау болғанын айту
арқылы сол дәуірдегі тарихи оқиғаларды бүгінгі оқырманға талдап
көрсетеді. Сондай-ақ, жалаң сипаттап өтпей, қатаң сын-ескертпелер де
айтып отырған. “Сыздықов поэзиясына тән кемшілік: сөзді мағынасына-
мәніне қарамай қалай болса солай қоя салушылық, шұбыртпалылық,
кейде газет хабарлары сияқты етіп баяндаушылық. Мұндай кемшілік
басқа ақындарда да бар, бірақ, Сыздықов өлеңдерінде бұл кемшілік
жиірек байқалып, көзге айқынырақ шалынады”,– деп, сөз өнерінің таза,
көркем болуына аса зер салған С.Сейітов кемшілікті тіке айтады[37,23] .
Ал «Асқар Тоқмағанбетов шығармалары сол дәуірдің күнделікті
оқиғаларына үн қосу ретінде туады да, тақырып жағынан әр алуан
болып келеді», – дейді. Жаңа өмірге аяқ басқан кедей, өзінің адамдық
правосын қорғау жолында көмек күткен бейне, солдат образы сияқты
36
мәселелер қозғалады. Оның “Бәтиманың хаты”, “Ағасының жауабы”,
“Біздің Сәуле”, “Тап қорғаны” сияқты өлеңдеріне тоқталады. Сонымен
бірге ақынның сықақ өлеңдер жинағына салмақты ой-пікір білдіреді. Ол
“Күлкі, сықақ өлеңдер” деген атпен 1929 жылы жарық көрген болатын.
Сол кезеңдегі кедей шаруаның бейнесін көтеру партиялық принцип
болғандықтан, әдебиет қайраткерлері өз шығармаларына жұмысшы
табының бейнесін жасау арқылы, халық бейнесін танытқаны тарихтан
белгілі. Сондай ақындарымыздың бірі Қалмақан Әбдіқадыров
шығармаларына да өз пайымдауын білдірген С. Сейітов былай дейді:
“Әбдіқадыровтың
жиырмасыншы
жылдардағы
поэзиялық
шығармаларының негізгі мазмұны не дегенде, жалшы өмірі деп жауап
берер едік. Мұны оның өлең аттары да құптар еді: “Жалшы жастар
міндетің”, “Кел, жалшы”, “Жалшылар тобы”, “Жалшы дайын”, “Жалшы
күшейді”, «Жалшы бәрің қаңбақ ең». Оның кейіпкерлері – байларға қарсы
күреске шыққан, тап тартысында шыныққан, жаңа өмір орнатуға
белсене кіріскен жалшы, құлдықтан құтылған азат адам”. Осындай баға
берілген. Әрине, Кеңес кезіндегі қатаң цензураның ықпалында болған
әдебиет үшін мұндай сыңаржақ пікір білдіргені үшін біз бүгін ешкімді
кінәлай алмаймыз. Академик С.Қирабаев: “…дәуірдің қайшылықты
жайларына көңіл аударып, оны әдебиет туындысында көркем бейнелеуге
ұмтылу дәстүрі бізде болған. Оған мысал етіп қазақ еңбекшілерінің
коллективтік шаруашылыққа біріктіру кезеңіндегі бұрмалаушылықтарды,
1931-1932 жылдардағы аштыққа ұшырауын шығармаларына тақырып
еткен С. Сейфуллиннің, І.Жансүгіровтің, Ғ.Мүсіреповтың, Ә.Тәжібаевтің,
Ж.Сыздықовтың шығармаларын еске түсірсек те жеткілікті”,– деген пікірі
осыны қуаттайды [8,23].
Ғалым қазақ поэзиясының дамуына қарқынды үлес қосқан
Ғ.Орманов, Ә.Тәжібаев, И.Байзақов, С.Мұқановтардың сол кездегі
поэзияның көркем түрі – поэмалары туралы толық, терең талдау
жасайды. С.Сейітов бұл еңбегінде поэма жанрын екі салаға бөліп
қарастырады:
Достарыңызбен бөлісу: |