Джакупова Жанар Ерекеевна Неизвестно 4 Шапекова Нэля Лукпановна Декан факультета Əзірлеуші: Колпек Айнагүл, -неизвестно hoa 3213 Химияны оқыту əдістемесі пəні бойынша оқу (модульдік) жұмыс бағдарламасы



Pdf көрінісі
бет51/90
Дата31.01.2023
өлшемі2,22 Mb.
#166960
түріЖұмыс бағдарламасы
1   ...   47   48   49   50   51   52   53   54   ...   90
Байланысты:
umkd 3

Дәріс №15 
 
Оқыту нәтижелерін бақылау және білім мен дағдылардың сапасын болжау. 
Оқушылардың білімін және білігін тексеру
 
Жоспар

1.
Білім мен білікті тексерудің оқу-тәрбиелік маңызы. 
2.
Оқушылардың білімі мен білігін тексеру әдістері мен түрлері. 


Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия 
ұлттық университеті 
Оқу әдістемелік кешен 
Алтыншы 
басылым 
3.
Ауызша сұрақ қою. 
а) Сұрақ қою, жауап беретін оқушыны тыңдау. ә) Оқушының жауап беруге әзірленуі. 
б) Жауапты тыңдау. 
4.
Оқушылардың білімі мен білігін жазбаша тексеру. 
5.
Оқушылардың білімі мен дағдысын эксперименттік тексеру. 
6.
Оқушылардың білімін, білігін және дағдыларын қорытып тексеру және бағалау. 
Білім менбілікті тексерудің оқу-тәрбиелік маңызы. 
Оқытудың нәтижесін шығару – 
оқыту барысындағы аса маңызды бөлік. Оқыту мақсатының орындалуы, мазмұны, құралдары, 
әдістері және ұйымдастыру формаларының тиімділігі оқушылардың білімі мен білігін тексеру 
арқылы анықталады. Тұтасынан алғандағы оқытудың барысы тәрәздә білім мен білікті тексеру 
де үйрену, тәрбие беру және оқушылардың ақыл-ойын дамыту мақсаттарын көздейді. 
Оқушылардың білімі мен білігін тексеру арқылы мұғалім өз ісіне талдау жасайды, қол 
жеткен табыстарын молайтып, жіберген кемшіліктерінің себебін ашуға ұмтылады. 
Оқыту мазмұнына, ұйымдастыру формаларына, құралдары мен әдістеріне өзгерістер енгізеді, 
жетілдіреді. 
Жүйелі жүргізілген тексеру оқушыларды әр сабаққа әзірленіп келуге машықтандырады, 
өз ісіне деген жауапкершілігін арттырады, жолдастарының алдында есеп беруге, өз ойын анық 
және дәл жеткізіп сөйлей білуге үйретеді. 
Білім мен білігін күнделікті, тоқсандық жылдық және қорытынды тексеру арқылы 
оқушылар сыныптан сыныпқа көшіріледі, мектеп бітіру емтихандарында сыналады. 
Сонымен оқушылардың білімін, білігін тексеру мен бағалау бақылау, оқыту, тәрбиелеу 
міндеттерін ақаруды қамтиды және дағдысые тексеру дидактикалық жағынан алғанда бақылау, 
үйрету, бағдарлау және тәрбиелеу міндеттерін атқарады. Мұғалім оқытудың әр кезеңінде 
оқушылардың өтілген материалды қалай меңгергенін бақылайды. Бақылау нәтижесін талдау 
арқылы оқушыға бағыт-бағдар нұсқайды, білім алу жолындағы мақсатын орындауда қажырлы, 
адал және шыншыл болуға тәрбиелейді. 
Тексерудің үйрету міндеттерін дамылсыз жүзеге асады. Жаңа материалды түсіндіру үшін 
мұғалім оқушылардың бұрынан білетіндерін есепке алады.Түсіндіріп болғаннан кейін жаңа 
материалдың негізгі мәселелерін оқушылардың қалай игергенін қадағалайды. Білім тексеру 
кезінде оқушылардың еске сақтауын, қисынды ойлауын, сөйлеу мәдениетін дамытуға тірек 
хабарларын, сызба-нұсқалар сыздыру арқылы ой еңбегінің техникалық тәсілдерін 
қалыптастыруға, есептер шығару арқылы алған білімді қолдана білуге дағдыландырады. 
Бақылау, бағдарлау, үйрету және тәрбие беру міндеттерін ойдағыдай жүзеге асыру үшін 
білім мен білікті тексеруге бірнеше талап қойылады. 
Тексеру оқушылардың барлығын толық қамтитын болуы керек. Сонда өтілген жеке 
тақырып бойынша әр оқушының білімін нақтылы анықталады . 
Тексеру жүйелі және жоспарлы түрде асырылуы тиіс. Тексеру үшін қажетті 
дидактикалық және техникалық құралдар, тексеру әдістері мен түрлері материалдың мазмұнына 
сәйкесалдын ала әзірленеді. 
Тексерудің оқушыларды ынталандыратын, өз күшіне сенімін арттыратын сипаты болу 
керек. Оқушылар тексерудің қажеттігі мен пайдасын мойындайтын дәрежеге дейін көтеріліп, 
өзін - өзі бақылайтын, өз ісіне сын көзімен қарайтын күйге келуі тиіс. Ізгілік пен 
демократияландыру тұрғысынан алғанда бұл аса маңызды талаптардың бірі. 
Тексерудің түрлері мен әдістері әр мұғалім жүзеге асыра алатындай қарапайым және 
оңтайлы болуы керек. Сонымен бірге білімді тексеру мен бағалау кезінде ақиқаттан 
алыстамаудың, әділеттік пен парасартылықтан айнымаудың тәрбиелік маңызы зор екенін 
айрықша айтпаса болмайды. 






Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   47   48   49   50   51   52   53   54   ...   90




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет